- •Шаханов Тұңғышхан Егізхан ұлы
- •Жөр жүректік-өкпелік реанимация
- •Тж тыныс жиілігі
- •Мазмұны
- •Жүректің жіті жетіспеушілігі
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Өатэ кезіндегі жедел жәрдем:
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (өатэ) Диагностикасы.
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Жіті коронарлық синдром (жкс)
- •Жкс болуының клиникалық және экг-лық критерийлері
- •Миокард инфарктының биомаркерлері (тромболизистік дәрілерді қолданбаған кездегі миокард инфарктына ғана сәйкес келеді)
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік және тасымалдануы
- •Кардиогенді шок Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Кенеттен жүректік қаза болу
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Алғашқы дәрігерлік көмек
- •Қан айналымын қалпына келтіру
- •Қарыншалар фибрилляциясын (қф) не қарыншалардың пульсі жоғалған тұрақты тахикардиясын (қт) емдеу алгоритмі
- •Асистолия кезіндегі негізгі реанимациялық шаралар:
- •Асистолия кезінде дәрігердің тактикасы
- •Жіті бұзылыстары
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Жыпылық аритмиясының пароксизмдік түрі Диагностикасы
- •Жедел жәрдемі
- •Қарыншалық тахикардия Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Қарыншалық экстрасистолия
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Моргань – Адамс – Стокс ұстамасы дамыған брадиаритмиялар Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Атриовентрикулярлы блокадалар
- •Толық ав-блокадасының диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Гипертониялық криз
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Гк дифференциялы емі
- •Гипертониялық кризді тойтару
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Бронх демікпесі
- •Диагностикасы.
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Спонтанды пневмоторакс
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Өкпеден қан кету
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік
- •Тесттік тапсырмалар
- •Тесттік тапсырмаларға жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Шаханов Тұңғышхан Егізхан ұлы
Жүректің жіті жетіспеушілігі
Миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеуінен, жүректің систолалық және минуттық көлемдерінің азаюы салдарынан дамитын жүректің жіті жетіспеушілігі бірнеше өте ауыр клиникалық синдромдармен – кардиогенді шок, өкпе шемені, жіті декомпенсациялық өкпетекті жүрек және т.б. – көрінеді.
Жүректің жіті жетіспеушілігі мынадай жағдайларда дамиды:
– миокардта инфаркттың (өте жиі себебі), қабынулық пен дистрофиялық аурулары, миокардтың диастолалық және/немесе систолалық функцияларының бұзылулары, сол сияқты тахикардиялар,мен тахи- және брадиаритмиялар;
– қан ағымына қарсыластықтың тез артуы (қолқада – гипертониялық кризден; өкпе артериясында - тромбоэмболиядан) немесе қан көлемінің артуы (айналымдағы қан көлемінің артуы, көп инфузия кезінде) салдарынан жүректің сәйкес бөліктерінің миокардына кенеттен күш түсуі;
– қарыншалық перденің жыртылуынан не қолқалық, митралды және трикуспидалы жетіспеушіліктердің (перделік инфаркт, емізікше етінің үзілуі, жарналардың тесілуіне әкелетін бактериялық эндокардит, хорданың жыртылуы, жарақаттар) дамуынан болатын жүрекішілік қан айналымының жіті бұзылыстары;
– жүрек ақауларынан кардиосклероз бен кардиомиопатиялардан дамитын жүректің сүлелі жетіспеушілігіндегі декомпенсацияға ұшыраған миокардқа артық күш түсу (физикалық не психикалық-эмоциялық күш түсулер, жатқан кезде қанның көп іркілуі, т.б.).
Диагностикасы
Жүректің жіті жетіспеушілігінің ең тұрақты белгісі ретінде (тек синус түйінінің әлсіздігі, АВ толық блокада немесе рефлекторлық синусты брадикардия жоқ кезде ғана) синусты тахикардияны айтуға болады; оған жүрек шегінің солға не оңға кеңігені мен жүрек ұшы немесе төстің төменгі ұшында III тонның пайда болуы тән.
Жүректің сол қарыншалық жіті жетіспеушілігін анықтауда мыналар маңызды:
– демігуге дейін асқынатын әртүрлі деңгейдегі ентігу,
– құрғақ не көпіршіген қақырықты ұстамалы жөтел, ауызы мен танаудан көбіктің ағуы,
– ортопноэ,
– кеуденің төменгі бөліктерінде естілетін ылғалды сырылдар; ал ошақты ұсақ көпіршікті сырылдар жүрек демікпесіне тән болады; өкпенің айқын шеменінде тарлық алаңдарда және қасында тұрғанда да ірі көпіршікті сырылдар естіледі.
Жүректің оң қарыншалық жіті жетіспеушілігін анықтауда мыналар маңызды:
– мойын веналарының білеуленулері мен бауырдың ұлғаюы,
– Куссмауль симптомы (тынысты ішке алғанда мойын веналарының білеуленулері),
– оң жақ қабырға астында қарқынды ауырсынулар,
– ЭКГ-да оң қарыншаға тез күш түсу белгілері (тип S1-Q3 типі, возрастание зубца VI,II тіркемелерінде R тісшесінің ұлғаюы, V4-6 тіркемелерінде терең S тісшесінің болуы, STI,II,aVL депрессиясы мен STIII,aVF мен V1,2 тіркемелерінде жоғары болуы; Гисс шоғырының оң аяқшасында блокада мен III, aVF, V1-4 тіркемелерінде теріс Т тісшесінің дамуы мүмкін.
Жедел жәрдем
Жүректің жіті жетіспеушілігінің кез-келген клиникалық вариантында осы асқынуды тудырған дерттік жағдайды тез арада тойтару қажет:
Пациенттің қалпы:
тоқырау белгілері айқын кезде басы мен кеудесін жоғары көтеру,
өкпе шеменінің айқын кезінде –
аяқтарын төмен түсіріп отырғызу,
ылғалданған О2-мен танау катетері арқылы тыныстандыру,
көбіктенуді басу: спирттің буымен ингаляция жасау,
1 мл 1% морфинді 20 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде венаға егу,
миокард инфарктында –
нитроглицеринді тіл астына салу,
диуретиктер: фуросемид 20–80 мг венаға егу (шокта, гиповолемияда, анурияда қолдануға болмайды),
бронхообструкцияда – сальбутамол 200 мг аэрозоль не небулайзер арқылы ингаляциясы 2,5 мг 5–10 минут арасында,
дезагреганттар мен антикоагулянттарды қолдану қажеттігін анықтау,
артериялық гипотонияда – катехоламиндермен инотропты вазопрессорлық емді бастау: 400 мг допаминді 250 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде венаға тамшылап егу.
