- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты
- •2)Практиканы блоктау оқушылар өзі сынап қарауға
- •Лекция-3. Тірек сигналдар арқылы оқыту технологиялары. Тірек конспектілерін жасалуына қойылатын талаптар.
- •Лекция-4. Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында қолдану.
- •Лекция-5. Оқушылардың алған білімдерін қолдана білугеүйрету сабақтары.
- •Д әстүрлі емес сабақтар
- •Лекция-7. Электромагниттік тақырыбы бойынша қайталау-пысықтау сабақтары
- •Лекция-8. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту. Шығармашылық сабақтар.
- •2) Альберт Эйнштейн, Макс Планктың
- •Лекция-9. Сөзжұмбақ-қайталау-пысықтау сабақтарында негізгі көмекші құрал.
- •Сөзжұмбақ «Атомдық физика»
Лекция-3. Тірек сигналдар арқылы оқыту технологиялары. Тірек конспектілерін жасалуына қойылатын талаптар.
Тірек сигноалдары арқылы оқытудың ерекшелітері:
*үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау,ірі блокпен оқыту т.б.
* жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал
*ізгілік, еркімен оқыту
*әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау
* оқыту мен тәрбиенің бірлігі
Тірек белгілері: жинақы, әдеттен тыс тірек сигналдары оқушыларды қызықтырып, оларды белсенді еңбекке, ізденіске бастайды, олардың белсенді түйсігі аясындағы күллі проблемаларға деген назарын күшейтеді. Осыған орай баланың бойында аса маңызды қасиет қалыптасады: күнделікті, сан мәрте көз алдынан өтіп жатқан құбылыстар мен заттардың өзінен әдеттегіден тыс жәйітті аңғарады, ал өзі-таланттың айрықша қасиеті. Талант дегеніміз –ізденістегі мақсаткерлік, табандылық, әр түрлі фактілерді , бақылаулар мен ойларды қорыта білу.
Тірек белгілерінде ойын элементі де , уақыт пен орын үнемдеу де , балалар психологиясын біліп отыру да ескерілген. Бірақ басты мақсат-логикалық байланыс негізінде өтілетін материалды «тақырыптар мен бөлімдері» балалар жедел ұғынатындай естерінде ұзақ сақтайтындай етіп түсіндіру.
Тірек белгілері оқу-тәрбие үрдісінде ойлау, қарым-қатынас, шығармашылық іс-әрекеттердің негізгі құралы болып табылады.Оқыту үрдісінде тірек белгілері төмендегідей функцияларды атқарады:
Материалды қабылдаудың алғашқы кезеңінде кері байланысты атқарады.
Оқушының сабаққа дайындалу іс-әрекетін жеңілдетеді.
Меңгерілетін материалдың көлемін бірден ұлғайтуға көмектеседі.
Міндетті оқу бағдарламасы мен біріңғай оқулықтың шегінен шығуға мүмкіндік береді.
Бағаның аз болу проблемасын болдырмайды.
Оқушыларды көркемдік образға және графиктік модельдеуге үйретеді.
Тірек жазбаларымен жұмыс жасағанда бағалар әр жеке жазбаға қойылады және оқушы кез келген уақытта бағасын жөндей алады. Бұл тәсілде нашар бағалар болмайды.
Адам баласы ойлағанын көз алдына келтіре алады. Тірек жазбаларында сабақтың негізгі сәттері көрсетіледі және ол әртүрлі сурет, кесте, цифрланған ақпарат ретінде жеткізіледі. Тірек жазбаларын құрастыру үш бөлімнен құралады:
материалдарды жинақтау. Бұл кәсіби шеберлікті көрсетуге өте үлкен қызмет етеді. Бұл жерде тақырып үйрететін материалдар оқулықтармен, өмірмен, техникамен, өндіріспен байланысты болады.
негізгі түсініктерді жеткізе білу. Бұл бөлімде дайын материалдардың «бал тамшыдай» керегі алнады, одан әрі «тамшыдан» керекті сөздер, суреттер, сызбалар өткен материалды еске түсіретіндей етіп алынады.
тірек жазбасын құрастыру. Мұғалім әр түрлі суреттер , рәсімдер, графика түрінде дайындалған материалды жеткізеді.
Тірек жазбалары қабылдау жағынан да, есте қалу жағынан да қарапайым болуы тиіс.
Тірек конспектілерін жасауға қойлатын педагогикалық талаптары:
Ықшамдылық (300-400 баспа таңбасы)
Құрылымдылық (4-5 логикалық блоктық байланыс)
Мәтіндік (таңбалар мен белгілердің қонымды орналасуы,реттілік)
Баспа таңбаларының жекелігі
Әрбір 4-5 блоктан жеке болуы шарт
Жүйелілік
Түсініктілік
Қарапайымдылық
Түрлі-түсті безендірілу
Жалпы білімдік пәндер бойынша В.Ф.Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде
тірек-конспект, диаграмма, график,логикалық тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап оқыта отырып дамытуға, екіншіден, өз бетінше білім жинақтауға , шығармашылық пен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасайды.
