Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВБ№1 метод.пос.2012 каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
393.73 Кб
Скачать

Диагностикасы

  • кеудесінде кенеттен дамыған қарқынды ауырсыну;

  • ентігу мен құрғақ жөтел;

  • өңінің бозаруы, цианоз;

  • тахикардия, гипотония, қатты тершеңдік;

  • ортопноэ;

  • зақымдалған жақ тыныс актісінен қалыс қалады, қабырғааралығы томпаяды, дауыс дірілі әлсірейді, тимпанит болады, тынысы қатты әлсірейді не жоғалады және бронхофония жоғалады;

  • жүрек шекаралары сау жаққа қарай ығысады;

  • Рентгендік белгілері: зақымдалған жақта өкпе суретінің жоғалуы, коллапсты (бүріскен) өкпе, диафрагманың төмендеуі мен осы жақтағы оның шаңырағының жайдақталуы, жүрек көлеңкесінің сау жаққа ығысуы;

Жедел жәрдем

Есінен танған кезде, қанайналымы не тынысы тоқтаған кезде өкпелік-жүректік реанимация жасалады.

Гипоксияның коррекциясы – оксигенотерапия.

Ауырсынуды басу – наркотик емес аналгетиктер: кеторолак 30 мг венаға егу.

Қатты ауырсыну болса – наркотиктік аналгетиктер: 1% 1 мл морфинді 20 мл 0,9% натрий хлоридінде венаға егу.

Қатайған (клапанды) пневмоторакста өміріне қауіпті болуына байланысты торакоцентез жасалады.

Бронхоспазм дамыса: сальбутамол 2,5 мг небулайзер арқылы 5–10 минут бойы.

Госпитализацияға қажеттілік.

Пневмоторакс дамыған адамдар міндетті түрде торакалық хирургия немесе реанимация бөліміне жатқызылуы тиіс.

Өкпеден қан кету

Өкпеден қан кету – бронхтардың қуысына көп мөлшерде қанның құйылуы.

Клиникалық тәжірибеде өкпеден қан кету мен қан қақыру деп екіге бөледі.

Қан қақыру – қақырықта қан қалдықтарының болуы.

Өкпеден қан кету кезінде қан көп мөлшерде жөтелмен шығады.

Шығарылған қанның көлеміне байланысты өкпеден қан кетудің түрлері:

– аз қан кету (100 мл дейін);

– орташа қан кету (500 мл дейін);

– көп немесе профузды қан кету (500 мл көп).

Профузды қан кету адам өміріне қауіп тудырады және оның себептері асфиксия немесе аспирациялық пневмония, өкпелік-жүректік жетіспеушілік.

Өкпеден қан кету көбінесе өкпенің сүлелі дерттерінде кездеседі. Одан басқа өкпенің грибоктық, паразиттік пен онкологиялық ауруларында, өкпенің жарақаттанулары мен туберкулезінде, кіші қан айналымында гипертензиясы бар митралды ақауларда және өкпеде жасалған оталардан кейін байқалады.

Өкпенің профузды қан кетуі қолқа аневризмасының сол жақтағы ірі бронхқа тесіп өтуі кезінде болады.

Диагностикасы

Анамнезін талқылаған кезде өкпенің, жүректің және қан ауруларына көңіл бөлінуі керек.

Өкпеден қан кетулер көбінесе орта мен егде жастағы ер адамдарда байқалады, ол қан қақырудан басталуы мүмкін; алайда, кейде кенеттен болуы да ықтимал.

Қан кейде алқызыл ашық қызыл түсті, кейде қою қошқыл, кейде таза, кейде қақырықпен аралас болуы мүмкін. Асқазан мен өңештен кеткен қаннан айырмашылығы өкпеден кеткен қан көпіршіктенеді және ұйымайды. Қанның кетудің жоғарғы тыныс жолдарынан екенін ажырату үшін танау мен көмейді қарау керек.

Жедел жәрдем

Жеңіл басқарылатын артериялық гипотензия (АҚ с/б б-ша 85–90 мм төмендеуі) кезінде:

  1. Ганглиоблокаторлар: пентамин – 0,5–1 мл 5% бұлшықетке егу – 5–15 мин кейін әсер етеді, бензогексоний – 1 мл–2,5% тері астына егу.

  2. Натрий нитропруссиді – ерітінді 0,25–10 мкг/кг/мин – венаға егу.

  3. Нитросорбид – 0,01 г (2 таблетканы тіл астына), ангиотензин алмастырушы ферменттің игибиторларымен қоса беруге де болады.

  4. Өкпе артериясынан қан кету кезінде ондағы қанның қысымын венаға эуфиллинді егу арқылы төмендетеді (5–10 мл 2,4% эуфиллинді 10–20 мл 40% глюкозада 4-6 минут аралығында венаға егеді).

  5. Қанның аздап болса да ұйыуын күшейту үшін аминокапрон қышқылының 5% ерітіндісін 100 мл изотониялық NaCl ерітіндісінде венаға тамшылатып егеді.

  6. Профузды қан кетуден соң айналымдағы қанның жоғалған көлемін толтыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]