Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДЖДЖД- практикалы дістемелік нсау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
651.26 Кб
Скачать

1.Жоспары:

1.Әскери қызметшілерді шынықтыру, дене даярлығы және спортпен шұғылдану.

2.Оқыту әдістемесі.

2.Сабақтың мақсаты: Әскери қызметшілердің денсаулығын сақату мен нығайту дене тәрбиесін дамыту олардың әскери борышын орындауға даярлаудың маңызды және ажарамас бөлік екекндігін оқыту.

3.Қысқаша мәтіні: ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде әскери қызметшілердің денсаулығын сақату мен нығайту дене тәрбиесін дамыту олардың әскери борышын орындауға даярлаудың маңызды және ажарамас бөлігі екекендігі туралы түсінік беру.

1. Әскери қызметшілерді шынықтыру, дене даярлығы және спортпен шұғылдану.

Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, дене тәрбиесін дамыту-оларды өзінің әскери борышын орындауға даярлаудың маңызды және ажырамас бөлігі. Командирдің (бастықтың) бағыныстылардың денсаулығы туралы қамқорлығы оның әскери бөлімнің (бөлімшенің) тұрақты жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінде негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға:

  • командирлердің (бастықтардың) қызмет пен тұрмыстың жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүргізумен;

  • оларды ұдайы шынықтырумен, дене даярлығымен және спортпен жүйелі түрде шұғылданумен;

  • санитариялық-гигиеналық, жұқпалы ауруларға қарсы және емдеу-профилактикалық шараларды жүзеге асыруымен қол жеткізіледі.

Әскери қызметшілердің күнделікті қызметі кез-келген жағдайда әскери жарғылар мен тәлімдемелердің олардың қызметтері мен тұрмысының жағдайларын жақсарту туралды талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте орындалатын тапсырмалардың ерекшелігі, әскери бөлімнің орналасқан ауданындағы климаттық жағдайлар, экологиялық жағдайлар, экологиялық жағдай, материалдықққ қамтамасыз ету және казармалық тұрғын үй қорының жай-күйі ескеріледі.

Командирлердің (бастықтардың) әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысының жағдайларын жақсарту жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • қажетті қауіпсіздік талаптарын белгілеу және оларды әскери қызметшілерге уақытылы жеткізу, олардың орындалуын қамтамасыз ету;

  • санитариялық нормалар мен әскери жарғылардың әскери қызметшілерді орналастыру, олардың тамақтандырылуын ұйымдастыру, сумен жабдықтау, жылумен, материалдық және тұрмыстық қамтамасыз етудің басқа да түрлері мен жабдықтау жөніндегі талаптарын қатаң орындау;

  • күн тәртібі мен қызметтік регламентінің дәл орындалуын ұйымдастыру;

  • тиісті үлестік нормаларды әрбір әскери қызметшіге уақытылы және толық жеткізу;

  • әскери қызметшілердің денсаулығына зиянды факторлардың әсерлерін жою немесе белгіленген шектерге дейін төмендету, әскери бөлімнің (бөлімшенің) орналасқан ауданында санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды жүргізу.

Әскери қызметшілерді шынықтыру, дене даярлығы мен спорт дәрістері олардың организмінің қоршаған ортаның физикалық факторларының түрлі күрт өзгерістеріне, әскери қызметтің ерекшеліктеріне және жауынгерлік тапсырмаларды орындауға байланысты жағдайларға төзімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Әскери қызметшілерді шынықтыру жөнінде шараларды олардың командирлері (бастықтары) медициналық қызметтің бастығы тоқтатылады немесе шектеледі, әскери бөлімнің ішінде жеке құрамының жиналысына, көпшілік мәдени шараларға тыйым салынады; қосымша оқшаулау жүргізіледі.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Әскери қызметтерді шынықтыру тәсілдері.

2. Әрбір әскери қызметші жеке гигиенаның қандай ережелерін сақтау керек.

3. Әскери қызметшінің денсаулығына медициналық бақылау жасауқандай жолдармен жүргізіледі.

4.Әскери қызметшілерді шынықтыру.

5. Әскери қызметшілердің денсаулығына зиянды факторлардың әсерлерін жою.

6. Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтауы.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы:

1.Әскери қызметшілерді шынықтыру, дене даярлығы және спортпен шұғылдану.