- •2 Схемотехникалық модельдеу бағдарламасының мәні. Windows ож electronics workbench 5.12c схемотехникалық модельдеу бағдарламасы
- •2.2 Ewb 5.12 схемотехникалық модельдеудің негізгі мәліметтері
- •2.3 Жұмыс терезесі құрылымы мен оның қасиеттері
- •2.4 Меню жолы
- •2.5 Басқару командаларына тікелей шығу
- •2.6 Ұсынылған әдебиеттер
- •2.7 Сөж арналған бақылау тапсырмалары
- •3 Electronics workbench бағдарламасының кітапхана компонентерінің құрылымы мен қолдануы. Сұлбаны дайындау және құру технологиясы
- •3. 1 Сұлбаны дайындау және жасау технологиясы
- •3.2 Функционалды элементтер кітапханасы
- •3.3 Бақылап-өлшегіш аспаптар, олардың модельдеу кезіндегі рөлі және программалық жүзеге асыруы
- •3.4 Ұсынылған әдебиеттер
- •3.5 Сөж арналған бақылау тапсырмалары
3.2 Функционалды элементтер кітапханасы
Electronics WorkBench жұмыс өрісінде компонентерімен операция жасау үшін екі аймақтар белгіленген: компоненттер панелі және компоненттер өрісі (3.1 сурет) .
3.1 - сурет – Компоненттер панельі
Компоненттер панелі компоненттер пикторграммаларынын өрістерінен тұрады.
14 пикторграмманың компонент өрістерінің біреуін тышқанмен шерте отырып тиісті өрісті таңдауға болады.
3.2 суретте Electronics WorkBench барлық компоненттер өрістері көрсетілген.
Electronics WorkBench бағдарламасының кіпапханасы элементтеріне аналогты, цифрлы және цифр-аналогты компоненттер кіреді.
Барлық компоненттерді келесі топтарға бөлуге болады:
базалық компоненттер;
көздер (источники);
сызықты компоненттер;
кілттер;
сызықты емес компоненттер;
индикаторлар;
логикалық компоненттер;
комбинациялық түрінің түйіндері;
тізбекті түрінің түйіндері;
гибридты компоненттер.
Өте жиі қолданылатын компоненттерін қарастырайық.
Electronics WorkBench бағдарламасы Канада МЕСТ бойынша құрылғандықтан, кейбір элементтерінің шартты-графикалық белгілері бізде қабылданған белгілерден ерекшеленеді.
3.2 - сурет –Electronics WorkBench бағдарламасының
кітапхана компоненттері
3.2.1 Sources (көздер- источники) кітапханасы
Electronics WorkBench бағдарламасында барлық көздер идиалды болып келеді. Идеалды көздердің ішкі кедергісінің кернеуі нөлге тең, соңдықтан оның шығыс кернеуі жүктемеден тәуелді емес. Идеалды көздің ішкі тоқ кедергісі шексіз үлкен болғандықтан, оның тоғы жүктеменің кедергісінен тәуелді емес.
«Жерге тұйықтау» (заземление) элементін қарастырайық, оның белгісі бізде қабылданған белгісінен ерекшеленбейді, бірақ ол элементі қолдану спецификасына байланысты, оған назар аудару керек.
«Жерге тұйықтау» компоненті нөлдік кернеуге тең, сондықтан потенциалдың (кернеулердің) есептелуінің алғашқы нүктесі болып табылады. Кейбір сұлбалар модельдеу үшін жерге тұйықтау қажет етпейді, бірақ сұлбада операционды күшейткіш, трансформатор, басқарылатын көздер немесе осфилограф болса, олар міндетті түрде жерге тұйықталу керек, әйтпесе аспаптар өлшемейді немесе мәліметтерді дұрыс көрсетпейді.
Тұрақты кернеу көзі 3.3,а - суретте көрсетілген.
3.3 - сурет – Sources кітапханасының кейбір қоректендіру көздері
Тұрақты кернеу ЭҚК (ЭДС) көзі немесе батарея Вольтпен өлшеніп, кез келген мкВ-тан кВ-қа дейін шамаларын беруге болады. Қысқа қалын сызықпен батареяның шығысын көрсетеді және ол басқа шығысқа қарағанда теріс потенциал болып келеді.
Electronics WorkBench батареясының ішкі кедергісі нөлге тең болғандықтан, егер екі параллель қосылған батареяны қолдану керек болса, онда олардың ортасына тізбекті кішігірім (мысалы 1 Ом) кедергісін қосу керек.
Тұрақты тоқтың көзі 3.3,б - суретінде көрсетілген.
Тұрақты тоқтың көзі (direct current) Ампермен өлшеніп, кез келген мкА-ден кА-дейінгі мәндерінің өлшемін беруге болады. Элементтің стрелкасы тоқтың бағытын көрсетеді (плюстан минусқа).
Айнымалы кернеудің көзі 3.3,в - суретінде көрсетілген.
Кернеу көзінің қолданыстағы мәні (root-mean-square – RMS) Вольтпен өлшеніп, кез келген мкВ-тан кВ-дейін шамаларын беруге болады. Сонымен қоса кернеудің жиілік пен бастапқы фазасын беруге болады.
Айнымалы тоқтын көзі 3.3,г - суретінде көрсетілген.
Тоқ көзінің қолданыстағы мәні Ампермен өлшеніп, кез келген мкА-ден кА-дейін шамаларын беруге болады. Сонымен қоса жиілік пен бастапқы фазасын беруге болады. Көздің тоғы "~" белгісі бар шығыстан бастап есептеледі.
Тоқтың (кенеудің) айнымалы синусоидалық көзімен өндірілетін тоқ (кернеу) көзінің Iқ қолданыстағы мәні оның Ipeak амплитудалық мәні келесі қатынаспен байланысты:
(3.1)
мұнда Іқ – тоқтын (кернеудің) қолданыстағы мәні.
3.2.2 Basic (базалық элементтер) кітапханасы
EWB бағдарламасында Резистордың түрі 3.4,а - суретінде көрсетілген. Резистордың кедергісі Оммен өлшеніп Ом-нан МОм-дейінгі шамаларын беруге болады.
3.4 - сурет – Basic кітапханасының өте жиі
қолданылатын элементтері
Айнымалы резистор 3.4,б - суретінде көрсетілген. Айнымалы резистордын қозғалтқышының орнын ауыстыру үшін арнайы стрелка-реттеуіш элементі қолданылады. Диалог терезесінде айнымалы резистордың кедергісін, модельінің сипаттамаларын, қозғалтқыштың бастапқы мәнін (пайыз ретінде) және қосу санын (пайыз ретінде) енгізуге болады. Қосу санын өзгерту үшін батырма-кілттерін қолдануға болады.
Қолданылатын батырма-кілттер:
А-дан Z-дейін әріптер;
0-дан 9-дейін сандар;
Enter батырмасы;
[Space] батырмасы.
Қозғалтқыштың орнын ауыстыру үшін батырма-кілтін басу керек. Оны көбейту үшін [Shift] батырмасымен батырма-кілтін бірге басу керек, ал азайту үшін - батырма-кілт қолданылады. Басқарылатын батырманың атын, тышқан элементімен екі рет шерткен кезде шығатын "Value" диалог терезесінде енгізуге болады, ол жағдай барлық басқарылатын батырма–кілттері бар элементтерге қатысты.
Батырма арқылы басқарылатын кілт 3.4,в - суретінде көрсетілген. Басқарылатын батырма-кілттер арқылы кілттерді тұйықтап немесе ажыратуға болады.
Электрмагниттік реле 3.4,г - суретінде көрсетілген. Электрмагниттік реледе дұрыс тұйықталған немесе дұрыс ажыратылған контакторлар болады. Егер басқарылатын орамның тоғы қосылатын Ion тоғының мәнінең асып кетсе, онда контактлер қосылады. Қосылған кезде реленің дұрыс тұйықталған контактторлары дұрыс ажыратылған контакторымен ауыстырылады. Басқарылатын орамның тоғы ұсталынып тұрған Ihd тоғының мәнінен асқанға дейін реле жұмыс қалпында болады. Ihd тоғының мәні Ion тоғының мәнінен аз болу керек.
EWB-да индуктивтік катушканың, конденсатордың, резистордың мәнін берер кезде олардың тек номиналды мәні беріледі, яғни, индуктивтік, сыимдылық, кедергі.
