Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пародонт аурулары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
351.23 Кб
Скачать

Қызылиектің өсе қабынуы

Қызылиектің өсе қабынуы (гипертрофический гингивит) – қызылиек құрамындағы дәнекертінде құрылымдардың шамадан тыс көбеюімен (пролиферациялануымен) сипатталатын созылмалы қабыну үрдісі.

Қабыну ошағының аумағына қарай шектеулі және жайылған түрлерін ажыратады.

Шектелген үрдіс тістердің ауытқи немесе өте жиі сығысып орналасуы кезінде, салбырата қойылған пломбылар, аса кең немесе терең кигізілген жасанды сауыттар, кламмерлер иықтары, тіс шөгінділері қызылиек жиегін жарақаттаған кезде дамиды және ертеректе «қызылиек бүртігінің өсе қабынуы» (гипертрофический папиллит) деген атпен белгілі.

Қызылиектің жайыла өсе қабынуы көбінесе ішкі бездер қызметінің бұзылуы (жүктілік, климакс, жас өспірімдердің пубертаттық қалыптасуы, жемсау ауруы), қояншық (эпилепсия) ауруы кезінде дифенилді (дифенилгидантойн және б.) және жүктілікке қарсы дәрілерді ұзақ қабылдау, «С» витамині жетіспеушілігі, қан аурулары кезінде орын алады.

Қызылиектің өсе қабынуының екі клиникалық түрін ажыратады: домбыққан және фиброзды.

Домбыққан түрінде қызылиегі қабынған науқас қызылиегінің қатты қанағыштығына, тағам шайнағанда сыздап ауыратынына, косметикалық ыңғайсыздыққа, ауызынан нашар иіс шығатынына, темір дәмін сезінетініне кейде өскен қызылиек бүртіктерін шайнап алатынына шағымданады.

Қарап тексергенде қызылиек жиегі қатты қалыңдаған, тістераралық бүртіктердің көлемі әртүрлі дәрежеде домбыға ұлғайған, консистенциясы жұмсақтау (борпылдақтау), қызылиек жиегінің үшбұрышты иректілік деңгейі бірдей емес, әртүрлі деңгейде өскен бүртіктер тістер сауытын толық жауып, тістеу қыры мен шайнау беттеріне дейін жетіп, тағам шайнағанда жарақаттануы мүмкін. Түстері көкшілдеу – қызыл түсті, беттері жылтыр, сүңгіліп байқағанда оңай қанайды және біразға дейін басылмайды. «Жалған» пародонталдық қалталар анықталады, бірақ тіс-қызылиек бекімінің бүтіндігі бұзылмаған, қызылиек сұйығының мөлшері жоғарылаған. Ауа шоғырымен әсер еткенде қызылиек бүртіктерінің қозғалмалығы байқалады және тіс сауытынан оңай ажырайды. Доғал аспаппен (түймелі сүңгімен) қызылиек бүртігін басқан кезде шамалы ойық пайда болады. Қызылиек өсе қабынған аймақтағы тістер беттерінде көп мөлшерде жұмсақ және қатты шөгінділер анықталады.

Ұлғайған қызылиек бүртіктерінің ұштары кейде өліеттенуге ұшырауы мүмкін.

Қызылиектің өсе қабынуының үш дәрежесін ажыратады:

1-ші дәрежесі (жеңіл) ұлғайған (өскен) бүртіктер тіс сауытының 1/3 бөлігін жабады;

2-ші дәрежесі (орта) – бүртіктер тіс сауытының ½ деңгейіне дейін өскен;

3-ші дәрежесі (ауыр) – бүртіктер тіс сауытының ½ бөлігінен артық бөлігін жаба өскен

Қызылиектің өсе қабынуы алдыңғы тістер аймағындағы қызылиек жиегінің ерін жақ бетінде жиірек орын алады.

Қызылиектің өсе қабынуының патологиялық гистологиясы төмендегідей:

Жүктілік кезіндегі қызылиектің өсе қабынуы (гингивит беременных) екіқабат әйелдің организмін де құрылатын эстроген және прогестерон сияқты гормондардың мөлшеріне байланысты. Қызылиек сұйығында бұл гормондардың мөлшері көбеюі әсерінен қызылиек тіні микроорганизмдердің әрекетіне сезімтал бола бастайды. Аталған гормондардың қантамырларының өткізгіштігін жоғарылатуы нәтижесінде қызылиек тінінде домбығу үрдісі орын алып, простагландиндер және басқа қабыну медиаторларының құрылуы жылдамдайды. Сондықтан жүкті әйелдерде қызылиектің өсе қабынуының домбыққан түрі жиі кездеседі.

Жас өспірімдер қызылиегінің өсе қабынуы (подростковый-юношеский гингивит), домбыққан түрі жыныс гормондарының әсерінен және ауыз гигиенасын дұрыс сақтамаудың нәтижесінде дамиды.

Қызылиектің климактериялық қабынуы әйел организмінде эстроген мөлшерінің ауытқуына, көбінесе оның аздығына байланысты қызылиек эпителийінде мүйізгектену үрдісінің баяулап, қорғаныс қасиетінің төмендеуі нәтижесінде дамиды.

Қызылиектің өсе қабынуы қан аурулары (лейкемиялық ретикулез, миелолейкоз), қант диабеті ауруы кезінде де орын алуы мүмкін.