- •Шаханов Тұңғышхан Егізхан ұлы
- •Жөр жүректік-өкпелік реанимация
- •Тж тыныс жиілігі
- •Мазмұны
- •Жүректің жіті жетіспеушілігі
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (өатэ) Диагностикасы.
- •Өатэ кезіндегі жедел жәрдем:
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Жіті коронарлық синдром (жкс)
- •Жкс болуының клиникалық және экг-лық критерийлері
- •Миокард инфарктының биомаркерлері (тромболизистік дәрілерді қолданбаған кездегі миокард инфарктына ғана сәйкес келеді)
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік және тасымалдануы
- •Кардиогенді шок Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Кенеттен жүректік қаза болу
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Алғашқы дәрігерлік көмек
- •Қан айналымын қалпына келтіру
- •Қарыншалар фибрилляциясын (қф) не қарыншалардың пульсі жоғалған тұрақты тахикардиясын (қт) емдеу алгоритмі
- •Асистолия кезіндегі негізгі реанимациялық шаралар:
- •Асистолия кезінде дәрігердің тактикасы
- •Жіті бұзылыстары
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Жыпылық аритмиясының пароксизмдік түрі Диагностикасы
- •Жедел жәрдемі
- •Қарыншалық тахикардия Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Қарыншалық экстрасистолия
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Моргань – Адамс – Стокс ұстамасы дамыған брадиаритмиялар Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Атриовентрикулярлы блокадалар
- •Толық ав-блокадасының диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Гипертониялық криз
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Гк дифференциялы емі
- •Гипертониялық кризді тойтару
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Бронх демікпесі
- •Диагностикасы.
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Спонтанды пневмоторакс
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік.
- •Өкпеден қан кету
- •Диагностикасы
- •Жедел жәрдем
- •Госпитализацияға қажеттілік
- •Тесттік тапсырмалар
- •Тесттік тапсырмаларға жауап эталондары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Шаханов Тұңғышхан Егізхан ұлы
Моргань – Адамс – Стокс ұстамасы дамыған брадиаритмиялар Диагностикасы
есінен тану;
клоникалық, соңынан тоникалық тартылулар;
еріксіз зәр шығару не дефекация;
пульсі, АҚ және жүрек тондары анықталмайды;
шулы, ырғақсыз тыныс;
өңінің бозаруы, соңынан көгеруі;
көз қарашықтарының кеңеюлері;
минутына 60-90 рет жүрекшелік қалыпты комплекстер
жүрекшелік пен қарыншалық комплекстер арасындағы байланыстың болмауы;
баяулаған ретті қарыншалық ырғақ;
Р – Р арасы R – R аралығынан қысқа;
Р тісшесі QRS комплексімен қабаттасуы мүмкін және оны деформацияға ұшыратады.
Жедел жәрдем
тыныс жолдарын тазалау, венаға түсу (катетер қою);
оксигенотерапия;
жүрек соғысы жиілігі мен АҚ үнемі қадағалау;
жасанды тыныстандыру мен реанимациялық шараларға дайын болу;
атропин венаға егу 0,5 – 1 мг (0,1% 0,5 – 1,0 мл), қажеті болса 5 минуттан кейін қайталауға болады;
электрокардиостимуляция;
ЭИТ мүмкіндік болмаған кезде эпинефрин (0,1 мг/кг), допамин (минутына 2 – 20 мг/кг) венаға тамшылатып егу;
Реанимациялық бөлімге экстренді түрде жатқызу.
Атриовентрикулярлы блокадалар
I дәрежелі АВ-блокаданың критерийіне PQ аралығының 0,21 с артық кеңейгені жатады. Самойлов-Венкебах кезеңдігі (Мобитц I) бар II дәрежелі АВ-блокадада QRS комплексінің түсіп қалуы болатын PQ аралығының үдемелі ұзаруы болады. II дәрежелі АВ-блокадада (Мобитц II) PQ аралығы тұрақты болса да QRS комплексінің кенеттен түсіп қалуы байқалады. III дәрежелі АВ-блокадада (толық АВ-блокада) – ЭКГ-да жүрекшелер мен қарыншалардың бір-біріне қатыссыз жиырылулары анықталады.
Толық ав-блокадасының диагностикасы
III дәрежелі АВ-блокаданың (толық көлденең блокада) белгілері – синус түйінінен қарыншаларға импульстердің мүлдем өтпеуі. Клиникалық көрісінің айқындылығы қарыншалар импульсінің қоздырғыш ошағының орналасу деңгейіне сәйкес болады. Проксималды типтегі блокадада жүректің қалыпты ырғағы кезіндегі брадикардия, әлсіздік, бас айналуы, көз қарауытуы, жүрегінің ауыруы байқалады; дисталды типінде – Моргань–Адамс –Стокс ұстамасы мен асистолияның дамуына дейін байқалады.
ЭКГ-да:
жүрекшелік қалыпты комплекстер (60 – 90 в мин);
жүрекшелік пен қарыншалық комплекстер арасындағы байланыстың жоғалуы;
баяулаған ретті қарыншалық ырғақ (минутына 40 сирек);
Р – Р аралығы R – R аралығынан қысқа;
Р тісшесі QRS компексімен қабаттасады да оны деформацияға ұшыратады.
Жедел жәрдем
Самойлов-Венкебах кезеңдігі мен қанайналымы бұзылысының айқын белгілері бар АВ-блокаданың I және II дәрежелерінде –атропин 0,5 мг (0,1% 0,5 мл). Қажеті болса – жалпы дозасы тәулігіне 1,5–2 мг (1,5–2 мл/тәул) қайталауға болады. Тиімсіз болғанда – уақытша ЭКС имплантация жасау.
Самойлов-Венкебах кезеңдігі жоқ II дәрежелі немесе III дәрежелі АВ-блокадаларында – уақытша ЭКС имплантация жасау.
Гипертониялық криз
Гипертониялық криз (ГК) – клиникалық симптомдарының күшеюлерімен жүретін және нысаналы ағзалар зақымдануларын болдырмау немесе оларды шектеу үшін АҚ тез және қадағалап түсіруді қажет ететін АҚ өте айқын көтерілуінің дерттік жағдайы.
ГК асқынулары: ми қанайналымының нашарлауы немесе вегетациялық айқын симптоматиканың дамуы (эмболия, ишемия, тромбоз, инфаркт, мидың транзиторлы ишемиясы, «мылқау» инсульт); жүрек-қантамыр жүйесі бойынша – сол қарыншалық жіті жетіспеушілігінің дамуы (өкпе шемені), стенокардияның өршуі, миокард инфаркты, қолқаның зақымдануы, қолқаның жіті жыртылуы; несеп жүйесі – жіті бүйректік жетіспеушіліктің дамуы.
АҚ кенеттен көтерілуі нервтік-психикалық жарақаттанулардан, алкоголь ішуден, атмосфералық қысымның күрт өзгерулерінен, гипотензиялық емді тоқтатудан және т.б. әсерлерден болады.
Сондықтан, ГК дамуында екі негізгі патогенездік механизм жетекші орын алады:
тамырлық — артериолалар тонустарының вазомоторлық (нейро-гуморалық әсерлерден) және базалдық (натрийдің жиналуынан) артулары салдарынан тамырлардың жалпылай перифериялық қарсыластығының артуы;
кардиялық — жүрек соғысы жиілігінің артуынан, айналымдағы қан көлемінің артуынан, миокардтың жиырылғыштық күшінің артуынан жүректің қанды лақтыру қабілетінің артуы.
