- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты
- •2)Практиканы блоктау оқушылар өзі сынап қарауға
- •Лекция-3. Тірек сигналдар арқылы оқыту технологиялары. Тірек конспектілерін жасалуына қойылатын талаптар.
- •Лекция-4. Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында қолдану.
- •Лекция-5. Оқушылардың алған білімдерін қолдана білугеүйрету сабақтары.
- •Д әстүрлі емес сабақтар
- •Лекция-7. Электромагниттік тақырыбы бойынша қайталау-пысықтау сабақтары
- •Лекция-8. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту. Шығармашылық сабақтар.
- •2) Альберт Эйнштейн, Макс Планктың
- •Лекция-9. Сөзжұмбақ-қайталау-пысықтау сабақтарында негізгі көмекші құрал.
- •Сөзжұмбақ «Атомдық физика»
Лекция-9. Сөзжұмбақ-қайталау-пысықтау сабақтарында негізгі көмекші құрал.
Физика –қызықты ғылым. Физика сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда сөзжұмбақтың алатын орны ерекше. Әсіресе сөзжұмбақты қайталау-пысықтау сабақтарында қолдану тиімді. Қайталау сабақтарында мұғалімдердің алдына көптеген міндеттер қойылады:
оқушыларға физикалық құралдардың қайда және не үшін пайдаланылатынын білдірту.
физикалық шамалар мен бірліктердің , заңдылықтардың мағынасын аштыра білдірту.
физикалық жаңалықтар мен заңдылықтардың кім, қашан және қалай ашқандарын білдірту.
Осы ретте оқушылардың логикалық ой-жүйесін, сана-сезімін
дамытуда,олардың әртүрлі физикалық шамалар мен бірліктердің , терминдер мен заңдылықтардың , құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауда сөзжұмбақты пайдалануға болады.
Сөзжұмбақты сабақ үстінде де шешуге болады. Бұл үшін алдын ала жылжымалы тақтаға сөзжұмбақтың торы сызылып қойылады.
Сөзжұмбақты физикалық диктант ретінде қолдануға болады. Бұл үшін сабақ басталғанға дейін тақтаға сөзжұмбақтың торы сызылып, әрбір торкөз сәйкесінше толтырылады. Ал сабақта оқушыларға 6-8 минут уақыт ішіндеәрбір көрсетілген физикалық шамалардың , бірліктердің немесе заңдылықтардың мағынасын ашу тапсырылады.
Сонымен , қайталау-пысықтау сабақтарында сөзжұмбақты оқушылардың білімін бағалау үшін де пайдалануға болады.
Сөзжұмбақ үй тапсырмасы қызметін де атқара алады. Үлкен тақырыптар мен тарауларды қайталағанда оқушыларға үйде осы тақырып немесе тарау бойынша сөзжұмбақ құрастырып келуін тапсыруға болады.
Қорыта айтқанда, сөзжұмбақпен жұмыс жасау оқушыларды ынталандырып, олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра түседі.Сондықтан да әрбір тақырыпты ,тарауды қайталаған сайын сөзжұмбақпен жұмыс жасауды дағдыға айналдырған жөн.
Сөзжұмбақ «Атомдық физика»
Ф |
И |
З |
И |
К |
А |
|
||||||||||
|
|
|
|
Т |
|
|
|
|||||||||
|
|
|
|
|
О |
|
|
|
||||||||
|
|
|
М |
|
|
|
|
|||||||||
|
|
Д |
|
|
|
|||||||||||
|
|
Ы |
|
|
|
|
|
|
|
|||||||
|
Қ |
|
|
|
|
|
|
|
||||||||
Сұрақтар:
1-2-атом ядросын құраушы бөлшектер
3-электронды ашқан ағылшын физигі
4-атомның негізгі ортаңғы бөлігі
5-элементар бөлшектерді зерттеу үшін қалың қабатты фотоэмульсия әдісін ұсынған орыс ғалымы
6-табиғатта болатын өзгеріс
Жауаптар:
1-протон
2-нейтрон
3-Томсон
4-ядро
5-Мысовский
6-құбылыс
Лекция-10. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша 10-сынып физикасы тақырыптарына инновациялық технологияларды қолдану.
Электродинамика негіздері
(Х сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Электродинамика негіздері
бойынша немесе «Табиғаттағы электромагеиттік құбылыстар» тақырыбы бойынша қайталау-пысықтау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
«Электродинамика» тарауы бойынша негізгі физикалық заңдылықтарды: Кулон заңын, Ампер заңын, Джоуль-Ленц заңдарын, тізбектей және параллель қосудың заңдылықтарын қайталап,бір жүйеге келтіру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды ұлы физиктердің : Фарадейдің, Максвельдің өмірбаяндарымен таныстыра отырып, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық көзқарастарды оята отырып, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеуге ат салысу.
Дамытушылық:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, оларды өз бетінше ізденуге талаптандыру.
Сабақтың типі:
Қайталау-пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі:
Дәстүрлі емес сабақ,Не? Қайда? Қашан? Ойын-жарыс сабағы.
Көрнекіліктер:
М.Фарадей,Дж.Максвелл,Д.И.Менделеев,П.Н.Яблочковтың портреті.
Физикалық құралдар
А)амперметр
ә) вольтметр
б) реостат
в) жартылай өткізгішті дилд
г) конденсатор
д) магнит
е) электроскоп
ж) техникалық құралдар
з) графо проектор
и) магнитафон
Тәжірибеге қажетті құралдар:
а) жазық конденсатор
ә) электрофор машинасы
б) электрлік магнит
в) гальвонаметр
г) эбонит таяқшасы
д) тағандағы лампа
е) жүн мата
ж) штатив
з) ине мен жіп
и) ағаш тақтайша
к) картоп
л) металл пластинка
м) альюминий мен мыс сымдар
Демонстрациялар:
1-тәжірибе: Зарядталған жазық конденсатордың астарларының арасына қойылған маятниктің тербелісі
2-тәжірибе: Ауада ілініп тұрған ине
3-тәжірибе: Картоптан жасалынған Вольта гальвоникалық элементі
4-тәжірибе: Зарядталған эбонит таяқшаны жанып тұрған лампаға жақындатқанда лампаның жарқырауы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қымбатты балалар!
Бүгін сіздермен «Элетродинамика негіздері « тарауын қайталауға байланысты « табиғаттағы электромагниттік құбылыстар» тақырыбына қайталау-пысықтау сабағын өткіземіз.Сабақтың мақсаты- « Электродинамика негіздері» тарауындағы негізгі заңдылықтарды бір жүйеге келтіріп, олардың физикалық мағынасын аша түсіп, өмірде осы тарудағы алған білімдерді пайдаланабілуге үйрену.
І бөлім: «Сәлемдесу» бөлімі.
ІІ бөлім: Тапқырлар сайысы.
ІІІ бөлім: «Электромагниттік өріс» шыршасын безендіру
Бұл сайыстың мақсаты оқушылардың физикалық шамалардың формуласын қаншалықты білетіндігін тексеру.
IV бөлім: Құралдар сайысы.
V бөлім: «Ұлы ғалымдарды білесіз бе?»
VI бөлім: Кім күшті?
Есеп шығарудан сайыс. Әр топқа бір есептен беріліп, 4 минут уақыт беріледі.
VII бөлім: Жанкүйерлер сайысы «Жұмбақтар елінде»
Жұмбақтар айтудан жарыс болады.
VIII бөлім: Сөзжұмбақтар сайысы.
ІХ бөлім: «Физика мақал-мәтелмен» жанкүйерлер сайысы.
Х бөлім: «Қызықты тәжірибелер» топ басшыларының сайысы.
ХІ бөлім: «Кім жылдам?» сайысы
Әр топқа 15 сұрақтан оқылады, топ мүшелері сұраққа ойланбастан бірден жауап берулері шарт.
Сабақтың қорытындысы:
Әділ-қазылар алқасы жарыста жеңіске жеткен топты анықтайды.
Мұғалім 2 топ мүшелерінің , жанкүйерлерінің , жалпы сыныптың берген жауабын бағалап, сабақтың жалпы қорытындысын шығарады. Жалпы қайталау-пысықтау сабақтарында осы тұрғыда- Не? Қайда? Қашан? Ойын-жарыс түрінде өткізудің тиімді жақтары көп.
а) бұндай сабақтар оқушыларды тапқырлыққа , алғырлыққа , ізденуге үйретеді.
б) оқушылардың өздерінің сабақтарда алған білімдерін өмірге қолдана білуге үйретеді.
в) оқушыларды логикалық ойлауға, шығармашылыққа, өз бетінше еңбек етуге үйретеді.
