- •1 Тақырып: Құқық қорғау органдарының жүйесі және пәні
- •1) Құқық қорғау органдары түсінік
- •3) Құқық қорғау органдарының жүйесі
- •5 Тақырып: Прокуратураның шығу тарихы
- •1) Петр і кезендегі прокуратура органы
- •2) Кенестік прокуратура органдары
- •11 Тақырып: Ішкі істер министрлігі
- •2) Басқа мемлекеттік құқық қорғау органдарымен қатынасы
- •3) Құқық қорғау органдарының жүйесі
- •12 Тақырып: Кеден органдары
- •1) Кеден органдары қызметі жүйесі қойылатын талабы мен жүйесі, құзыреті
- •13 Тақырып: Салық органдары
- •2) Құзыреті мен атқаратын қызметі
- •14 Тақырып: Әділет органдары жүйесі
- •2) Әділет органдарының құзыреті мен өкілеттігі
- •3) Әділет органдарына қызметке алу тәртібі
1 Тақырып: Құқық қорғау органдарының жүйесі және пәні
1) Құқық қорғау органдары түсінік
2) Құқық қорғау пәні мен жүйесі
3) Құқық қорғау органдарының жүйесі
1) Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.
Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.
2) Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.
3) Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.
2 Тақырып: Құқық қорғау органдарының механизмі
1) Құқық қорғау органдарының механизмі түсінігі және ұғымы
2) Құқық қорғау органдарының қоғам өміріндегі алатын рөлі
3) Құқық қорғау органдарының қызмет жасау принциптері және түрлері
1) ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ – заңдылықты және құқық тәртібін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қылмысқа қарсы күрес міндеттерін атқаратын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына сот, төрелік сот, Конституциялық сот (Қазақстанда Конституц. кеңес), прокуратура, ішкі істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік (Қазақстанда өлттық қауіпсіздік), кедендік бақылау, әділет органдары жатады. Кең мағынада алғанда, Құқық қорғау органдары ұғымы бірқатар беймемл. институттарды да: адвокатураны, аралық сотты, т.б. қамтиды. Күшейтілген қылмыстық-құқықтық қорғау жүйесіне қауіпсіздік шаралары мен әлеум. шаралар да кіреді.
2) Республикада құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді.
3) Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.
Барлық құқық органдары төмендегі қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті: 1) заңдылық; 2) адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету; 3) барлығының заң алдындағы теңдігі; 4) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау; 5) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу.
Бұл жөніндегі ҚР Конституциясының 23-бабында тура айтылған: «Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс». Құқық қорғау органдары қызметінің барлық аталған қағидаттары олардың саяси күреске тартылмауына, халықтың алдында жоғары беделі болуына, республикада қатаң заңдылық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің жауапты қызметтерін тәуелсіз орындауға, халыққа адал қызмет етуге, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
3 ТАҚЫРЫП: Конституциялық Кенес
1) Коституциялық Кенестің ұғымы
2) Коституциялық Кенестің құрамы
3) Конституциялық Кенестің ерекшеліктері және конституциялық өкілеттіктері
1) Конституциялық кеңес - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Конституциясының үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады. Конституциялық қадағалаудың үшінші, француздық моделінің үлгісі ретінде Конституциялық Кеңес өкілеттігін жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға тәуелді емес, тек Конституцияға бағынады әрі саяси және басқадай себептерге сүйене алмайды. Конституциялық Кеңес өз іс-әрекетінің процесінде, барлық жағдайда, соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелерді анықтаудан және зерттеуден тартынуға міндетті. Конституциялық Кеңес өкілеттігі, қызметінің ұйымдастырылуы және кепілдігі жағынан соттарға көбірек жуықтағанымен, билік тармақтарының бірде-біреуіне бірікпейді.
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi.
Конституциялық Кеңес жетi мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды, және дауыстар тең бөлінген жағдайда, оның даусы шешуші болып табылады. Конституциялық Кеңестiң екi мүшесiн Республиканың Президентi, екi мүшесiн Парламент Сенаты және екi мүшесiн Парламент Мәжiлiсi қызметке тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң жартысы әрбiр үш жыл сайын жаңартылып отырады.
3) Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:
1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;
2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды;
2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
4) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;
5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді.
Конституциялық Кеңес соттардың өтініштерін Конституцияның 78-бабында белгіленген реттерде қарайды
4 Тақырып: ҚР-ның Сот және сот төрелігі
1) Сот төрелігі туралы заңның түсінігі
2) Сот төрелігі қызметтері
3) ҚР-ында Сот және сот төрелігі биліктің тармағында
4) Сот мәртебесі
5) Соттың нормативтік актілері
6) Сот жүйесі және құзыреті
1) Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады.
Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді.
2) Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.
Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.
Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.
3) Тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесінің дамыуы бірнеше кезеңдерден тұрады. Атап айтқанда, алғашқы кезеңде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы сот билігінің ұйымдастырылуы мен қызметінің негізгі қағидаларын бекітіп берген еді.
Аталған Конституция бойынша сот жүйесі - Конституциялық сот, Жоғарғы Сот, Жоғары төрелік сот, облыстық және бірінші сатыдағы аудандық соттар сот төрелігі органдарына жатқызылды.
4) Сонымен қатар бұл Конституцияда соттар мен судьялардың мәртебесі конституциялық заңдармен белгіленетіндігі, нақтылы істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері жөнінде судьялардың есеп бермейтіндігі, судьяларға ешкімнің тиіспеуі және тағы да басқа мәселелер атап көрсетілді.
5)
6) Сот жүйесiмен Қазақстанның барлық соттарының жиынтығын түсiну керек. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды.
Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:
облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар);
аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалар). Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында арнайы соттар құрылуы мүмкін (әскери, қаржы, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмаған жасөспірімдер істері бойынша).
