- •2 Схемотехникалық модельдеу бағдарламасының мәні. Windows ож electronics workbench 5.12c схемотехникалық модельдеу бағдарламасы
- •2.2 Ewb 5.12 схемотехникалық модельдеудің негізгі мәліметтері
- •2.3 Жұмыс терезесі құрылымы мен оның қасиеттері
- •2.4 Меню жолы
- •2.5 Басқару командаларына тікелей шығу
- •2.6 Ұсынылған әдебиеттер
- •2.7 Сөж арналған бақылау тапсырмалары
- •3 Electronics workbench бағдарламасының кітапхана компонентерінің құрылымы мен қолдануы. Сұлбаны дайындау және құру технологиясы
- •3. 1 Сұлбаны дайындау және жасау технологиясы
- •3.2 Функционалды элементтер кітапханасы
- •3.3 Бақылап-өлшегіш аспаптар, олардың модельдеу кезіндегі рөлі және программалық жүзеге асыруы
- •3.4 Ұсынылған әдебиеттер
- •3.5 Сөж арналған бақылау тапсырмалары
2.5 Басқару командаларына тікелей шығу
Меню жолағында келтірілген, сондай-ақ Window-қа тән басқа да басқару командаларының көпшілігін жедел топтастыру үшін, меню жолағының астында орналасқан жедел кіру пернелерінің жолағы қызмет етеді. Оларды қолдану құрастыру процесін біршама жылдамдатуға мүмкіндік береді.
2.6 Ұсынылған әдебиеттер
БЭС
Федорашко И.Н., Дайч Л.И., Федорашко Ю.И. и др. Применение программы схемотехнического моделирования Electronics WorkBench в процессе обучения электротехническим специальностям. Часть 1: Учебное пособие. – Караганда, 2003. – 40с.
Карлащук В.И. Электронная лаборатория на IBM PC. Лабораторный практикум на базе Electronics WorkBench и MatLab. – М.: СОЛОН-Пресс, 2004. – 800с.
Кошкин Н. И., Ширкевич М. Г., Справочник по элементарной физике. Издание третье, переработанное и дополненное. Москва, издательство Наука, 1965. – 248с.
2.7 Сөж арналған бақылау тапсырмалары
Сұлба мен схеметехника дегеніміз не?
Electronics Workbench 5.12с. схемотехникалық бағдарламаның жалпылай сипаттамасын келтіріңіз.
Electronics Workbench 5.12с бағдарламасында тоқтың қандай түрлерін модельдеуге болады? Сұлбалардың жұмыс істеу өтпелі режимін талдауға болады ма?
Айнымалы тоқта жұмыс істейтін сұлбалардың талдауын қандай аймақта өткізуге болады? Өтпелі режимдердің талдауында кіріс әсерлерінің түрін өзгертуге бола ма?
Electronics Workbench 5.12с модельденген сұлба нәтижелерін қандай түрде көрсетуге болады және оларды өңдеу үшін басқа бағдарламаларға жіберу мүмкіндіктері бар ма?
Electronics Workbench 5.12с бағдарламасында сұлбалардың қандай қүрделі дәрежелерін құруға болады. Қандай операциялар арқылы?
Electronics Workbench 5.12с бағдарламасында тек қана батырма арқылы басқаруға бола ма?
Electronics Workbench 5.12с бағдарламасының графикалық мүмкіншіліктері қандай?
Жұмыс терезесінің құрылымын және оның қасиеттерін айтыңыз.
Electronics Workbench 5.12с бағдарламасының меню жолының құрамын және әр пунктін сипаттаңыз.
"Revert to Saved" және "Copy as Bitmap" командалары не істейді және олар қандай менюде орналасқан.
Electronics Workbench 5.12с модельдеу процесін іске қосу/тоқтатуды қандай команда арқылы орындауға болады?
"Analysis Graphs" терезесін қалай ашуға болады және ол не үшін қолданылады?
3 Electronics workbench бағдарламасының кітапхана компонентерінің құрылымы мен қолдануы. Сұлбаны дайындау және құру технологиясы
3. 1 Сұлбаны дайындау және жасау технологиясы
Жалпы жағдайда электр сұлбасының моделін жасау процесі бағдарламаның (кітапханасынан) қорынан алынған электронды компоненттерді жұмыс алаңына орналастырудан басталады. Қажетті кітапхананың каталогын ашу үшін тышқанның курсорын компоненттер мен құрал-саймандар таңдау панелінің сәйкес пиктограммасына (батырмасына) әкеліп, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басу керек. Осы кезде батырманың түсі өзгереді де таңдаған пиктограммадағы бар электрондық компоненттер мен өлшегіш құралдарды көрсететін жұмыс терезесі ашылады. Керек компонентті таңдап, оған тышқанның көрсеткішін бағыттағаннан кейін, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, бейнені жұмыс алаңына апару керек. Осы әрекеттер кезінде элемент қызыл түспен ерекшеленеді, бұл оның белсенді жағдайда екенін білдіреді. Белсенді жағдайды кетіру үшін, курсорды элементтің бейнесінен алып, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басу керек. Элементті белсенді жағдайға келтіру үшін оған тышқанның курсорын апарып, сол жақ батырманы екі рет басу керек. Элементтің белсенді жағдайында оған курсорды апарған кезде оның астынан сұқ саусағы элементке бағытталған қолдың бейнесі пайда болады. Бұл кезде тышқанның сол батырмасын екі рет басса, кейбір элементтерді мүшелеп өзгерту мүмкіндігі бар (Edit батырмасы), элемент параметрлерінің диалогтық терезесі ашылады.
Қасиетті
компоненттерді орналастырып болғаннан
кейін оларды өткізгіштермен қосу
орындалады. Бұл кезде компоненттің қосу
тетігіне бір ғана өткізгіш жалғауға
болатынын естен шығармаған жөн. Қосуларды
орындау үшін компоненттік қосу тетігіне
тышқанның курсорын апарып, қара нүкте
пайда болғаннан кейін, тышқанның сол
жақ батырмасын басқанда пайда болған
өткізгішті келесі компоненттің қосу
тетігіне жеткізіп, онда тура сондай
қара нүкте пайда болған кезде тышқанның
батырмасын босатса, қосу дайын болады.
Екеуден көп қосу тетіктерін жалғау
керек болса, бұрын қойылған өткізгішке
компоненттер кітапханасынан алынған
қара нүкте (қосу символы) орналастырылады.
Бұдан кейін ол нүктеге тағы да екі
өткізгіш қосуға болады. Жалпы жағдайда
нүктенің өзара
бұрышта орналасқан 4 қосу тетігі болады.
Егер жалғаманы үзу керек болса, курсорды
компоненттің қосу тетігіне немесе қосу
нүктесіне апарып, қара нүкте пайда
болған кезде сол жақ батырманы басып,
өткізгіш жұмыс алаңының бос жеріне
апарылады да, батырма босатылады. Қосқыш
өткізгіштер ортогональді бағытта
автоматты түрде орналасады. Егер
өткізгіштің жеке сегментін жылжыту
керек болса, оған курсорды апарып, сол
жақ клавишті басу керек те, вертикаль
немесе горизонталь жазықтықта қосарланған
курсор пайда болғаннан кейін, қасиетті
жылжытулар орындалады.
Сұлбаға бақылау - өлшеу аспаптарын қосу жоғарыда аталғандай атқарылады.
