- •Шаханов Тұңғышхан Егізхан ұлы
- •Жөр жүректік-өкпелік реанимация
- •Тж тыныс жиілігі
- •Мазмұны
- •Жүректің жіті жетіспеушілігі
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (өатэ) Диагностикасы.
- •Өатэ кезіндегі жедел жәрдем:
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Жіті коронарлық синдром (жкс)
- •Жкс болуының клиникалық және экг-лық критерийлері
- •Миокард инфарктының биомаркерлері (тромболизистік дәрілерді қолданбаған кездегі миокард инфарктына ғана сәйкес келеді)
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік және тасымалдануы
- •Кардиогенді шок Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Кенеттен жүректік қаза болу
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Алғашқы дәрігерлік көмек
- •Қан айналымын қалпына келтіру
- •Қарыншалар фибрилляциясын (қф) не қарыншалардың пульсі жоғалған тұрақты тахикардиясын (қт) емдеу алгоритмі
- •Асистолия кезіндегі негізгі реанимациялық шаралар:
- •Асистолия кезінде дәрігердің тактикасы
- •Жіті бұзылыстары
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Жыпылық аритмиясының пароксизмдік түрі Диагностикасы
- •Жедел жәрдемі
- •Қарыншалық тахикардия Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Қарыншалық экстрасистолия
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Моргань – Адамс – Стокс ұстамасы дамыған брадиаритмиялар Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Атриовентрикулярлы блокадалар
- •Толық ав-блокадасының диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Гипертониялық криз
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Гк дифференциялы емі
- •Гипертониялық кризді тойтару
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Бронх демікпесі
- •Диагностикасы.
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Спонтанды пневмоторакс
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Өкпеден қан кету
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік
- •Тесттік тапсырмалар
- •Тесттік тапсырмаларға жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Шаханов Тұңғышхан Егізхан ұлы
Госпитализацияға қажеттілік.
Жүректің жіті жетіспеушілігі кардиореанимация бөліміне жатқызуға тура көрсеткіш болып табылады. Өкпенің айқын шеменін бөлімге жатқызу алдында тойтару қажет.
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (өатэ) Диагностикасы.
Ауыр түрінде:
кеудесіндегі кенеттен қатты ауырсыну
демігу мен «шойынды» (түнерген) цианоз
шок, есінен тануы мүмкін
ЭКГ-да: V5-6 тіркемелерінде терең S тісшесі мен терең QIII, Гисс шоғырының оң аяқшасының блокадасы, III, АVF, V1-2 тіркемелерінде Т тісшесі жайдақталады не теріс ауысады, Р-pulmonale пайда болады, АVR тіркемесінде rR комплексі анықталады
Бірнеше секундтар мен минуттарда адам қайтыс болады.
Орташа ауырлықтағы түрінде:
кеудесіндегі ауырсыну
ТЖ минутына 30-40 ретті ентігу
тахикардия, гипотония, акроцианоз
оң қарыншалық жіті жетіспеушіліктің дамуы (мойын веналарының білеуленуі, гепатомегалия, оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар)
гипертермия
қан қақыру (кеш дамиды)
ұсақ көпіршікті сырылдар, 2-ші күннен бастап плевраның үйкеліс шуы
ЭКГ-өзгерістері болуы мүмкін (жоғарыдағыны қараңыз)
Рентгендік белгілер (өкпе артериясы конусының шығуы, өкпе түбірінің кеңеюі, өкпе алаңының ошақты ағаруы, зақымдалған жақта диафрагма шаңырағының биік болуы. Өкпе инфаркты дамығанда – инфильтрат анықталады).
Жеңіл түрінде: бірнеше вариант түрінде дамиды:
Өтпелі пароксизмдік ентігу, тахикардия, тершеңдік, аздаған артериялық гипотония (кейде жүрек демікпесімен шатастырады).
Ауа жетпеу сезімі, себепсіз қайталанатын есінен танулар мен коллапстар.
Себепсіз қайталанатын пневмониялар.
Көрсетілген белгілер операциядан кейінге кездерде, босанғаннан соң, бактериялық эндокардит дамығанда, жыпылық аритмиясы бар болса, гиподинамия кездерінде (инсульт, миокард инфаркты, жүректің ауыр жетіспеушілігінде, т.б.), тромбофлебитте ӨАТЭ туралы ұмытпау керек.
Өатэ кезіндегі жедел жәрдем:
фентанил 0,005% ерітіндісін 2-3 мл (промедол 2% 1-2 мл не морфин 1% ерітіндісін 0,5-1 мл) + дроперидол 0,25% ерітіндісін 2-3 мл + димедрол 1% (супрастин 2% не пипольфен 2,5%) 1-2 мл венаға егу;
стрептодеказа 3 млн. ФЕ венаға 40 мл NaCl ерітіндісінде не стрептокиназа (трептаза, авелизин) 1,5 млн. ЕД венаға тамшылап 100 мл NaCl ерітіндісінде 30 мин арасында (оның алдында 30-60 мл преднизолонды венаға егу керек) не урокиназа 2 млн ЕД венаға 20 мл NaCl ерітіндісінде 10-15 мин бұрын егу керек (не 1,5 млн. ЕД венаға егу, 1 млн ЕД венаға 1 сағат бұрын тамшылап егу) не анизолирлі плазминоген – стрептокиназды белсендіріліген ком-плекс (АПСАК) 30 мг венаға 5 мин бұрын егу (оның алдында 30-60 мл преднизолонды венаға егу керек) не плазминогеннің тіндік активаторы (ТАП, актилизе) 100 мг (10 мг венаға егу, содан соң 1 сағат бұрын 50 мг венаға тамшылап егу және 2 сағат бұрын 40 мг венаға тамшылатып егу керек). Стрептокиназадан басқа плазминогеннің басқа да тіндік активаторы алтеплазаны – 50 мг егу қолдануға болады;
гепарин 10-15 000 ЕД венаға, одан соң венаға тамшылатып 1 000 ЕД/сағ жылдамдықта (24 000 ЕД/тәул) 4-5 күн бойы не 5-10 000 ЕД тері астына әрбір 6 сағат сайын 7-8 күн бойы, біртіндеп тоқтатады. Гепаринді тоқтатар алдында 3-5 күн бұрын тура емес әсерлі антикоагулянттар (фенилин, синкумар) 3 ай не одан да ұзақ мерзімге дейін беріледі.
ӨАТЭ кезіндегі қан қақыру белгісі фибринолиздік және антикоагулянттарды қолдануға кедергі болмауы тиіс;
реополиглюкин 400-800 мл венаға егу. АҚ төмендесе допамин (дофамин) 5% 4-8 мл не норадреналин 0,2% (мезатон 1%) 2-4 мл, преднизолон 60-90 мг венаға қолданылады;
лазикс 40-60 мг венаға егіледі;
оксигенотерапия: 100% ылғалданған оттегі түрінде, қажет болса трахеяның интубациясы жасалады;
антибиотиктер;
хирургиялық ем (эмболэктомия): өкпе бағанасы немесе оның ірі тармақтарындағы тромбоэмболия кезінде.
Емнің алғашқы күнінен бастап тура емес антикоагулянттар қолданылады – варфарин 5 – 10 мг, одан соң МНО сәйкес беріледі. МНО деңгейі 2,0 – 3,0 болуы тиіс.
