Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВБ№1 метод.пос.2012 каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
393.73 Кб
Скачать

Диагностикасы

  • кенеттен есінен тану, тартылулар;

  • тынысының тоқтауы немесе агониялық тыныстардың болуы (сирек, минутына 6 ретке дейін қырылдап тыныстану);

  • ірі тамырлар соғысының, жүрек тондары мен АҚ жоғалулары (ұйқы, сан артериялары);

  • көз қарашықтарының кеңеюі;

  • өңінің көгеріп бозаруы;

  • ЭКГ-да қарыншалар фибрилляциясы немесе асистолия белгілері тіркелуі.

Жүрек тоқтауының клиникалық диагнозын қою қиын емес: тамырлар соғысы жоғалады, адам есінен танады, одан кейін тынысы тоқтайды және көз қарашықтары кеңейеді. Осындай кезде ЭКГ тоспай-ақ реанимациялық шараларды бастай берген жөн.

Жедел жәрдем

  1. Қанайналымы мен тынысты аздап болса да қолдауға мұрсат беретін реанимациялық шаралар.

  2. Жүректің синустық ырғағын қалпына келтіру.

  3. Постреанимациялық синдромды емдеу.

  4. Қарыншалар фибрилляциясы қайталануының алдын алу.

Алғашқы дәрігерлік көмек

  • Прекардиялық аумақты жұдырықпен ұрғылау.

  • Жүректің жабық массажы мен өкпені жасанды желдендіру.

  • Электрлік дефибрилляция (ЭДФ).

  • Жедел жәрдем емінің тиімді болуына уақытты ұта білу мен техникалық тұрғыдан іс-шараларды дұрыс және ретімен орындай алудың маңызы зор. Реанимацияның күттірмейтін (дәрігерге дейінгі) фазасы онымен таныс кез-келген адаммен бастай берілуі тиіс. Осы шаралардың ұтымды реттілігі «АВС» ережесіне сай үш тәсілден тұрады:

  • Aire way open (ауаға жол ашу) – тыныс жолдарының өтімділігін қалпына келтіру.

  • Breath bor vinetim (пациент үшін тыныс алу) – өкпенің желдендіруін қалпына келтіру.

  • Circulaition on his blood (қан айналымы) – қан айналымын қалпына келтіру.

Тыныс жолдарының өтімділігін қалпына келтіру

Тез жасалуы тиіс, адамның басын шалқайтқанда тілдің түбі алдыға жылжиды да көмейдегі тыныс жолы ашылады.

Өкпенің желдендіруін қалпына келтіру

«Ауыздан ауызға», «Ауыздан танауға» тәсілдерін жасау оңай. «Ауыздан ауызға» тәсілінде адамның басын шалқайтады да төменгі иегін алдыға жылжытады, кеудесін ауаға толтырған көмек беруші адам пациенттің аузына толықтауаны үрлеп жібереді. Одан соң пациенттің ауызан босатады, сол кезде оның тыныс шығаруы өздігінен болады. Осындай іс-шараларды ірбір 5 секунд сайын қайталайды. Жасанды тыныстандыру кезінде пациенттің кеудесі керіліп, содан соң басылуы тиіс.

Қан айналымын қалпына келтіру

Ол үшін жүректің жабық массажы жасалады. Ол өкпені жасанды тыныстандырумен бірге жасалады. Пациентті қатты және тегіс жерге жатқызады да көмек беруші адам алақанының түбін оның төсінің төменгі бөлігіне төстің ұзына бойына параллельді түрде, ал келесі алақанының түбі алдыңғының үстіне қойылады. Егер реанимацияны 1 адам жасаса, онда тыныстандыру мен жүрек массажының қатынасы 2:15 болуы тиіс (15 массаж + 2 тыныстандыру). Егер 2 адам жасаса, онда 5 рет жүрек массажы + 1 тыныстандыру жасалуы тиіс. Реанимацияның тиімділігін қадағалау үшін ірі артериялар соғыстарын, ең дұрысы көз қарашығының өзгерулерін тексеріп отыру керек. Егер шара тиімді болса, онда мидың қанайналымы қалпына келеді де көз қарашықтары тарылады. Өзгермей кеңіген көз қарашықтары биологиялық өлімді білдіреді.

Қарыншалар фибрилляциясы кезіндегі жедел жәрдем:

Осы кездегі ең және жалғыз тиімді әдіске электрлік дефибрил-ляция жатады. Дефибриллятор болмаған кезде басқа шаралар тиімсіз. Миокард инфаркты кезіндегі тез жасалған электрлік дефибрилляция-ның тиімділігі 90% жуық. Алдымен 200 дж (5 кВ) қуат беріледі, тиімсіз болса тез арада қуатын 300-400 дж (6-7 кВ) дейін көтеріп бірнеше рет қайталайды. Егер онда да көмек болмаса, онда барлық реанимациялық іс-шараларды жалғастыра отырып әрбір 5 минут сайын электрлік дефибрилляцияны қайталайды, жүрек ішіне не венаға 1 мг-нан адреналин егеді. Рефрактерлі фибрилляция кезінде адрена-линнен басқа 100 мг-нан лидокаинді қайталап егеді, егер көмек болмаса, онда–новокаинамид, кордарон қолданады (Алгоритм 1).

Алгоритм 1

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]