Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВБ№1 метод.пос.2012 каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
393.73 Кб
Скачать

Қарыншалық тахикардия Диагностикасы

  • аритмиялық шокқа дейін тудыра алатын АҚ үдемелі төмендеуімен жүретін жүректің жиі қағу ұстамасы (минутына 140–220 дейін);

  • R – R аралығының тұрақты қысқаруы;

  • QRS комплекс деформацияға ұшырап 0,12 с артық кеңіген;

  • QRS комплексімен салыстырғанда SТ сегменті мен Т тісшесінің дискордантты орналасуы;

  • Р тісшесінің болмауы;

  • қосарланған қарыншалық жиырылулардың болуы;

  • кейде қазаға дейін әкелетін қарыншалардың жыпылықтауы мен тыпырлауына ауысады.

Жедел жәрдем

  1. лидокаин 2% 4-6 мл (80-120 мг) венаға егу; одан кейін 2-3 мл (40-60 мг) венаға тамшылатып NaCl 0,9% ерітіндісінде (немесе әрбір 8-10 минуттан соң венаға баяу) егу немесе жалпы дозасы 4 мг/кг дейін венаға 1—3 мг/мин жылдамдықта тамшылатып егу;

  2. кордарон 5% 6-10 мл (300-500 мг не 5 мг/кг) венаға баяу егу 10-20 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде егу, жалпы дозасы тәулігіне 900-1200 мг болуы тиіс;

  3. этмозин 2,5% 2-4 мл (50-100 мг) не этацизин 2,5% 2 мл (50 мг) венаға 10-20 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде баяу егу;

  4. новокаинамид 10% 10 мл (1000 мг) венаға 10-20 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде АҚ қадағалап отырып баяу егу;

  5. ритмилен 1% 10 мл (100 мг) венаға 10-20 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде баяу егу;

  6. егер дәрілік ем тиімсіз болса, онда арнайы премедикациядан соң ЭИТ жасау қажет.

Қарыншалық экстрасистолия

Экстрасистолия — миокардтың импульс өткізу жүйесінің әртүрлі жерлерінде пайда болған импульстен миокардтың уақытынан бұрын жиырылуы. Жүректің қалыпты жиырылуы мен экстрасистолалардың дұрыс алмасып отыруы аллоритмия деп аталады: бигеминия — экстрасистола әрбір қалыпты жиырылудан соң болады, тригеминия — экстрасистола әрбір екі қалыпты жиырылудан соң болады, квадригеминия — экстрасистола әрбір үш қалыпты жиырылудан соң болады, тағы сол сияқты.

Қарыншалық экстрасистолияның класстары (Lown В., Wolf N 1971, 1983).

Класс I. Сирек болатын монотопты (мономорфные) жалғыз (дербес) экстрасистола — сағатына 30 реттен сирек болады.

IA — минутына 1 экстрасистоладан сирек.

IB — минутына 1 экстрасистоладан жиі.

Класс II. Жиі болатын монотонды жалғыз (дербес) экстрасистолалар — сағатына 30 жиі болады.

Класс III. Политопты қарыншалық экстрасистолалар.

Класс IV. Қарыншалық аритмиялардың топтасқан («қайталанған») түрлері.

IVA — жұптасқандар (бірден 2 экстрасистола).

IVB — топтасқандар («залпты», бірден 3—5 экстрасистолалардың болуы) және қарыншалық тахикардияның қысқа эпизодтары (бірден 6 және көп экстрасистолалардың болуы).

Класс V. «R-дің T-ға» типіндегі ерте дамыған қарыншалық экстрасистолалар.

Диагностикасы

  • жүректің тоқтап қалуы мен қатты соғу сезімдері;

  • алдында Р тісшесі жоқ уақытынан бұрын пайда болған қарыншалық комплекс;

  • QRS комплексі деформациялы, кеңіген, жарықшақтанған;

  • толық компенсациялық үзіліс (пауза – экстрасистоланың алдындағы мен артындағы R тісшелерінің арасы екі қалыпты RR аралыққа тең болуы тиіс).

Жедел жәрдем

болжамы адам өміріне қауіпті экстрасистолалар ғана емделуге тиіс:

  1. ерте дамыған («R-дің Т-ға»), миокард инфарктының жіті кезеңіндегі жиілеген және кез-келген экстрасистолалар, жұптасқан, өте жиілеген, политопты, топтасқан, полиморфты экстрасистолалар (яғни В.Lown бойынша II—V түрлері);

  2. таңдаулы дәрісі — лидокаин 2% 4—6 мл (80— 120 мг) венаға баяу егу, содан кейін 2—3 мл (40—60 мг) венаға NaCl 0,9% ерітіндісінде тамшылатып егу (аритмогенен), немесе:

  3. кордарон 5% 3-6 мл (150—300 мг) венаға баяу егу;

  4. этмозин (этацизин) 2,5% 2-4 мл (50-100 мг) венаға баяу егу;

  5. ритмилен 1% 5-10 мл (50-100 мг) венаға егу;

  6. новокаинамид 10% 5-10 мл (500-1000 мг) венаға баяу егу;

  7. аймалин 2,5% 4 мл (100 мг) венаға баяу егу;

  8. мекситил 250 мг венаға егу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]