- •Шаханов Тұңғышхан Егізхан ұлы
- •Жөр жүректік-өкпелік реанимация
- •Тж тыныс жиілігі
- •Мазмұны
- •Жүректің жіті жетіспеушілігі
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (өатэ) Диагностикасы.
- •Өатэ кезіндегі жедел жәрдем:
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Жіті коронарлық синдром (жкс)
- •Жкс болуының клиникалық және экг-лық критерийлері
- •Миокард инфарктының биомаркерлері (тромболизистік дәрілерді қолданбаған кездегі миокард инфарктына ғана сәйкес келеді)
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік және тасымалдануы
- •Кардиогенді шок Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Кенеттен жүректік қаза болу
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Алғашқы дәрігерлік көмек
- •Қан айналымын қалпына келтіру
- •Қарыншалар фибрилляциясын (қф) не қарыншалардың пульсі жоғалған тұрақты тахикардиясын (қт) емдеу алгоритмі
- •Асистолия кезіндегі негізгі реанимациялық шаралар:
- •Асистолия кезінде дәрігердің тактикасы
- •Жіті бұзылыстары
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Жыпылық аритмиясының пароксизмдік түрі Диагностикасы
- •Жедел жәрдемі
- •Қарыншалық тахикардия Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Қарыншалық экстрасистолия
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Моргань – Адамс – Стокс ұстамасы дамыған брадиаритмиялар Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Атриовентрикулярлы блокадалар
- •Толық ав-блокадасының диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Гипертониялық криз
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Гк дифференциялы емі
- •Гипертониялық кризді тойтару
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Бронх демікпесі
- •Диагностикасы.
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Спонтанды пневмоторакс
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Өкпеден қан кету
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік
- •Тесттік тапсырмалар
- •Тесттік тапсырмаларға жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Шаханов Тұңғышхан Егізхан ұлы
Гипертониялық кризді тойтару
Госпитализацияға қажеттілік.
Емге көнбейтін ГК.
Гипертониялық энцефалопатияның айқын көрінісі бар ГК.
Қарқынды емді және дәрігерлік қадағалауды үнемі қажет ететін ГК асқынулары (ми қанайналымының жіті бұзылыстары, жүректің жіті жетіспеушілігі, миокардтың жіті инфаркты, т.б.).
Қатерлі ағымды АГ.
Бронх демікпесі
Бронх демікпесі – негізіне сүлелі қабыну мен уақыт өткен сайын өзгеретін бронх обструкциясы бар бронхтың гиперреакциялылығы жататын тыныс жолдарының ауруы. Жіті ұстамасы – жөтелдің, ентігудің үдемелі дамуы мен ысқырықты сырылдардың, демігудің, тыныс шығарудың пиктік жылдамдығының күрт төмендеуі кезіндегі ауа жетпеу сезімі пайда болатын сәттік көрініс.
Бронх демікпесі өршуінің ауырлық дәрежесі бойынша:
жеңіл;
орташа ауырлықта;
ауыр;
өміріне қауіпті (демікпелік статус).
Диагностикасы.
Демікпе ұстамасының белгілері: шулы және ысқырықты тыныс; тыныс шығаруы ұзарған ентігу; мазасыздық, қорқыныш сезімі; жүрек қағуы; тершеңдік; тыныс шығарудың пиктік жылдамдығының (ТшПЖ) күрт төмендеуі.
Бронх демікпесінің ауыр өршуінің белгілері: тез үдейтін ентігу (минутына 25-тен жиі); ентігудің салдарынан сөйлеуінің қиындауы; ортопное; қосымша бұлшықеттерінің тыныс актісіне қатысуы; тахикардия (минутына 110 артық); ТшПЖ 50% не одан да төмен.
Адам өміріне қауіп тудырған бронх демікпесінің белгілері (демікпелік статус): есінің бұзылуы не кома; цианоз; тынысты ішке алуының әлсіреуі не тыныс ала алмауы; ТЖ минутына 30-дан жиі не 12-ден сирек; «мылқау өкпе» симптомы; ЖСЖ минутына 120-дан жиі не брадикардия; артериялық гипотензия; ТшПЖ тиісті деңгейдегі 30-дан төмен.
Жедел жәрдем
Емі көбінесе қысқа әсерлі β2–агонисттерді небулайзер арқылы тыныстанудан басталады (сальбутамол 2,5–5,0 мг не фенотерол 0,5–1,0 мг 10–15 мин арасында, қажет болса ингаляцияны әрбір 20 минут сайын 3 дозадан арттырмай қайталайды).
Орташа ауырлықтағы ұстамада: преднизолон 60–90 мг NaCl 0,9% 10–20 мл венаға баяу егу не будесонид 1000–2000 мкг небулайзер арқылы 10 минут бойы.
Ауыр дәрежелі ұстамада және демікпе статусында жүйелі кортикостероидтарды тез арада егу қажет: преднизолон 90–150 мг (300 мг дейін) венаға егу. Будесонид 1000–2000 мкг небулайзер арқылы 5 – 10 мин бойы; ипратропия бромид – ингаляциялар 0,4–2,0 мл небулайзер арқылы 10–15 мин бойы, жүйелі ГКС қосымша қолдану.
Адам жағдайының нашарлауы не тыныс тоқтауына қауіп болған кезде: эпинефрин 0,1% 0,3-0,5 мл бұлшық етке егу, қажеті болғанда әрбір 20 минут сайын 3 дозадан аспауы керек; оксигенотерапия; ТЖ, ЖСЖ, АҚ және ЭКГ қадағалау. Реанимациялық шараларға дайын болу.
Госпитализацияға қажеттілік.
бронх демікпесінің ауыр ұстамасы не демікпелік статус;
асқынуларының дамуына күдік болса;
бронходилятациялық емнен тез көмектің болмауы;
басталған емге қарамай пациент жағдайының нашарлауы;
жүйелі кортикостероидтарды ұзақ қолдану немесе оны жақын арада тоқтатылуы.
Спонтанды пневмоторакс
Біріншілік СП – өкпе ауруларының анық жоқ кезінде дамиды. Көбінесе бойы биік жас ер адамдарда (20–40 жас) кездеседі. Шылым шегу ауру дамуының қаупін 22 есе күшейтеді.
Екіншілік СП – өкпе аурулары бар адамда дамиды (ӨСОА, бронх демікпесі, пневмоцистті пневмония, туберкулез, өкпенің іріңді аурулары, бронхоэктазия, қатерлі ісіктер, т.б.).
Ашық пневмоторакс – тыныстың екі фазасындада дефекттен ауа өтеді.
Жабық пневмоторакс – дефекттің спонтанды жабылуы; мысалы, емдік пневмоторакс.
Клапанды пневмоторакс – тынысты ішке алғанда дефект ашылады да тынысты шығарған кезде жабылады; әрбір тыныс алған сайын плевра қуысындағы ауа көлемі ұлғая түседі де ол өкпенің толық қысылуына (коллапсына), медиастинумның өте айқын ығысуына әкеледі де тыныс пен қанайналымының адам өміріне қауіпті бұзылыстарын дамытады.
