Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пародонт аурулары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
351.23 Кб
Скачать

Альвеола өсіндісінің сүйек тіні

Альвеола өсіндісі деп әрбір жақ сүйегінің тістердің түбірлері орналасқан бөлігін айтады. Альвеола өсіндісі тістердің түбірлері орналасқан ұяшықтардан (альвеолардан) және тістераралық немесе альвеолааралық қалқан сүйектен (межзубная или межальвеолярная перегородка) тұрады.

Әр альвеола өсіндісінің сүйек тіні тығыз (компакты) және кемік заттан тұрады. Тығыз сүйек альвеола өсіндісінің сыртқы және ішкі қатты (кортикалды) қабаттарын құрайжы және остеондар жүйесі мен сүйек пластинкаларынан тұрады. Тығыз сүйек қабаттарының арасында бір-бірімен айқаса орналасқан сүйек бағаналарынан тұратын кемік сүйек орналасқан. Олардыңсүйек бағаналары арасындағы қуыстарға (ячейкаларға) сүйек майы орналасқан.

Тығыз сүйекті тістің түбір бойымен қантамырлар мен нервтер кіретін өзектер тесіп өтеді. Сүйек тінінің 30-40% органикалық заттан, 60-70% минералды заттар мен судан тұрады. Органикалық заттың негізін құрамында көп мөлшерде оксипролин, фосфосерин бар коллаген құрайды. Сүйек матриксінде сүйектің минералдануына қажет лимон қышқылы да көптеп кездеседі. Сүйек тініндегі гликопротеидтер хондроитинсульфаттан, аз мөлшерде гиалурон қышқылынан және кератинсульфаттан тұрады.

Кемік сүйек қуыстарының (ячейкаларының) көлемдері әртүрлі болады. Төменгі жақ сүйек бағаналары (трабекулалары) көлденең орналасқан және қуыстары ұсақтау болып келеді (мелкоячеистое строение). Жоғарғы жақ сүйегінде кемік сүйек көбірек, қуыстарының көлемі ірілеу, сүйек бағаналары тік орналасқан.

Тістер түбірлері альвеола өсіндісінің жақ сүйектері альвеолаларында (арнаулы ұяшықтарында) орналасқан. әр альвеолада 5 қабырға бар: ұрт жақ, тіл жақ (таңдай жақ), алдыңғы, артқы қабырғалары және табаны. Альвеоланың сыртқы және ішкі тығыз сүйектің екі қабатынан тұрады.

Қалыпты жағдайда пародонттың рентген көрінісі

Рентгенсуретте альвеола өсіндісінің сүйек тінін, периодонт орналасқан периодонт саңылауын, түбір цементін анықтауға болады. Пародонт ауруларыкезінде альвеола өсіндісінің сүйек тіні өзгеріске ұшырайды. Орын алғанөзгерістерді анықтау үшін альвеола өсіндісінің қалыпты жағдайдағы рентген көрінісін жақсы суреттей білу керек. Қалыпты жағдайда ересек адамдардың альвеола өсіндісінің күрек және сүйір тістер аралық қалқан сүйектерінің ұшы үшкір конусқа ұқсайды, ал кіші және үлкен азу тістер тұсында ұшы кесілген пирамидаға немесе трапецияға ұқсайды (сурет) және кіреуке-цемент деңгейінде, ал кейде одан 1-1,5 мм жоғары немесе төмен орналасады. Тістераралық қалқан сүйектер ұштарының пішіндері әртүрлі болып келуі де мүмкін (екіге бөлінген, домалақ, күмбізге ұқсас, жарты айға ұқсап кесілген сияқты). Сирек орналасқан тістер арасында қалқандар ұштары жазықтау болып келеді. Қалыпты жағдайда тістераралық қалқан сүйекті жапқан тығыз сүйек қабаты оның ұшында және бүйір бөліктерінде үзіліссіз созыла орналасқаны анықталады. Қатты сүйек қабаттары арасында орналасқан кемік сүйек көрінісі торға ұқсас келеді (сетчатое или петлистое строение).

Тістераралық қалқан сүйектің торлы құрылымды суреті оның өнбойында бірдей болмайды: ұшында ұсақ торлы, орта бөлігінде – ірілеу торлы, ал түбір ұшы бөлігінде – ірі торлы суретті көрініс орын алады.

Рентгенсуретте кеміу сүйек бағаналары анық көрінеді, әрбір жақ сүйегіндегі бағыттары әртүрлі. Төменгі жақ сүйегінде кіші және үлкен азй тістер тұсында бағаналардың көлденең бағытта анықталады. Алдыңғы тістер тұсында бағаналар суретінің анықтылығы жойылып, торлы суретті көрініс басым болады. Жоғарғы жақ сүйегінде көбінесе біркелкі торкөзді суретті көрінісбайқалады, сүйек бағаналары нысаналы бағытсыз орналасқан, бірақ тікбағыттылар жирек анықталады.

Жоғарғы жақ сүйегіндегі тұйықтаушы сүйек пластинкалары (замыкательная костная пластинка) төменгі жақ сүйегіндегідей өте анық емес. Жоғарғы жақ тістерінің периодонт саңылаулары төменгі жақ тістерінің периодонт саңылауларынан тарлау, ал азу тістердің периодонт саңылаулары алдыңғы тістердікінен кеңірек келеді.