Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EWB 5.12 общие сведения каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
770.56 Кб
Скачать

2.3 Жұмыс терезесі құрылымы мен оның қасиеттері

Бағдарламаны іске қосқанда монитордың экранында бағдарламаның жұмыс терезесі шығады. 5.12-версиясы үшін жұмыс терезесі 2.1-суретте көрсетілген.

2.1 - сурет - EWB 5.12 бағдарламасының жұмыс терезесі

Жұмыс терезесінің үстіңгі қатарында меню жолы (File, Edit, Circuit, Analysis, Window, Help) бар, оның басым бөлігі Windows операциондық жүйесіне ұқсас.

Меню жолының астында батырмалар түрінде жасалған пиктограммалар қатары орналасқан, олар жоғарғы менюдің бөлек бір командаларын қысқартылған жол бойынша орындауға және модельдеу процесін басқаратын басқа да командаларын орындауға мүмкіндік береді.

Жұмыс терезесінің жоғарғы жағындағы пиктограммалардың (клавиша) келесі қатары компоненттерді және құралдарды таңдау тақтасы болып табылады.

Жұмыс терезесінің жоғарғы оң бұрышында жұмыс өрісінің сөндіргіші орналасқан, ол модельденген электрлі сұлбаның жұмысын инициализацияландырады, ал оның астында модельдеу процесін кез келген уақытта уақытша тоқтататын Pause батырмасы орналасқан.

Терезенің ортасында – сол жағында бағдарламаның файл аты, оң жағында жабатын белгісі бар бөлгіш жолмен бөлінген жұмыс өрісі орналасқан, сол өрісте компоненттерді және құралдарды таңдау тақтасынан алынған элементтер электрлі сұлбаны құрайды. Графикалық бейнелерді жылжыту, редакторлау және масштабтау бойынша жасалатын операциялар Windows-пен бірдей.

Жұмыс өрісінің астында ақпараттық жол орналасқан, ол жолда модельдеудің негізгі ағымды параметрлері шығады (бағдарламаның әзірлігі, ағымды уақыт, температура және т.с.с.). Бұдан басқа, жұмыс өрісінің астында ақпараттық жолға дейін сұлба жұмысының сипаттамасы шығуы мүмкін (ол бар болғанда), ол жұмыс өрісінің сол жағында Description және оң жағында сәйкес жабатын белгісі бар қосымша жолмен бөлінеді.

2.4 Меню жолы

Курсор сілтемесін File жазуына апарып тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басқанда осы меню ашылады.

2.4.1 File менюі

File менюі файлды ашу және жазу үшін, басқа модельдеу жүйелерінің форматтарындағы файлдардың импорттау және экспорттау үшін арналған.

Бұл менюдің алғашқы төрт командасы: New (Ctrl+N), Open… (Ctrl+O), Save (Ctrl+S), Save As… - Windows үшін типтік болып табылады, сондықтан түсініктемені қажет етпейді.

Revend to Saved… командасы – редакторлаудың осы сеансында енгізілген бүкіл өзгертулерді өшіреді және сұлбаны бастапқы түріне келтіреді.

Import…- командасы – басатын платаларды шығаратын EWB Layout бағдарламасынан мәліметтерді алу.

Export… командасы – мәліметтерді EWB Layout бағдарламасына жіберу.

Print… (Ctrl+P) командасы – принтерге шығару үшін келесі опциялар бар меню астынан мәлімет таңдау (ол тек жұмыс өндірісінде элементтер бар болғанда қосылады):

- Schematic –масштабы 20-дан 500%-ке дейін өзгертуге мүмкіншілігі бар сұлбалар.

- Description – сұлбаға сипаттама.

- Part list – принтерге шығаратын құжаттардың тізімі.

- Model list – сұлбада бар компоненттердің тізімі.

- Sub circuits - сұлба астында (аяқталған функциялардың функционалдық түйіндері болып табылатын және тікбұрыштың ішінде атауы бар белгімен белгіленетін сұлбаның бөлігі).

- Instruments – аспаптардың тізімі.

Осы меню астында басу операцияларын таңдауға (Setup батырмасы) және мәліметті принтерге жіберуге (Print батырмасы) болады. Сондай-ақ қосылған параметрлерді қолдану батырмасы (Accept) немесе алып тастау (Cancel) батырмасы бар.

Print Setup… командасы – принтердін параметрлерін өзгерту.

Exit (Alt+F4) командасы – бағдарламадан шығу.

Install… командасы – жұмсақ дискілерден қосымша бағдарламаларды орнату.

Export to PCB командасы - Or CAD және басқада басу платалар шығаратын бағдарламалар форматында сұлбалардың жалғану тізімін құру.

Import from SPICE – сұлба сипаттамасының мәтіндік файлдардың импорты және SPICE форматында модельдеуге беру (*.cir кеңейту атымен) және оның мәтіндік сипаттамасы бойынша сұлбаны автоматты түрде құру.

Export to SPICE- сұлба сипаттамасының мәтінді құру және SPICE форматында модельдеуге беру.

2.4.2 Edit менюі

Edit менюі сұлбаларды редакторлау командаларын орындауға және экранды көшіруге мүмкіндік береді. 2.2-суретте бұл меню ашылған түрде көрсетілген.

2.2 - сурет - Edit менюі

Cut (Ctrl+X) командасы – сұлбаның белгіленген бөлігін өшіру және оны алмастыру буферінде (Clipboard) сақтау. Бір компонентті белгілеу – тышқанның сол жақ батырмасын компоненттің бейнесіне апарып сырт еткізу арқылы орындалады. Сұлбаның бөлігін немесе бірнеше компоненттерді белгілеу үшін тышқанның курсорын белгіленетін бөліктің сол жақ бұрышынан бастап тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны ұстап тұрып тік төртбұрыштың диагоналі бойынша созып, содан кейін батырмасын жіберу керек.

Copy (Ctrl+C) командасы – белгіленген бөлікті алмастыру буферіне көшіру.

Paste (Ctrl+V) командасы – алмастыру буферінің құрамын жұмыс өрісіне қою. Қоятын жерді нақтылау үшін қойғаннан кейін, бейне белгілі болғанда оны тышқанмен жылжытып орнына қоюға болады. Осылайша алдын ала белгіленген жұмыс өрісінде бар элементтер де жылжытылады.

Delete (Del) командасы – сұлбаның белгіленген бөлігін өшіру.

Select All (Ctrl+A) командасы – бүкіл сұлбаны белгілеу.

Copy as Bitmap командасы – тышқанның курсорын крест тұріне айналдырады. Бұл крест пен тік бұрыш ережесімен экранның керек бөлігін белгілеуге болады, тышқанның сол жақ батырмасын жібергеннен кейін белгіленген бөлік алмастыру буферіне көшіріледі, бұдан кейін оны Windows-тың кез келген қосымшасына импорттауға болады. Бүкіл экранды көшіру үшін - Print Screen батырмасын басу арқылы, ал берілген уақытта экранның белсенді бөлігін, мысалы, диалогтық терезені - Alt+Print Screen комбинациясын басу арқылы жүзеге асырылады. Бұл команда модельдеу бойынша есептемелерді, мысалы, зертханалық жұмыстарды әзірлегенде өте ыңғайлы.

Show Clipboard командасы – алмастыру буферінің құрамын көрсету.

2.4.3 Circuit менюі

Circuit менюі сұлбаларды әзірлегенде, сондай-ақ модельдеу параметрлерін бергенде қолданылады. Бұл менюдің ашылған түрі 2.3-суретте көрсетілген.

2.3 - сурет - Circuit менюі

Rotate командасы (Сtrl - R) - белгіленген компоненетті бұру. Компоненттердің көбісі команданы орындағанда сағат тіліне қарсы 90°-қа бұрылады. Дайын сұлбада бұл команданы қолдану алдында компонентті тізбектен ағытып тастау керек.

Flip Horizontal командасы - компоненттің көлденең бойынша айналық бейнесі.

Rlip Vertical командасы – компоненттің вертикаль бойынша айнадағы бейнесі.

Component Properties… командасы – белгіленген компоненттің қасиеттері. Бұл команда сондай-ақ белгіленген компоненттің үстіне тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет сырт еткізгенде орындалады. Бұл команда орындалғанда келесі терезелері бар қыстырмалар жиыны пайда болады:

- Model – компоненттің моделін таңдау (активті компоненттер үшін, диоттарды қосқанда). Бұл команда белгіленген компоненттің үстіне тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет сырт еткізгенде де орындалады. Бұл ішкі меню көмегімен кітапханалық компоненттің түрі таңдалынып алынады, оның параметрлері өзгертіледі, жаңа кітапхана құрылады және басқа да көмекші командалар орындалады.

- Value – компонент параметрінің номиналды мәнін өзгерту (пассивті компоненттер үшін). Бұл команда белгіленген компоненттің үстіне тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет сырт еткізгенде де орындалады. Параметрдің номиналдық мәні батырмадан енгізіледі. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, “жоғары/төмен” батырмаларын басып курсордың белгілеуімен көбейткіш таңдалынады.

- Label – белгіленген элементтің позициялық белгіленуін енгізу(егер белгіленуді оң жаққа жылжыту керек болса, онда сол жағынан бос орын батырмасын (пробел) бірнеше рет, бірақ 14 – тен көп емес, басып жылжытуға болады).

- Fault – ағып кету кедергісін (Leakage), қысқа тұйықталуды (shart), үзілуді (Open) енгізу арқылы белгіленген элементтің ақауын имитациялайды. Үнсіз ақаудың жоғы қосылып тұрады (None).

- Display – экранға компоненттік белгіленуінің шығуының түрін беру. Use Schematic Options global setting опциясын таңдағанда бүкіл сұлба үшін қабылданған параметрлері қолданылады. Басқа жағдайда әр компонент үшін позициялық белгіленуінің және номиналды мәнінің экранға шығуының жеке келтірілуі қолданылады.

- Analysis Setup - әр элемент үшін жеке түрде температураны қоюға, немесе бүкіл сұлбаға оның номиналды мәнін қоюға мүмкіндік беретін диалогтық терезені шығарады.

Create Sub circuit… (Ctrl+B) командасы – алдын ала белгіленген сұлбаның бөліктерін ішкі сұлбаға түрлендіреді. Сұлбаның белгіленген бөлігі оған жатпайтын өткізгіштер мен компоненттер аймағына кірмейтіндей болып орналасуы керек. Бұл команда орындалғанда опциялары бар келесі диалогтық терезе ашылады:

- Name – ішкі сұлба аты.

- Copy from Circuit – ішкі сұлба Custom кітапханасына көрсетілген атпен басқа сұлбаға өзгертулер енгізбей көшіріледі.

- Move From Circuit – белгіленген бөлік жалпы сұлбадан қиылып алынып, ішкі сұлба түрінде оған берілген атпен Custom кітапханасына көшіріледі.

- Replacein Circuit – белгіленген бөлік бастапқы сұлбада аты енгізілген ішкі сұлбамен алмастырылып бір уақытта Cusom кітапханасына көшіріледі.

- Cancel – операциядан бас тарту.

Бұл команданы қолданғанда ішкі сұлбаны қарап өзгерту үшін оның белгісінің үстінен тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет сырт еткізу керек екенін ескеру қажет.

Ішкі сұлбаның өзгеруі сұлбаларды өзгертуден жалпы ережелері бойынша орындалады. Ішкі сұлбаның қосымша шығысын құру үшін ішкі сұлбаның сәйкес нүктесінен тышқанның курсорымен өткізгішті ішкі сұлба терезесінің шегіне қарай боялмаған тікбұрышты байланыстық алаң пайда болғанша тартып, содан кейін тышқанның сол жақ батырмасын жіберу қажет. Шығысты өшіру үшін ішкі сұлбаның шетіндегі оның тікбұрышты алаңынан тышқанның курсорымен ұстап терезенің шетінен шығарып жіберу керек.

Zoom In командасы (Ctrl++) – бейне өлшемін үлкейту (дискретті түрде, 20% шамасына).

Zoom Out (Ctrl+-) командасы – бейне өлшемін кішірейту (дискретті түрде, 20% шамасына).

Schematic Options … командасы - сұлбаның опциялары. Бұл команда орындалғанда белгілі бір опциялары бар келесі диалогтық терезелер ашылады:

1) Show/Hide терезесі (көрсету/жасыру). Терезенің опциялары:

- Show ladels – компоненттердің позициялық белгіленулерін көрсету.

- Show reference ID – Analysis менюнің командалары орындалғанда компоненттің позициялық белгіленуін көрсету.

- Show models – компоненттер модельдерінің атауларын көрсету.

- Show values – компоненттер номиналдарын көрсету.

- Show nodes түйіндердің нөмірленуін көрсету.

- Auto hide part bins – берілген сұлбадағы компоненттер кітапханасы құрамын көрсету.

- Keep part bins positions – сұлбаны дайындау кезінде экрандағы қолданылатын компоненттер кітапханасының қалпын сақтау.

Әдетте компоненттердің жаңа кітапханасын таңдағанда алдындағысы өшіріледі. Экранда бірнеше кітапхананы сақтау үшін оларды экран бойынша таратып орналастыру керек, бұл жағдайда жаңа кітапхананы таңдағанда олардың қалпы өзгеріссіз қалады.

2) Crid (тор) терезесі. Терезенің опциалары:

- Show grid – торды көрсету (бұл опция өзгертілмей қосылып тұрады). Бұл опция Use grid опциясы қосылып тұрғанда ғана белсенді болады.

- Use grid – торды қолдану.

3) Font (шрифт) терезесі: Терезенің опциялары: (элементтің белгісі (Label) және оның параметрі (Values) үшін бөлек).

4) Wiring (жалғау) терезесі. Терезенің опциялары:

- Routing optins – сұлбада өткізгіштерді өткізу және олардың өзара жалғануын ұйымдастыру.

- Rewiring options - өткізгіштер мен жалғануларды өшіру.

- Auto – delete conneсtors – қолданылмайтын жалғануларды автоматты түрде өшіру (мысалы, бір-бірін қостайтын).

5) Printing (басып шығару) терезесі.

2.4.4 Analysis менюі

Analysis менюі сұлбаларды дайындағанда және модельдеу параметрлерін бергенде қолданылады. 2.4-суретте осы меню ашылған түрде көрсетілген.

2.4 - сурет - Analysis менюі

Activate командасы (Ctr+G) – модельдеуді іске қосады.

Pause командасы (F9) – модельдеуді үзеді (уақытша тоқтатады). Осы команда экранның оң жақ жоғарғы бұрышында орналасқан сәйкес батырманы басу арқылы жүзеге асады.

Stop командасы (Сtrl+T) – модельдеуді тоқтатады. Бұл команда сондай-ақ экранның оң жақ жоғарғы бұрышында орналасқан сәйкес батырманы басу арқылы жүзеге асады.

Anolysis Оptions командасы (Сtrl+Y) – модельдеу параметрлерін орнатуға арналған көмекші командалар жиынтығы.

Осы команданы орындағанда келесі диалогтық терезелерден тұратын қыстырмалар жиыны (ішкі меню) шығады.

- Global – жалпы түрдегі келтіру;

- DC – тұрақты тоқта жұмыс істейтін бағдарламаның тізбекті модельдеу режимдерін өзгерту;

- Transient - өтпелі үрдістер талдау режимінің параметрлерін келтіру;

- Device – МОП – транзисторлардың параметрлерін таңдау;

- Instruants – бақылауды-өлшеуіш аспаптардың параметрлерін өзгерту.

DC Operating Point командасы – режимді тұрақты тоқ бойынша есептеу.

Бұл режимде модельденуші сұлбадан бүкіл конденсаторлар алынып тасталады да, бүкіл индуктивтіліктер тұйықталады. Есептеу нәтижелері нақты бөліктерге тән болғандықтан, бұл команданы қолданған кезде Circuit>Schematic Options>Show/Hide менюінде Show Reference ID және Show Nodes опцияларын пайдаланған дұрыс болады. Бұл команданы орындау барысында терезелі қосымшалар (подменю) пайда болады. Олардың арасындағы ең негізгісі - DC Bias – мұнда сұлбаның тиісті тараптарының есептеу нәтижелері берілген. Қалған терезелер оператордың әсер етуіне байланысты пайда болып отырады. Мысалы, модельденуші сұлбаның параметрлерін өзгерткен кезде сұлбаның параметрлерінің бүкіл варианты келтірілген Statistics (Analog) терезесі, ал сұлбада қате пайда болған кезде қатеге нұсқайтын Error Log атты терезе ағылшын тілінде ашылады.

AC Frequency … командасы – жиіліктік сипаттамаларды есептеу. Бұл түймені (тышқанның көмегімен) басқан соң 2.5-суретте келтірілген AC Analysis (айнымалы тоқта сараптау) диалогты терезе пайда болады:

2.5 - сурет - AC Analysis диалогты терезесі

Transient … батырмасы - өтпелі процестерді есептеу.

Fourier командасы - Фурье-талдау жасау (спектральді талдау).

Monte Carlo… командасы – статистикалық талдауы Монте-Карло тәсілімен жүргізу.

Display Graphs командасы – графиктерді көрсету.

Бұл команда кезінде графиктер мен диаграммаларды көруге, түзетуге және сақтауға мүмкіндік беретін дисплейдің көпмақсатты құралы – талдаудын диаграммалар (графиктер) терезесі ашылады. Дисплей бұл сәтте диаграммаларды көрсетіп тұрады. Диаграммада (графикте) шамалар түзулердің вертикаль және горизонталь параметрлерінің бір немесе бірнеше проекциялары ретінде көрсетілген. Мәтіндік шамалар диаграмма жолдар мен бағаналарда келтірілген. Analysis Graphs терезесі бірнеше табуляцияланған беттерден құралған.

2.4.5 Window менюі

Window менюі құрастырылатын сұлбамен оперативті жұмыс жасағанда қолданылады. Меню келесі командалардан тұрады:

Arrange (Ctrl+W) командасы – жұмыс терезесіндегі ақпаратты экранды қайта жазу арқылы реттеу. Сонымен қатар компоненттер бейнелері мен қосқыш өткізгіштердің қисықтарын түзетеді.

Circuit командасы – сұлбаны алдыңғы жоспарға (планға) шығару.

Description (Ctrl+D) командасы – бар болса алдыңғы планға сұлбаның түсіндірмелерін шығару немесе оны дайындаудың терезе-бағалығын шығару (тек ағылшын тілінде).

2.4.6 Help менюі

Help (Көмек) менюі Windows үшін стандартты тәсілмен құрылған және ашық түрінде келтірілген. Бұл менюде жоғарыда қарастырылған бүкіл командалар және өлшегіш құралдар, сондай-ақ бағдарлама туралы мағлұматтар ағылшын тілінде жазылған. Компонент туралы жедел анықтама алу үшін сұлбада оны тышқанның сол жақ батырмасымен сырт еткізіп белгілеу керек те, Ғ1 батырмасын басу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]