- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты
- •2)Практиканы блоктау оқушылар өзі сынап қарауға
- •Лекция-3. Тірек сигналдар арқылы оқыту технологиялары. Тірек конспектілерін жасалуына қойылатын талаптар.
- •Лекция-4. Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында қолдану.
- •Лекция-5. Оқушылардың алған білімдерін қолдана білугеүйрету сабақтары.
- •Д әстүрлі емес сабақтар
- •Лекция-7. Электромагниттік тақырыбы бойынша қайталау-пысықтау сабақтары
- •Лекция-8. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту. Шығармашылық сабақтар.
- •2) Альберт Эйнштейн, Макс Планктың
- •Лекция-9. Сөзжұмбақ-қайталау-пысықтау сабақтарында негізгі көмекші құрал.
- •Сөзжұмбақ «Атомдық физика»
Лекция-4. Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында қолдану.
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға.
Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі –методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру.Демек сапалы, тиімді нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ-ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.
Жалпы физика сабақтарын мынадай төрт топқа бөлуге болады:
1.Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
2. Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
3. Оқушылардың алған білімдерін қолдана білуге үйрететін сабақтар
4.Тақырыпты қайталау-пысықтау сабағы.
Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.
Әрбір жаңа тақырыпты бергенде оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай тірек белгілері мен тірек конспектілерін шығару керек.Сондай-ақ физикалық заңдылықтар мен құбылыстарға арнап жеке тірек белгілерін де құрастыру керек.Мысалы, 8-ші сыныпта ішкі энергия тақырыбын өткенде , ішкі энергияның физикалық мағынасын толық ашуүшін төмендегідей тірек белгісін пайдалануға болады.
Еішкі=N(Епот+Екин)
дене молекула
Мұндағы, Еішкі – дененің ішкі энергиясы,
Епот –молекулалардың потенциалдық энергиясы,
Екин–молекулалардың кинетикалық энергиясы,
N-молекулалардың саны.
Яғни, бұл –тірек сигналы «Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің молекулалық өзара әсер күштерінен пайда болатын потенциалдық энергияларының жиынтығынан тұрады» дегенді білдіреді.
Негізгі заңдылықты тірек белгілері арқылы беру оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады.
Жаңа сабақты бекіту сабағы.
Жаңа сабақты меңгеру сабақтарында көбіне сандық және сапалық есептер шығаруға , әр түрлі қызықты тәжірибелер мен магиялық физикалық фокустарды көрсетіп, балалардың ой-өрісінің дамуына, олардың шығармашылығының өсуіне бағыт береміз.
Әсіресе сапалық есептерді шығарғанда халық даналығының қанатты нақыл сөздерінің, мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнін физика тұрғысынан түсіндіруге тырысамыз. Көбіне сабақта
«Кім жүйрік?»
«Кім тапқыр?»
«Физика үйде»
«Суретті физика»,т.с.с. аттарменбалалрды сапалық есептердің
мағынасын дұрыс түсініп, табиғаттағы құбылыстардың мән-мағынасын дұрыс аша білуге үйретеміз.
Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын
өмірмен байланыстыра қызықты етіп беруді ойластырамыз. Мұндай тапсырмалар балалардың пәнге деген қызығушылғын арттырып қана қоймай, оларға физиканың заңдылықтарының өмірде кеңінен қолданылатынын тағы ұғындырады.
Лекция-5. Оқушылардың алған білімдерін қолдана білугеүйрету сабақтары.
Мұндай сабақтарға
1.Зертханалық жұмыс
2. Сарамандық жұмыстар негізінде құрылған сабақтар жатады.
Жоғарғы сыныптарда жыл аяғында физикалық практикумды оқушылардың қабілеті мен мүмкіндіктеріне қарап өткізген қолайлы.
Зертханалық және практикалық сабақтарды дұрыс ұйымдастырғанда олар оқушының шығармашылығына жол ашып, олардың өз бетінше ізденісіне жол ашады.
Мектепте оқылатын толық физика курсына арналған барлық зертханалық және сарамандық жұмыстардың қосымшаларын жасау керек. Бұл қосымшаларда тек қана жұмысқа нұсқау ғана берілмей, негізгі теориялық материалдар мен сол тақырыпты ашатын сұрақтар да беріледі.
Тақырыпты қайталау-пысықтау сабақтары.
Қайталау-пысықтау сабағының қай түрін таңдап алсақ та мына төмендегідей мәселелерге көңіл бөлеміз:
Тарау бойынша оқушылардың алған білімдерін бір жүйеге келтіру
Тақырып бойынша негізгі заңдылықтар мен құбылыстардың қолданбалы мағынасын ашу.
Сандық және сапалық есептерді шеше білуге дағдыландыру
Оқушылардың шығармашылығына жол ашу
Тақырып бойынша өтілген физикалық формулаларды бір жүйеге келтіру
Табиғат құбылыстарының сырын ашу.
Кейде қайталау-пысықтау сабақтарында физикалық құбылыстардың
бір-бірінен айқын ажыратуға көмек беретіндей салыстырмалы кестелерді пайдалану керек.
Қайталау-пысықтау сабағында кейде аукцион өткізу керек.Мысалыға ортасына физикалық шаманы белгілейтін әріптері жаөылған гүлдерді сатып, тақтаға ілінген әдемі гүлді сатып алу деген сияқты.
Кейде қайталау-пысықтау сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін физикалық сөзжұмбақтар шешкізу керек.
Қайталау-пысықтау сабақтарында физикалық, табиғи құбылыстарға байланысты жұмбақтарды шешкізу , балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оларды шығармашылыққа баулиды.
Лекция-6. Дәстүрлі емес сабақтар және олардың түрлері. Дәстүрлі емес сабақтардың дидактикалық құрылымы.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрлі емес түрлері де пайда болуда.Ондағы мақсат-әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра , оны жаңа сапалық сатыға көтеру.
Дәстүрлі емес сабақтар – қалыптан тыс, күнделікті сабақтан өзгеше сабақтың жаңартылған түрлері.
Қазір педагогика ғылымында дәстүрлі емес сабақтардың 70-тен астам түрлері белгілі болды. Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу формасы мен мақсат-міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары.
Дәстүрлі емес сабақтар
Ой қорыту сабақтары Ойын сабақтары Жарыс сабақтары
*Лекция *Саяхат * Сайыс
*Семинар *Театр *Не? Қайда? Қашан?
*Конференция *Концерт * КТК (көңілді
*Баспасөз *Тренинг тапқырлар клубы)
конференциясы *Ойлан,тап!
*Телекөпір *Аукцион
*Интегралды сабақ *Бақытты сәт т.б.
*Бинарлық сабақ
*Модульдік сабақ т.б.
Лекция-ой қорыту сабағының өзегіЛекция негізінен ауызша баяндаудан ғана емес, сонымен қатар басқа да оқыту әдістерінен тұрады. Лекция міндетті түрде бір немесе екі сағаттық қана болып қоймай, минилекция түрінде 7-8 сынып оқушыларына өтуге болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту,өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.
Конференция сабағы.Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді.
Баспасөз конференциясы-конференциялық сабақтың өзгертілген түрі.Ерекшелігі-бұл сабаққа әр түрлі баспасөз –ақпарат құралдары өкілдері мен атақты ғалымдар мен мамандардың шақырылуымен өткізіледі.
Телекөпір-дәстүрлі емес сабақтың ең көп тараған түрлерінің бірі. Телекөпір-2 немесе одан да көп мектеп оқушыларының телебайланыс арқылы сабақ өткізуі.
Интегралды сабақ –бір сабақта өтілетін тақырыптың басқа пәндермен өзара байланысы қарастырылып екі немесе одан да көп пәндердің бір тақырыпта өзара байланыста ашып беруін айтады.
Бинарлық сабақ – интегралды сабақтың бір түрі, мұнда бір тақырыпты өзара байланысына қарай 2 мұғалім береді.
Модульдік сабақ. Сабақтың тиімділігін арттырудың көптеген әдіс тәсілдері бар. Стандартты емес сабақтың бір түрі модульдік сабақ.
Ойын сабақтары. Ойын сабақтары-дәстүрлі емес сабақтардың ең көп тараған түрлерінің бірі.Ойын сабақтарының ерекшеліктері оқу-тәрбие үрдісінде балаларға таныс ойын элементтерін білім алуға пайдалану.
Қорыта айтқанда осындай дәстүрлі емес сабақтарды оқушылардың танымдық қызығушылығы мен іскерлік шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруға маңызы ерекше.
Дәстүрлі емес сабақтардың негізгі мақсаты-оқушылардың даму қабілетін дамыту, белсенділіктерін арттыру, ізденімпаздық пен шығармашылыққа баулу. Дәстүрлі емес сабақтардың міндеті-оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ояту.
