Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

Нәжестің кідіріп қалуы /запор/

Егер нәжіс 48 сағатқа дейін шықпаса оны нәжістің кідіруі деп атайды. Көбінесе тағамнан, тоқ ішектің қабынуының, эндокриндық бұзылыстан және қатерлі ісіктерде пада болады. Мұндай жағдайда әр-түрлі клизмаларды жасайды.

21.2.Асқазаннан қан кету.

Асқазаннан, ішектен қан кету ерекше асқыну болып саналады. Көбінесе асқазан жарасы, қатерлі ісіктерді пайда болады. Қанның түсі-кофе тәрізді-құсықтың қалдықтары араласады. Пациенттің өңі бозарып, қан қысымы төмендеп, тахикардия және есінен тануы мүмкін .

Алғашқы көмек көрсету.

Мақсаты: Пациенттің жағдайын жақсарту.

1.Пациентті жатқызып, асқазанның аймағына мұздатқышты қойыңыз;

2.Дәрігерді шақыртыңыз;

3.Лоток, леген, клеенка, сүлгі дайындаңыз;

4.Тұзды ертінділерді, аминокапрон қышқылын, децинон, викасол дәрілерін дайындаңыз;

5.Қан тобын, резус-факторын тексеріңіз;

6.Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;/қан қысымын, тамыр соғысын, терінің түсін/;

21.3.Дәреті кідіріп қалғанда көмек көрсету

Мақсаты:Пациентке күнделікті дәретінің реттелуіне көмектесу

1.Дәрігердің нұсқауы бойынша 2-тәуліктің ішінде тазарту, жібіту клизмасын жасаңыз;

2. жел шығаратын түтікшені немесе нәжісті жібітетін дәрілерді пациентке беріңіз;

3..Пациентке кеңес беріңіз;

-.инжир, қышқыл сүт, чернослив, суық май, гречка ботқасын және т.б. қолдануын;

-тәулігіне 1,5л суықтық ішуін;

4..Пациент ұнататын менюмен қамтамас етіңіз;

5.Диеталық кеңесін талап етіңіз.

6..Атоникалық нәжіс кідіріп қалғанда қолдану керек:

-жемістер, көкөністер, ұнтақтар /бидай, сұлы және т.б./.

7.Ішекті бір уақытта босатып отыратын жөнінде кеңес беріңіз;/ішектің перистальтикасы жақсарып, нәжіс шығуына рефлекс реттелінеді/.

8. Спастикалық нәжіс кідіріп қалғанда:

  • тағамнан өткір, ащы, қуырылған заттар алынып тасталуы керек;

  • арақ ішуге, шылым шегуге болмайды;

  • клетчатканы аз мөлшерде қолдану керек;

9. Дәрігердің нұсқауы бойынша тыныштандырғыш дәрілерді беріңіз;

10. Пациентке, оның туыстарына негізгі аурудың емделуін, емдеу гимнастикасын, су процедураларын қолдану маңыздылығын түсіндіріңіз;

11. Пациентті емдеу гимнастикасын және ішіне массаж жасауын үйретіңіз;

12. Көмек көрсеткен нәтижесін тексеріңіз. Норма бойынша дәреті күнделікті реттелінеді;

21.4.Диарея болған жағдайда көмек көрсету.

Мақсаты: Дәретті қалпына келтіру.

1.Дәрігердің нұсқауын орындаңыз;

2. № 4 емдәм қолданылады;

3.Қышқылын басатын дәрілерді дәрігердің нұсқауы бойынша беріңіз;

Ескерту: диарея көбінесе әрбір аурудың симптомы болып есептелінеді, сондықтан негізгі ауруын емдеу, толығымен емдәмді ұйымдастыру, дәретін қоюлануына көмек жасайды.

4.Дәрігердің қадағалауымен пациенттің жалпы жағдайын қадағалап отырыңыз /пациентте диарея болған жағдайда әлсіреуін, өңі қашуын, мұздай тер шығып, жүрегі қағуын қадағалау қажет/;

5.Дәретін тіркеу қағазына жазып отырыңыз;

6.Кеңес беріңіз:1,2 – 2 л сұйықтық, черника, итмұрын сөлін, лимон араласқан шай т.б.жоғалтқан сұйықтықтардың қолдануы ас қорыту органдарының жұмысын қалпына келтіріп, ішектің жұмысын жақсартады;

7.Пациенттің салмағын өлшеп, күніне 1 рет тіркеу қағазына жазыңыз;

8.Жеке басының тазалығын қадағалап отырыңыз;

9.Жыныс органдарын жуып, вазелин майын жағыңыз;

10.Пациентке оның туыстарына кеңес беріңіз;

11.Көрсетілген көмектің нәтижесін тексеріп, керекті жағдайда диета туралы кеңес беріңіз;