- •Шаханов Тұңғышхан Егізхан ұлы
- •Жөр жүректік-өкпелік реанимация
- •Тж тыныс жиілігі
- •Мазмұны
- •Жүректің жіті жетіспеушілігі
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (өатэ) Диагностикасы.
- •Өатэ кезіндегі жедел жәрдем:
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Жіті коронарлық синдром (жкс)
- •Жкс болуының клиникалық және экг-лық критерийлері
- •Миокард инфарктының биомаркерлері (тромболизистік дәрілерді қолданбаған кездегі миокард инфарктына ғана сәйкес келеді)
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік және тасымалдануы
- •Кардиогенді шок Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Кенеттен жүректік қаза болу
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Алғашқы дәрігерлік көмек
- •Қан айналымын қалпына келтіру
- •Қарыншалар фибрилляциясын (қф) не қарыншалардың пульсі жоғалған тұрақты тахикардиясын (қт) емдеу алгоритмі
- •Асистолия кезіндегі негізгі реанимациялық шаралар:
- •Асистолия кезінде дәрігердің тактикасы
- •Жіті бұзылыстары
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Жыпылық аритмиясының пароксизмдік түрі Диагностикасы
- •Жедел жәрдемі
- •Қарыншалық тахикардия Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Қарыншалық экстрасистолия
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Моргань – Адамс – Стокс ұстамасы дамыған брадиаритмиялар Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Атриовентрикулярлы блокадалар
- •Толық ав-блокадасының диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Гипертониялық криз
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Гк дифференциялы емі
- •Гипертониялық кризді тойтару
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Бронх демікпесі
- •Диагностикасы.
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Спонтанды пневмоторакс
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Өкпеден қан кету
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік
- •Тесттік тапсырмалар
- •Тесттік тапсырмаларға жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Шаханов Тұңғышхан Егізхан ұлы
Госпитализацияға қажеттілік.
ӨАТЭ күдік туған кезде барлық пациенттерді реанимациялық бөлімге немесе тамырлар хирургиясы бар стационарға жатқызады. Тасымалдануы тек жатқызып және бас жағы биік күйде, мүмкіндігіне қарай реанимобильде жүргізілуі тиіс.
Жіті коронарлық синдром (жкс)
ЖКС – миокардтың жіті инфаркты немесе тұрақсыз стенокардияға күдік тудыратын клиникалық симптомдардың кез-келген қосарлануларын айтады. Бұл синдромға миокардтың жіті инфаркты, ST сегментінің көтерілуімен болатын миокард инфаркты, ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфаркты, тек ферменттердің деңгейлері бойынша анықталған миокард инфаркты, биомаркерлер деңгейлері бойынша анықталған миокард инфаркты, ЭКГ-ның кеш байқалатын өзгерістері бойынша анықталған миокард инфаркты, тұрақсыз стенокардия (ТзС) жатады (№1 кесте).
Кесте 1.
Жкс болуының клиникалық және экг-лық критерийлері
Крите-рийлер |
Жоғарғы (ең бол-маса осылардың бір белгісі болса) |
Аралық (жоғарғы кри-терийлерсіз ең болмаса осылардың бір белгісі болса) |
Төменгі (жоғарғы не аралық крите-рийлерсіз ең болмаса осылардың бір белгісі болса) |
Анамнез |
Кеудесінде, сол қолында ауырсыну-лар(дискомфорт) – (анамнезінде стено-кардия не инфаркты бар адамдарда негізгі симптом орнында) |
Кеудесінде, сол қолын-да ауырсынулар (дис-комфорт) – (негізгі симптом орнында) – жасы > 70; ер адам; қант диабеті бар адам.
|
Аралық критерий болмағанда ауыр-сыну ишемиялық сипатқа ұқсаса; кокаин қолданса.
|
Тексеру нәтижесі |
Митралды регурги-тация шуы, гипотен-зия, өкпе шемені, өкпесінде сырылдар-дың болуы |
Тамырлардың атеро-склероздық аурулары-ның болуы
|
Кеудесін басқан-дағы ауырсынулар |
ЭКГ |
ST сегментінің жаңадан ығысулары (0,05 mV), немесе Т тісшесінің инверсиясы (0,2 mV)
|
Даму мерзімдері белгісіз дерттік Q тісшесі, ST сегменті мен Т тісшесі өзгерістерінің анықталуы |
Қалыпты ЭКГ немесе R тісшесі басым тіркемелерде Т тісшесінің инверсиясы немесе оның жайдақталуы |
ST сегментінің көтерілуінсіз ЖКС – алғаш жасалған ЭКГ-да ST сегментінің көтерілуі анықталмайтын ЖКС.
ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфаркты – миокардта некроз тудыра алатын айқындылығы мен ұзақтығы жеткілікті жіті дамыған ишемия. Бұл кезде алғаш жасалған ЭКГ-да ST сегментінің көтерілуі анықталмайды.
ТзС – миокардта некроз дамуын тудырмаған жіті дамыған ишемия.
Миокардтың ST сегментінің көтерілуінсіз инфаркты мен ТзС-сына патогенездері мен клиникалық көріністері ортақ, алайда Т тропонині (тропонин I) немесе МВ креатинфосфокиназының изоферменті деңгейлерінің артулары арқылы анықталатын миокардтың үлкен зақымдануының болу не болмауына сәйкес ажыратылады.
Егер қан құрамында аталған көрсеткіштердің жоғарылауы анықталса, онда миокард инфаркты диагнозы қойылады, ал егер олар көтерілмесе – онда ТзС болады (№ 2 кесте).
Кесте 2.
