Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

6.8.Зарарсыздандыру түрлері және әдістері.

Зарарсыздандыру екі түрге бөлінеді:

  • Алдын – алу;

  • Ошақтық.

Егер жұқпаның көзі болмаса қоздырғышты жою үшін алдын – алу зарарсыздандыру жүргізіледі.

Оның мақсаты: жұқпа таралмау үшін алдын алуы шараларын қолдану.

Ошақтық зарарсыздандыру – жұқпалық ошақта жүргізіледі.

Оның мақсаты: жедел түрде жұқпаның қоздырғышын жою.

Ошақты зарарсыздандыру екі түрге бөлінеді: күнделікті және қорытынды.

Күнделікті зарарсыздандыру дегеніміз жұқпа қоздырғышының көзі басынан – аяғына дейін болуына байланысты жүргізіледі.

Оның мақсаты: жедел түрде жұқпаның қоздырғышын жою.

Қорытынды зарарсыздандыру: пациент ауруханадан шыққанда, өлімге шалдыққанда бір рет қана жүргізіледі.

Оның мақсаты: жұқпаның қоздырғыштарын толығымен жою.

Зарарсыздандыру түрлері.

Ошақтық жұқпа бар.

Алдын – алу. Ошақтық жұқпа жоқ

Адамды қорғау үшін алдын – алу шараларын қолданады.

Жұқпалық процессте эпидемияға қарсы шаралар қолданады.

Күнделікті

Жүргізілген уақытына байланысты

Күнделікті: емдеу мекемесінде бірнеше рет қолданылады.

Қорытынды бір рет

Зарарсыздандыру әдістері

Механикалық

Физикалық

Химиялық

Биологиялық

Құрал – жабдықтардан, күту заттардан жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою үшін қолданылатын әдістер:

  • Сілку

  • Қолды жуу

  • Ұру

  • Желдету

  • Дымқыл ветошпен сүрту

  • Дымқыл жинау

  • Кірлерді жинау

  • Айналдыра жуу.

Физикалық факторлардың әсер етуі.

  • Қайнату

  • Пастеризациялау

  • Күйдіру

  • Ультра – көкті қолдану

  • Ыстық ауаның әсері.

  • Ыстық будың әсері.

Химиялық заттарды қолдану:

Антисептиктер

Дезинфектанттар

  • сүрту

  • жуу

  • суға малу

  • құрғақ ұнтақпен себу.

Биологиялық процесті қолдану. Табиғи жағдайда микробтар арасында антагонизмді қолдану.

Аралас. Бірнеше әдістерді қолдану.

6.9.Емдеу мекемелердегі қолданылатын дезинфектанттар.

Емдеу мекемелеріндегі қолданылатын дезинфектанттарлық заттарды зарарсыздандыру үш топқа бөлінеді:

  1. Медициналық құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру.

  2. Бөлмелерді, жиһаздарды, пациенттердің күту заттарын зарарсыздандыру.

  3. Медперсоналдын қолың өндеу.

Көбінесе зарарсыздандыру үшін, әр түрлі химиялық заттар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда әр түрлі қасиеттері бар (тұрақтылығы, еріткіштігі, қолдану көлемі) жуғыштың қасиеті, организмнің РН маңыздылығы т.б. химиялық топтарға рұқсат етілген.

Эпидемияға қарсы зарарсыздандыру шараларынын әсерін жетілдіру үшін дезинфекциялық заттарды дұрыс тандап, медперсонал оның негізгі қасиеттерін, ерекшеліктерін білуге тиіс.

Қазіргі дезинфектанттардың арасында хлораралас және асқын тотығын тәжірибеде қолданған тиімді.

Дезинфекциялық заттардың концентрациясын, уақытын тандауы көп себептерден байланысты:

  • Дезинфекцияның талап ету дәрежесімен;

  • Микроб қоздырғыштын сезімталдығы денгейімен және спектрімен;

  • Дезинфекцияның жағдайымен, дезинфекциялы объектінің түрлерімен;

  • Елдерге дезинфектанттардың жақпауымен;

  • Дезинфекциялық шараларының бағасымен.

Дезинфекциялық заттардың талаптары:

  • әрекеттің кең спектрі;

  • әр – түрлі микроорганизмдердегі микроцидтық әсері;

  • Улығы аз төмен аллергендігі;

  • Суда жақсы еріткіштігі;

  • Экологиялық қауыпсіздігі;

  • Зарарсыздандыратын объектілерді зақымдандырмайтындығы;

  • Қолдауға қарапайымдылығы;

  • Зарарсыздандыру ортада белсендігі.

  • Белсенділігін жоғалтпайтындығы;

  • Сақтау мерзімінің ұзақтығы;

  • Медперсоналдарға қауіпсіздігі;

  • Тасымалдауға ыңғайлығы.

Жаңа ғасырдағы дезинфектантардың химиялық топтары мен қосындары. Белсенді заттардан (БАЗ) құралған, мысалы: аммоний төрт қосындысы (АТҚ).

Сыртқы белсенді заттардың құрамына мынадай компоненттер кіреді: глутарлық альдегид, асқын тотығы, глиоксаль, олар вирулицидтық, туберкулоцидтық, фунгицидтық және спороцидтық әсер етеді.