Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
өзін өзі тану.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.3 Кб
Скачать

№ 7 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.

Күні:

Тәрбиеші:

Білім салалары: Әлеумет

Ұ.О.І.Ә: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Мен қамқор баламын

Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері: -Қамқорлық ұғымы туралы түсінік беру -қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту -қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеуді оятушы

Шаттық шебері -Зарина, күндей күліп жүр (күннің суреті) -Назым, гүлдей әдемі бол (гүлдің суреті) - Жанел,судай таза бол (судың суреті) -Ағаштай, мықты бол (ағаштың суреті)

Балалар шеңбер құрып тұрады. Әр түрлі суреттері бар карточкалар (су, күн, ағаш, т.б)үлестіріліп беріліп, әркім өз суретіне сәйкес көршісіне жылы тілектерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздену

Әңгімелесу - «Қамқорлық деген сөзді қалай түсінесіңдер? - Бізге үйде, балабақшада кімдер қамқорлық көрсетеді? -Сендер кімдерге қамқорлық жасай аласыңдар? Әңгімелеу Жәй ғана әжей Жолда ұл мен қыз келе жатты. Олардың алдында бір әжей келе жатқан. Жол өте тайғанақ еді. Әжей тайғанап құлап түсті. -Менің кітаптарымды ұстай тұршы! – ұл, қасындағы қызға сөмкесін берді де, өзі көмектесуге ұмтылды. Ол қайтып келген, қыз одан: -Ол сенің әжең бе?-деп сұрады. -Жоқ, деп жауап берді бала. -Анаң ба?-деп таңғалды қыз. -Жоқ! -Тәтең бе? Әлде танысың ба? -Олай да емес!-деп жауап қайтарды бала. -Ол жәй ғана әжей ғой! Үлкен кісілерге көмек беріп, сый-құрмет көрсеткен жөн емеспе!? Тәрбиеші -Әңгімедегі балалар туралы не айта алар едіңдер? -Ұл баланы әдепті, тәрбиелі деп айта аламыз ба? -Осындай жағдайда өздерің болсаңдар не істер едіңдер? Сергіту сәті Балалар Ө. Ақыпбековтың «Сәлем берем үлкенге» өлеңін әр түрлі қимыл қозғалыс жасап айтады. Сәлем берем үлкенге Көшелерден біз өткен, Ата көрсем жақын кеп, Сәлем берем ізетпен: «Ассалаумағалейкум!» -деп. Алда әже жолықса, Бөгелем де әдейлее, Сәлемдесем сол тұста: «Есенсіз бе,әжей?-деп. Кім кезіксе көшеде, Таныс емес демеймін, «Аға, тәте, көкеге, Сәлеметсіз бе?»-деймін. Ойын-жаттығу «Мен қамқор баламын»

Балалар өз қалауы бойынша үстел үстіндегі түрлі суреттердің (әжей, ата, ана, әке, іні, қарындас, аға, ағаш, гүл, мысық, т.б) ішінен біреуін таңдап алып, оған қандай қамқорлық көрсететінін айтады.

-Жақсылық жасап, бір-біріне көмектесетін адамдарды қамқор адамдар дейміз. Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес, жасаған қайырымды ісінен танимыз. Әңгімені мұқият тыңдады. Балалардың жауаптары.

(бір адым алдыға) (бір адым алдыға) (басын иіу) (екі алақандарын

бір-біріне түйістіру) (екі қолымен көрсету)

(басын иіу) (екі қолын жаю) (саусағымен қозғалту) (екі қолын бұлғап) (қолын жүрегіне қойып)

Рефлексиялық түзету

Қорытындылау -Біз бүгін үлкендерге, кішілерге, қол ұшын беріп, қамқор болуға үйрендік. Жасаған қамқорлығымыз, қайырымымыз, көмегіміз ешқашан ізсіз кетпейді. Қайта соның бәрі өзімізге жақсылық болып оралады. Жақсылықты риясыз жасағн дұрыс.

Күтілетін нәтижелер:

Білу: «Қамқорлық» ұғымының мағынасын

Игеру: Қамқорлық жасай білуді

Меңгеру: Қамқорлық жасай білу дағдыларын