- •№2 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 3 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№5 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 9 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№10 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№14 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№15 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 16 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 17 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№19 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№21 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 23 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 7 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 11 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 18 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •№ 20 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
- •Күтілетін нәтижелер:
№2 Ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы.
Күні:
Тәрбиеші:
Білім салалары: Әлеумет
Ұ.О.І.Ә: Өзін-өзі тану
Тақырыбы:Адам болам десеңіз.
Мақсаты: «адамгершілік» «жақсы адам» ұғымдарының мағынасын түіснідіру.
Міндеттері:
-адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту.
-бала бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету.
-жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, суреттер, хрестоматия.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеуді оятушы |
Шаттық шеңбері Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырып, оны төмендегідей мазмұнда бастау: -Қайырлы күн балалар, күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қунаыштымын. Қараңдаршы бәрін сондай қунашыты, бір біріне күліп қарап, жайдары, ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын. «Жақсы сөз жанды жадыратар»- демекші біз бүгін бір-біріміге мақтау айтайық. |
Балалардың жауаптары.
|
Ұйымдастыру-іздену |
Әңгімелесу.
Әңгімелеу. В.Осеевтің «Үш ұл» әңгімесін оқып беру. Әңгіме бойынша қойылатын сұрақтар:
Дәйексөз. «Жақсы бала-қуаныш». Тыныштық сәті: -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Ойын: «Белсенділік жаттығуы». Тапсырма: -Үлпілдек мақта -Ақша қар -Піскен, ыстық картоп -Ыстық тәрелкідегі сорпа -Кесе толы су -Бір уыс тары -Сабағы тікен райхан гүлі -Домалақ жіп -Темір ыдыстағы ыстық кофе -Сулы сабын -Нәресте -Қозы Дәптермен жұмыс -Сурет бойынша әңгімелеп беру.
|
Сыйласу керек, адамдарды құрметтеу керек, көмектесу керек, қамқорлық көрсету керек, барлығын жақсы көру керек.
Балалардың жауаптары.
Балалар тыныштық сәтінде көздерін жұмып, тыныштық сәтін орындайды.
Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешімен берген тапсырмаларын әр түрлі қимлмен, ыммен көрсетеді. |
Рефлексиялық түзету |
Қортындылау: -Бүгінгі сабақта біз адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласын, сүйіспеншілігін, мейірімділігін, қамқорлығын сөз еттік. Адамдарға сүйіспеншілік танытып, табиғатқа, қоршаған ортаға қамқолық көрсету нағыз жақсы адамға тән қасиет екендігін ұғындық. Жүректен жүрекке. «Атамның өсиеті» әні. |
Балалар шеңбер бойына жиналып, тәрбиешімен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды. |
Күтілетін нәтижелер:
Білу: адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту
Игеру: бала бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету
Меңгеру: жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.
