- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты
- •2)Практиканы блоктау оқушылар өзі сынап қарауға
- •Лекция-3. Тірек сигналдар арқылы оқыту технологиялары. Тірек конспектілерін жасалуына қойылатын талаптар.
- •Лекция-4. Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында қолдану.
- •Лекция-5. Оқушылардың алған білімдерін қолдана білугеүйрету сабақтары.
- •Д әстүрлі емес сабақтар
- •Лекция-7. Электромагниттік тақырыбы бойынша қайталау-пысықтау сабақтары
- •Лекция-8. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту. Шығармашылық сабақтар.
- •2) Альберт Эйнштейн, Макс Планктың
- •Лекция-9. Сөзжұмбақ-қайталау-пысықтау сабақтарында негізгі көмекші құрал.
- •Сөзжұмбақ «Атомдық физика»
2) Альберт Эйнштейн, Макс Планктың
Портреттері
Сабақтың типі: қайталау-пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қымбатты, балалар!
Бүгін сіздермен «Кванттық физика» тақырыбына қайталау-пысықтау сабағын өткіземіз. Сабақтың мақсаты-сіздердің осы таруда алған білімдеріңізді бір жүйеге келтіру, сіздерді шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың барысы:
І бөлім: «Фотоэффект» сөзжұмбағын шешу.
ІІ бөлім: «Фотоэффект», «Кванттық физика» шыршасын
безендіру.
Бұл бөлімнің мақсаты-оқушылардың «Кванттық физика» тарауындағы негізгі физикалық формулаларды қалай меңгергендіктерін айқындау.
ІІІ бөлім: «Рефераттар» тобы.
Оқушылар өздерінің дайындаған рефераттарынан қысқаша мағлұматтар береді.
1.Бұл ғалым кім?
2.Өмір сүрген жылдары
3.Қандай жаңалық ашты?
4. Ол жаңалық қайда, не үшін қолданылады?
Мысалы, рефераттардың тақырыбы төмендегідей болулары мүмкін:
«Макс Планк»
«Альберт Эйнштейн»
IV бөлім: Жұмбақтар шешу
V бөлім: «Гүл», «m» - гүлін безендіру
Тақтаға үлкен қылып «т»-гүлінің жапырақшалары салынады да , қалған оқушыларға қанша жапырақша болса, сонша массаның формуласын табу тапсырылады.Біріншісі болып барлық формуланы дұрыс тапқан оқушыға ескерткіш ретінде «т»-гүлі сыйға беріледі.
VI бөлім: «Нобель сыйлығы» туралы білесіз бе?
Нобель сыйлығы- дүние жүзі ғалымдарының ең үлкен наградасы. Бұл сыйлық бірнеше зауыттар мен фабриканың иегері, динамитті ойлап тапқан Шведтің атақты ғалымы, өнертапқышы Альфред Нобельің құрметіне аталған.
Өлер алдында , 1895 жылдың 27 қарашасында өзінің 31 миллион долларын дүние жүзіндегі жас талапкер ғалымдарды қолдау үшін өсиет етіп қалдырды. Бұл сыйлық жыл сайын физика, химия, медицина, әдебиет пен өнер, бейбітшілікті нығайту саласында еңбек етіп, жаңалық ашқан ғалымдарға беріледі.
Бұрынғы Кеңес Одағында физикадан 8 орыс физиктері Нобель сыйлығын иеленді.Олар И.Е.Тамм, И.М.Франк, И.Г.Басов және т.б.
VІI бөлім: «Ұлы ғалісдар өмірінен» немесе
«Ғалымдар сөйлейді» викторина-сұрақ
1.Альберт Эйнштейн «Өмірі құнды өнер туындыларына толы» деп қай физикті айтты?
Жауабы: Классикалық электрондық теорияны құрушы Г.Лоренц.
2.С.И.Вавилов қай академикті физикалық эксперименттің асқан шебері және сиқыршысы деп атады?
Жауабы: Физикалық оптикадағы жұмысымен әлемдік атақты жеңіп алған американ физигі Роберт Вуд.
VIII бөлім: «Нобель сыйлығының лауреаттары» викториналық
сұрақтар
Қай физик 2 рет: бірінші рет физика, екінші рет химия саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты болды?
Жауабы:Мария Сладовская-Кюри физика бойынша Нобель сыйлығын 1903 жылы, химия бойынша Нобель сыйлығын 1911 жылы.
Физиктердің ішінде химия саласы бойынша Нобель сыйлығын алған кімдер және қандай ғылыми еңбектері үшін?
Жауабы: 1) Сладовская-Кюри- радий, полоний элементтерін ашқаны және радийдің қасиеттерін , оның қоспаларын зерттегені үшін;
2) Фрэнис Уильям Астон-ағылшын ғалымы, тұрақты изотоптарды ашқаны және олардың қасиеттерін зерттегені үшін.
Сабақтың қорытындысы:
Мұғалім әр топтың шығармашылық жұмыстарын қарап бағалайды. Топ басшылары өз топтарындағы әр жұмысқа баға береді.
Мұндай шығармашылық сабағының төмендегідей ерекшеліктерін атап өтуге болады:
оқушыларды өз бетінше ізденуге үйретеді;
оқушылар әр түрлі ақпарат құралдарымен: ғылыми-көпшілік кітаптармен, анықтама материалдармен және т.б. жұмыс істеуге үйренеді.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері жетіліп,шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.
