Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

22.Бауыр ауруларындағы мейіркештік кірісулер

Бауыр көп қызметті орган болып адам денесіндегі ең үлкен без болып есептелінеді.

Бауырдың қызметі бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Бауыр өт шығарып, ас қорыту үрдісіне қатысады (өт өндіру қызметі);

  2. Бауыр лимфа түзілу үрдісіне қатысады;

  3. Бауыр зат алмасуына қатысады;

  4. Бауыр белок алмасуына қатысады;

  5. Бауырда қан ұюына қатысатын көптеген белоктармен, олардың компонеттері – протромбин, фибриноген т.б. қан ұюына қарсы тұратын жүйелердің компонеттері түзіледі;

  6. Бауыр май алмасуына қатысады;

  7. Бауыр холестерин түзілуіне, ыдырауына қатысады;

  8. Бауыр су мен тұз алмасуына қатысады;

  9. Бауыр уыт қайтарғыш ағза;

  10. Бауыр қан жүйесінің маңызды бөлігі;

Бауыр басқа ағзалар жүйесімен (сыртқа шығару, жүрек қан тамыр, тыныс алу, иммундық т.б.) тығыз байланысты.

22.1.Негізгі мәселелері:

  • оң жақ қабырға астының ауырсынуы;

  • терінің сарғаюы;

  • қышыну;

  • ішінің үлкеюі;

  • диспепсиялық шағымдар;

  • әлсіздік, шаршағыштық

22.2.Бауыр ұстамасында көмек көрсету

Мақсаты: Пациенттің аурусынуының біртіндеп басылуына көмектесу

  1. Дәрігерді шақыртыңыз;

  2. Құсық болған жағдайда пациентті шалқайтып немесе бір жақ қырына жатқызып, басын еңкейтіңіз;

  3. Тыныштық жасаңыз;

  4. Жалпы жағдайын қадағалап отырыңыз;

  5. Дәрілерді дайындаңыз;

  6. Дәрігердің нұсқауы бойынша 5 мл баралгин бұлшық етке, 0,2% - платифиллин ертіндісін 1 мл тері астына жіберіңіз;

23.Сыртқа шығару жолдарының ауруларындағы мейіркештік кірісулер

Сыртқа шығару тіршілікте өте қажет физиологиялық үрдіс. Сыртқа шығару үрдісі бұзылса, көптеген физиологиялық үрдістер бұзылады. Солардың бірі - уремия, белок алмасуының соңғы ыдырау өнімдері (мочевина, несеп қышқылы) жиналып қанға өтеді де организмді уландырады. Сыртқа шығару мүшелрінің негізгі қызметі – денедегі зат алмасудың соңғы өнімдерін, өзге текті басқа заттарды сырқа шығарып отырады. Сыртқа шығару ағзаларының бұлардан басқа тағы да бірнеше қызмет атқарылып отыратыны анықталған. Мысалы: бүйрек қан тамырларының тонусымен түтік кендігін реттейді. Соның нәтижесінде қанның қысымын салыстырмалы бір қалыпта сақтайды. Бүйрек қан ұюына қатысады. Бүйректің негізгі қызметі несеп түзу. Несеп түзілуі, оның сыртқа шығару үрдісі – диурез деп аталады. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауға болады: олигоурия – тәуліктік диурездің азаюы; полиурия – тәуліктік диурездің көбеюі; анурия – несеп түзілуінің тоқтауы; никтурия – түнгі несептің шектен тыс көп болып түзілуі.

23.1.Негізгі проблемалары.

  1. Ауырсыну;

  2. Зәрдің тұрып қалуы;

  3. Зәрдің жиі жиі шығуы;

  4. Басының айналуы, ауруы;

  5. Ісіктердің пайда болуы;