Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
өзін өзі тану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.3 Кб
Скачать

№ 11 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.

Күні:

Тәрбиеші:

Білім салалары: Әлеумет

Ұ.О.І.Ә: Өзін өзі тану

Тақырыбы: Отбасындағы қуаныш

Мақсаты: «Бақыт» , «қуаныш» құндылықтарының мәнін түсіндіру. Міндеттері:

- Отбасында үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету;

- Отбасы мүшелеріне қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту; - Отбасындағы өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:үнтаспа, дәптер, суреттер

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеуді оятушы

Шаттық шеңбері Атамнан басталар, Әжеммен қосталар. Отбасым мыналар; Ең жақын адамдар Әкем мен анам бар, Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар.... Бәрін жақсы көремін Еркелеймін, еремін!

Балалар қол ұстасып, шеңберге тұрып, Е.Өтетілеуовтің «Біздің шаңырақ» өлеңін тәрбиешімен бірге қайталайды.

Ұйымдастыру-іздену

Өзіммен-өзім -Балалар жайланып отырып, көздеріңді жұмып өздеріңнің отбастарыңды, үйлеріңді көз алдарыңа елестетіңдер. Үйіміз қандай әдемі. Бөлмеміз жайлы, жинақы. Бөлмедегі әр нәрсе өз орнына қойылған. Асқар таудай атамыз, мейірімді әжеміз, ақылды әкеміз, қамқор анамыз, ағамыз, әпкеміз, ініміз, қарындасымыз дастархан басына жиналыпты. Бәрі саған мейірлене, сүйіспеншілікке толы көздерімен қарайды. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, көңілді! Көздеріңді жайлап ашып, ойларың, сезімдеріңмен бөлісейік.

Әңгімелеу Тәрбиеші Ә.Табылдының «Арұлан» әңгімесін кідіріс жасап, сұрақ қоя отырып оқып береді. Дәйексөз Арұлан тілалғыш,пысық, әдепті, өнерпаз бала. Осы жақсы қасиеттерімен сүйкімді. Арұлан өзінің сүйкімділігімен, үйде де, балабақшада да өзінің жақсы істерімен, бал тілімен, сыңғырлаған күлкісімен айналасындағыларды баурап алды. « Балалы үй базар» деген сөз осындайдан шыққан болар. Ойын Балаларға өз отбасына сүйіспеншіліктерін білдіріп, айтқызу мақсатында «Менің отбасым» ойынын жүргізеді. Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық, Қарлығаш боп ұшайық. Бір отырып, бір тұрып, Жақсы сергіп қалайық.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалар шеңберге тұрып, кезекпен өзінің отбасы туралы жағымды сөздер айтады.

Өлең

мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасалады.

Рефлексиялық түзету

Балалар, бүгінгі сабағымыз сәтті өтті. Өйткені біз өзіміздің сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге, сыйлауға, құрметтеуге, оларға көмектесуге үйрендік.

Күтілетін нәтижелер:

Білу: Отбасы жайлы

Игеру: Отбасына деген сыйластық

Меңгеру:өзара сыйластыққа тәрбиелеу

27 Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: Тәрбиеші: Білім саласы: «Әлеумет Бөлімі: Өзін өзі тану Тақырыбы: Табиғат – ана. Мақсаты: «Табиғат» құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру. Міндеттері: -Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру; -Табиғатқа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту; -Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері: Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз! Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!

Өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Әңгімелеу Табиғат-Ана (Ертегі) Табиғат – Ананың Жер, Су, Ағаш деген үш ұлы болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат – Ана бір күні ұлдарын шақырып алып: -Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын,-деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға жолға шығыпты. Үшеуі үш жаққа кетңп, адамдарға көп игілікті істер жасапты. Күндердің күнінде үшеуі еліне қайтып оралғанда, аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары: -Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, бұның сыры неде?-дегенде Табиғат-Ана: -Аяулы ұлдарым менің, бұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарында, -деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін, адамдарға адал қызмет етумен келеді екен. Тәрбиеші: -Балалар! Табиғат пен адам бір-бірімен байланыста екен. Адамның табиғатсыз тіршілігі жоқ. Бізді қоршағанның бәрі – табиғат, ол жазира дала, биік таулар,көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар, сондай-ақ жан-жануарлар, аңдар,құстар мен жәндіктер... Ойын-жаттығу «Табиғатпен сырласу» Балалар арасынан «жолбасшы» тағайындалады. Балалар шеңберге бірінің артынан бірі тұрып, жолбасшының қимылын қайталайды. Өзеннен өту. Тауға өрмелеп шығу.

Шалшық сулардан өту. Ормандағы қалың ағаштардың арасынан өту. Ашық алаңға жетіп,қуанып, демалады.

Тәрбиеші әңгімесін мұқият тыңдап отырады.

Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

«Табиғат –Ана» деп халқымыз бекер айтпаған. Сол себепті табиғатты, қоршаған ортаны қорғап,қамқорлық көрсетіп, аяласақ,ол біздің Отанды, елімізді, туған жерімізді қорғағанымыз екен.

Күтілетін нәтиже: Біледі: Табиғат пен адамдар арсындағы байланысты. Игереді: Табиғатқа деген қамқорлық көрсетуді. Меңгереді: Әңгімені мұқият тыңдап түсінеді.

29 Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: Тәрбиеші: Білім саласы: «Әлеумет Бөлімі: Өзін өзі тану Тақырыбы: Табиғат және адам Мақсаты: Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін бекіту. Міндеттері: -Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру; -Табиғатқа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту; -Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері: -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерді бүгін таза ауада табиғат аясына серуендеуге шақырамын. -Серуенімізді күндегідей шаттық шеңберінен бастайық. Айналаға қарап, табиғаттың сұлулығын сезінейік. Балалар тәрбиешімен төмендегі өлең жолдарын бірігіп қайталайды. Аспан түрді түндігін Жерге сәуле жайылды. Неткен ашық күн бүгін, Қайырлы таң, қайырлы!

Өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ойын: «Табиғатқа қалай көмектесе аламын» Алаңда балалар тұратын бірнеше шеңберлер сызылады. Белгі бойынша балалар бірінші шеңберден екінші шеңберге жүгіріп кірулері тиіс. Ойында жүргізуші балаларды ұстап алуы тиіс. Ұсталып қалған бала сұрақтарға жауап береді. Судағы жәндіктерге қалай көмектесе аласың? Ауа таза болу үшін не істеу керек? Су мөлдір болу үшін не істеу керек? Ағаштарға қалай көмектесе аласың? Гүлдерге қалай көмектесе аласың? -Бүгін біз тек табиғаттың сұлулығын тамашалап қана қоймай, Табиғат-Анамызға көмектесейік. Қояндар,Тиіндер, Түлкілер тобына бөлінейік. Әр топ өзінің ісімен айналысады: айналаны тазалайды, ағаштарды суарады, гүлдердің түбін қопсытады және т.б. Тәрбиеші топтарға құрал-жабдықтарды таратып береді. Жұмыс аяқталған соң Табиғат-Анаға көмектескендері үшін тәрбиеші балаларға рақмет айтады. Ғажайып сөздер Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерін қайталап айтады. Табиғат- айнала қоршаған әлем. Адамдар – табиғат бөлшегі.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Балалар сұрақтарға білгендерінше жауап береді.

Тәрбиешімен бірге қайталап айтады.

Рефлексиялық-түзетушілік

  • Бүгін біз адамның табиғатқа қамқорлық қатынасы жайлы әңгімеледік. Табиғат-Анаға көмектесуді үйрендік.Табиғат – барлық адамдардың ортақ үйі. Біз табиғатты аялаймыз. Табиғат бізге қуаныш сыйлайды, ал біз болсақ оған ризашылығымызды білдіреміз. Біз табиғатты ластамаймыз, оны күтіп, баптап, сүйіспеншілікпен қараймыз.

Балалар тәрбиешіге қосылып не үйренгендерін айтып отырады.

Күтілетін нәтиже: Біледі: Табиғат пен адамдар арсындағы байланысты. Игереді: Табиғатқа деген қамқорлық көрсетуді. Меңгереді: Әңгімені мұқият тыңдап түсінеді.

4 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

Күні:

Тәрбиеші:

Білім салалары: «Әлеумет

Ұ.О.І.Ә: «Өзін-өзі тану».

Тақырыбы: «Менің есімім»

Мақсаты: Әрбір баланың қайталанбайтын жеке тұлға екендігін ұғындыру.Адамның есімі, оның адамға қандай міндеттер жүктейтіні туралы түсінік беру. Өз-ара жағымды қарым-қатнас жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру,ойындар, сұрақ-жауаптар.

Көрнекі құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше »

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-оятушы

-Қайырлы күн, балалар! Мен сендермен кесдескеніме қуаныштымын. Қанеки, бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып, бір-бірімізге мақтау айтып, қуаныш сыйлап көрейікші.Ол үшін бір-бірімізге қарама-қарсы тұрайық! Шын жүректен бір-бірімізге мақтау сөз айтайық.

Амандасады. Бір-біріне қарам-қарсы тұрып, жақсы тілектер айтады.

Ұйымдастыру-іздену

-Балалар, бүгін тағы да көпшілік қауыммен танысуға мейірімділік, ізгілікті бөлісуге мүмкіндік туып тұр. Әрқайсысыңыз өз есімдеріңді айтып, есімдеріңнің бас әріпіне сай келетін өз бойларыңдағы жағымды қасиеттерді атайсыңдар, ол біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін. Ал іске сәт, бастайық, балалар.

Әңгімелесу. Балалар, сендер өз есімдерің жайлы ойланып көрдіңдер ме?

Есімдерің өздерің ұнай ма?

Сендерге бұл есімді кім қойғанын білесіңдер ме?

Балаларға адам есімінің сырын ұғындыру мақсатында төмендегі мәтіндерді оқып береді. Мәтін желісі бойынша сұрақтар қояды.

ӘЙБАТ ЕСІМДЕР

Бақыт, Бейбіт, Тынышбек,

Гұлнұр, Аққу, Ырысбек,

Қайрат, Мира, Еламан,

Сәуле, Шуақ, Құрышбек,

Көңілге түй сен мұны

Әр бүлдіршін - өз гүлі

Бақытты елде туғаның

Есіміңнен белгілі.

Ойын « мадақтау»

Балалар төмендегідей жұптасып тұрады.

-үлкен мен кіші

-ата мен бала

-әже мен бала

-апа мен бала

-әке мен бала

-іні мен қарындас, т.б. болып бір – бірінің көздеріне қарап, бір-бірін мадақтап, жылы сөздер айтады.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз.

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Біздер тату баламыз

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жүректен-жүрекке

Тәрбиеші балларды шеңберге жинайды. Балалар бір-біріне есімдерін айта отырып, жақсы тілектерін білдіреді.

Балалар үлкен шеңбер жасап тұрады да, әр бала өз есімін айтып, есімінің бас әрпіне сай (мысалы; Абзал – адал, Дархан – дарынды, Ғазиз – ғибратты, Ардақ – ақылды, т.с.с.) жағымды (сын есім болуы керек) сөз айтып басқа балаларға да осындай жақсы қасиетті тілейді.

Иә, ұнайды.

Атам, әжем, әкем, анам қойған.

Өлеңді зейін қойып тыңдап отырады.

Сұрақтарға жауап береді.

Қызығушылықпен ойын ойнайды.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

-Дана, саған бақыт тілеймін.

-Бауыржан саған денсаулық тілеймін.

-Аружан, саған ұзақ бақытты ғұмыр тілеймін!

-Әділ, саған мол табыс тілеймін.

-Саяна, саған, қуаныш тілеймін.

-Ануар, саған доятық тілеймін.

Рефлексивті - түзету

Суреттегі жұлдызшаларға үлкендердің көмегімен өз есімдеріңді жазыңдар.

Дәйексөз. «Жұлдыздарың жоғары болсын! Деген нақыл сөзді тәрбиеші бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

Күтілген нәтижелер:

Білу керек: Әрбір баланың қайталанбайтын жеке тұлға екендігін

Игеру: Адамның есімі бір мағынаны білдіретінін

Меңгеру: . Өз-ара жағымды қарым-қатнас жасауға

6 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

Күні:

Тәрбиеші:

Білім салалары: «Әлеумет

Ұ.О.І.Ә: «Өзін-өзі тану».

Тақырыбы: Менің сезімдерім.

Мақсаты: Адамның сезімдері, оның адамға тигізетін әсері туралы түсінік беру.Бала бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру,ойындар, сұрақ-жауаптар.

Көрнекі құралдар: Дәптер, үнтаспа, ойынға қажетті құралдар

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-оятушы

Қайырлы күн деп айтамыз, Кеште бірге қайтамыз. Отбасының гүліміз, Бірге өтер күніміз. Тобымыз тап - таза, Борда дайын тақтада. Ойымызды жинақтап, Отырайық партаға.

Бір-біріне сәттілік тілейді.

Ұйымдастыру-іздену

Бүгін көңіл күйлерің қалай?

Адамның неліктен көңіл күйі өзгереді?

Балалар бүгін біз адамдардың көңіл күйі, сезімдері туралы әңгімелесеміз. Адам сезімдері арқылы айнала қоршаған ортадағы дүниелер құбылыстардың адамға әсерін сезініп, байқап қабылдайды. Адамның сезімі оның көңіл күйіне, ниетіне байланысты әр түрлі көрініс береді. Яғні, адамның сезімі өзіне, басқа адамдарға айналасындағы дүниіеге қатынасын бейнелеп тұрады.

Сұрақтар бойынша балалардың жауаптарын тыңдайды, тәрбиеші балаларға төмендегі өлеңді мәнерлеп оқып береді.

ӘДЕПТІЛІК ӘЛЕМІ

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ-табақты

Ойын ойнап жіберейік, «КӨКПАР» қимылды ойын.

«Жақсы көңіл күй сыйлаймыз.

Балалар жұптасып тұрады.

Жақсы.

-үлкен мен кіші

-ата мен бала

-әже мен бала

-ана мен бала

-әке мен бала

Іні мен қарындас. Т.б.болып бір-бірінің көңіл күйін көтеру үшін бір-бірін мадақтап, жылы сөздер айтады.

Рефлексивті - түзету

Қандай өнегелі сөздер үйрендіңдер?

Жарайсыңдар, балалар, сендер өте тамаша, белсенді сабаққа қатыстыңдар.

Рахмет сендерге

-Көңіл күйіңді басқара біл!

-Сезімтал бол!

Жақсы көңіл күй жанды жадыратады.

Күтілген нәтижелер:

Білу керек: Адамның сезімдері, оның адамға тигізетін әсері туралы

Игеру: Өз бойындағы жақсы қасиеттерді көрсете білуді

Меңгеру: Өнегелі сөздерді