Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кожахмет Ж.А отчет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.32 Mб
Скачать

1.3.2.Өсімдік жамылғысы.

Рекреациялық ресурстарының сапасына және оны пайдалану түрлеріне өсімдік жамылғысының маңызды әсері бар. Облыстың өсімдік жамылғысы өте түрлі болып келеді, шамамен 1,5 мың түрі бар. Жазықтықтарда шөлді өсімдіктер басым болады. Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейі тау етегінде пролювиалдық жазықтықта боялыш пен жүсан басым болады. Жазықты жерде бұталы өсімдіктер көп кездеседі – сексеуіл, жүсан, Коноллидің құмды қарағаны (құмды акация), жүзгін, оңтүстігінде жүсанды-эфемерлік өсімдік дала дала өсімдігіне ауысады. Сырдарья аңғарында жүсанды-солянкалы өсімдіктер басым. Ал, өзенге жақындаған сайын қамыстық және тоғай өсімдіктері көбейеді (жіде, қамыс, шенгел, тамарикс, тораңғыл, тал т.б.)

Таулы аудандарда биіктік зоналылық айқын байқалады. Теңіз деңгейінен 500 – 700 м биіктікке дейін (Батыс Тянь-Шань тау алды) эфемерлік әртүрлі шөптесін өсімдіктерден құрылған шөлді өсімдіктер басым болады (мятлик луковичный, осочка пустынная). Сайлардың көлеңке беткейінде ерте шығаты астық тұқымдастар көріне бастайды (пырей пушистый, ячмень луковичный, бородач), ал 800 м биіктікке дейін олар басым болып бастайды. Беткейдің 800 – 1000 м ден 1300 – 1500 м биіктікке дейін аралықты (пушисто-пырейные) дала алып жатыр, одан жоғары астық тұқымдас-әртүрлі шөптесін таулы дала белдеуі орналасқан. Солтүстік беткейде осы биіктіктерде ағаштар бұталардан тұратын тоғайлар тараған (жаңғақ, алша, өрік, алма, боярышник т.б.). 2200 – 2400 м биіктікте қүрғақ аршалы сирек ормандар мен бұталар зонасыорналасқан. Одан жоғары, 2800 – 3000 м биктікке дейін аласа шөпті субальптік шалғынды-дала басымболады (типчак, тонконог, овсец пустынный и азиатский, тиомфеевка степная и альпийская т.б.). Шалғынды-дала зонасында шоқ-шоқ болып әртүрлі бұталар кездеседі (түркістан аршасы, шиповник, барбарис, жимолостьмелколистная т.б.) 2800 – 3000 м биіктіктен 3600 – 3800 м дейін аласа шөпті өсімдік жамылғысы сиректелген альптік шалғын-дала орналасқан (типчак, овсянница Крылова и альпийская, овсец пустынный и азиатский, мятлик альпийский и голоцветный т.б.). Таудың ең биік жерінде (абсолюттік биіктігі 3600 – 3800 м) өсімдік жамылғысын мүк, қына қабаттары құрайды.

Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейдің өсімдігі Батыс Тянь-Шань таулы жоталарының өсімдігінен айырқша болады. Қаратаудың жайпақ төмен тау алды эфемерлік шөлді өсімдіктерімен жабылған, 500 м биіктіктен жүсында-астық тұқымдас өсімдіктеріне ауысады.

1.4 Метеорологиялық жағдайы

2016 жыл. Қаңтар айы. Жалпы бұл айда бұлтты, жаңбырлы, қарлы, желді және ашық болды. Күндізгі жоғарғы температура күні +11°С, төменгі температура, қаңтардың 3-ші жұлдызында -6°С болса, түнгі жоғарғы температура 0 °С пен түнгі төменгі температура -12°С аралығында ауытқыды. Айдың он үш күні ашық, қалған күндерінің бәрі бұлтты, қарлы, жаңбырлы болды. Айдың 2 –ші он күндігінде күн суық болып, Солтүстік шығыстан 12,13 –ші қаңтарда 2-4, 15-20 м\с жылдамдықта жел болып, айдың 3 –ші он күндігінде 28,29,30 –шы қаңтарда 2-3,4-5 м\с жылдамдықта болды.

Ақпан айы . Ақпан айының бұлтты, алабұлтты, ашық, желді және жаңбырлы болды, күндізгі жоғарғы ауа температурасы +14°С пен +3°С аралығында, түнгі жоғарғы температура +4°С, түнгі төменгі 11. 02 13. күні -5°С – қа дейін төмендеді. Айдың он үш күні ашық, қалған күндерінің бәрі бұлтты, алабұлтты, жаңбұрлы болды. Бұл айда ауа температурасы күндізгі ауа температурасы + жоғары, жылы болып, 0°С-тан жоғары пайдалы температуралар жиынтығы +17°С-ты көрсетті. Ақпанның 2-ші он күндігінде 1-3, 8-10м\с жылдамдықта солтүстік шығыстан желді болды.

Наурыз айы. Осы ай аралығындағы күндізгі ең жоғарғы температура +20°С, ең төменгі температура 8 наурыз күні +5°С-қа түсті. Түнгі ауа температурасы осы айда -4°С-тан +12°С-қа жоғары көтерілді. Осы айда ашық, бұлтты, алабұлтты, жаңбырлы, күндер болып, 07,08 – ші наурыз күні қар жауып температура - 4 °С – қа дейін суық болды, Наурыздың 02, 22, 23 - ші күндері 3 - 7 м\с жылдамдықта солтүстік шығыстан желді болды Айдың орташа тәуліктік температурасы +9,3°С.

Сәуір айы. Осы ай аралығындағы күндізгі ең жоғарғы температура +31°С, ең төменгі температура 3-ші сәуір күні +11°С-қа түсті. Түнгі ауа температурасы осы айда +5°С-тан +15°С аралығында құбылды. Осы айда ашық, бұлтты, алабұлтты, жаңбырлы, желді күндер болды. 01,06,09,14,16,23- ші сәуір күні жауын-шашынды болып, қалған күндері ашық, бұлтты болды. 01,02,03,04,05,06,07,08,09 сәуір күндері солтүстік шығыстан, 1-6 м\с жылдамдықта жел болды. Айдың орташа тәуліктік температурасы +15,5°С.

Мамыр айы. Осы ай аралығындағы күндізгі ең жоғарғы температура +31°С – ты көрсетті, ең төменгі температура 5–шы мамыр күні +20°С-қа түсті. Түнгі жоғарғы температурасы осы айда +17°С болды, түнгі төменгі температурасы 01 – ші мамыр +9°С-ты көрсетті. Осы айда бұлтты, алабұлтты, жаңбырлы, қалған күндері ашық желді күндер болды. мамыр айының соңғы аптасында күн ашылып, ауа температурасы жоғары көтерілді. Мамыр айының 04,05,06, күндері солтүстік шығыстан 5-6,8-10 м\с жылдамдықта және 15,20,24,25 –ші кундері солтүстік шығыстан 3-8м\с аралығында жел болды. Айдың орташа тәуліктік температурасы +18,8°С.

Маусым айы. Осы ай аралығындағы күндізгі ең жоғарғы температура +40°С, ең төменгі температура 16,18-ші масым күндері +28°С-қа түсті. Түнгі ауа теспературасы осы айда +15°С-тан +24°С аралығында құбылды. Осы айда ашық, бұлтты, алабұлтты, желді күндер болды. 23 –шы маусым күні +40°С-қа ыстық болды. Маусым айының 2 жартысында 11-ші сәуірден 21-ші сәуір аралығында солтүстік шығыстан 1-3, 7-8 м\секун жылдамдықта жел болды. Айдың орташа тәуліктік температурасы +25,9°С.

Шілде айы. Шілде айында күн ыстық болып, ауа-райы ашық, бұлтты, алабұлтты және жаңбырлы болды. Күндізгі ең жоғарғы температура + 39°С, ең төменгі температура 05 шілде күні +28°С-қа түсті. Түнгі ауа теспературасы осы айда +14°С-тан +24°С аралығында құбылды. Айдың орташа тәуліктік температурасы +26,2°С.

Тамыз айы.Осы ай аралығындағы күндізгі ең жоғарғы температура +42°С, ең төменгі температура 14-ші тамыз күні +29°С-қа түсті. Түнгі ауа теспературасы осы айда +17°С-тан +24°С аралығында құбылды. Осы айда ашық, алабұлтты, бұлтты, желді күндер болды. Тамыз айы ыстық болып, 16,17,18 – ші тамыз

күндері солтүстік шығыстан 6 -8 м\секуд жылдамдықта желді күндер болды. Айдың орташа тәуліктік температурасы +28,2°С.

Қыркүйек айы. Ауа райы ашық болып, ауаның жоғарғы температурасы 9,10,11-і күндері күндіз +36,370С көрсетті. Ал төменгі температурасы 3,6-ші қыркүйек күні түнде +180С болды. Жыл басынан бастап 00С тан асатын температуралар жиынтығы +4764,50С, 50С тан асатын температуралар жиынтығы +3600,00С. 100С тан асатын температуралар жиынтығы +2580,00С. Ауаның орташа ылғалдылығы 28-35% аралығында болды. Солтүстіктен, солтүстік шығыстан, солтүстік батыстан, оңтүстіктен және оңтүстік батыстан 1-2 кейде 4-5 м/с жылдамдық аралығында жел соғып тұрды.

Кесте 4. Аудандар бойынша пайдалы температуралардың жиынтығы туралы жыл басынан бергі мәліметі.

Қ/С

Аудан

аттары

О0С жоғары

+50С жоғары

+100С жоғары

Түскен ылғал (мм)

1

Арыс

+5984,5

+4592,5

+3471,5

208

2

Бәйдібек

+4610,5

+3383,5

+2335,5

1360,5

3

Казығұрт

+4978,0

+3068,0

+2029,0

162

4

Мақтаарал

+6014,0

+4483,0

+3273,0

258

5

Ордабасы

+5297,0

+4024,5

+2860,0

790

6

Отырар

+4974,0

+3653,0

+2561,0

353

7

Сайрам

+4898,0

+4458,0

+2547,0

1006

8

Сарыағаш

+7040,0

+4480,0

+3150,0

969,5

9

Созақ

+4386,5

+3291,0

+2324,0

1350

10

Төлеби

+4945,0

+3642,0

+2565,0

2998

11

Түркістан

+5075,0

+3789,0

+2711,0

447

12

Түлкібас

+4272,5

+3086,0

+2077,0

1999

13

Шардара

+5498,5

+4197,5

+3005,0

508

14

Шымкент қ.

+4854,5

+3673,5

+2647,0

2021