Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кожахмет Ж.А отчет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.32 Mб
Скачать

1.2 Топырақ климаттық жағдайы

1.2.1 Климаты

Аумақтық инспекцияның елді мекені климаттық көрсеткіштер бойынша шөлейтті аймаққа жатады. Оның басты ерекшеліктері атмосфералық түсімінің аздығы, жазғы ауа температурасының жоғарғы және қысқы температураның төмендігі.

Аумақтық инспекцияның климаттық көрсеткіштеріне сипаттама беру үшін Шымкент метиобекетінің мағлұматттарын келтіреміз. Бұл жердің климатты күрт континенталды қысқа әрі суық қыспен, ыстық әрі ұзақ жаз айларымен, сонымен қатар жауын шашын мөлшерінің аздығымен сипатталады.

Жаз кезінде ауаның орташа температурасы +26,10С, қыс мезгіліндегі орташа температура -2,60С. Жылдың салыстырмалы ылғалдылығы – 57 %, ең жоғарғы ылғалдылық қыс айларында (желтоқсан - қаңтар) байқалады, онда оның көрсеткіші 55 – 75 %, ал ең минемальды жаз айларында (шілде-тамыз), мұнда ол төмендеп 34% жетеді.

Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 517 мм. Жылдық маусымда жауынның түсімі біркелкі емес, максималды мөлшері қыс, көктем айларында келеді. Қыс қысқа және тұрақсыз. Ең бірінші үсік 18 – қыркүйек, орташа 16 – шы қазан, ең соңғысы 15 – қараша айларына тән келеді. Жылдағы аязсыз күндер саны – 189. Елді мекенде өте айқын байқалмайды. Желдің орташа жылдамдығы – 2,9 м/сек.

Бұл шаруа қожалығының климаты бау-бақша, жүзімдік және көкөніс өсіруге өте ыңғайлы, әсіресе бұл дақылдарды ылғалмен қамтамасыз еткен жағдайда.

Кесте 3. Оңтүстік Қазақстан облысының облысы климаттық сипаттамалары

Реті

Көрсеткіштер

Өлшем

Бірлігі

Метеорологиялық

Станция

1

Жылдық жауын – шашын

Мм

100-150

2

Орташа жылдық температура

0С

9,0

3

Қаңтар айының орташа температурасы

0С

-8

4

Шілде айының орташа температурасы

0С

+27,6

5

+10 градустан жылы температураның жиыны

0С

3700-4100

6

Ауаның аязсыз күндер

Күн

180-210

7

Топырақтың аязсыз күндері

Күн

170-200

8

Тұрақты қар түсетін уақыт

Ай

21.11-18.01

9

Қарлы уақыт үзақтығы

Күн

55-68

10

Топырақ бетінің тоң қату тереңдігі

См

45

1.2.2 Жер бедері

Топырақ жамылғысының қалыптасуына бедердің тигізетін әсері өте зор. Кеңістіктегі жарық пен жылуылықтың, сонымен қатар беткі және жер асты суларының таралуы орталығы болғандықтан, бедері көп жағдайда топырақ түзілудің бағытын анықтайды.

Елді мекенде бедер элементтерінің орналасуы мен жату жағдайына байланысты мына төмендегі геоморфологиялық аудандарға бөлінеді:

1)Төбелі – толқымалы жазықтық.

2)Арыс өзенінің аңғары.

Төбелік толқымалы жазықтық. Шаруашылықтың шығыс және батыс бөліктерін қамтиды. Бұл жерлердің салыстырмалы биіктігі 396-444 м. Негізгі бедер элементтеі толық – толқымалы бедер саналады. Бұл аудан өте күрдел, әрі тілімденген. Қапталдар әлсіз көлбеулі, көлбеулі және күшті көлбеулі. Міне, осындай толқымалы жер қапталдарында эрозияға ұшыраған топырақтар кездеседі. Толқымалы бедердің төменгі ойыс жерлерінде беткі сулардың ағуының салдарынан мұнда шалғынды топырақтар қалыптасады.

Арыс өзенінің аңғары. Бұл геоморфологиялық аудан 50-250 м аумақтағы тегіс дала болып табылады, ол жалпы оңтүстікпен солтүстікке қарай еңіс. Бұл жерде шалғынды, құмбалшықты аллювиалды – шалғынды топырақтар қалыптасқан.