Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

21.Асқорыту органдарының ауруларындағы мейіркештік кірісулер

Асқорыту - өте күрделі үрдіс. Ол алдымен физикалық жолмен өнделеді, сонынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өндеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынымен шыланып, жұмсарады. Химиялық өндеуге ішек қарын ферменттері қатысады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысындағы ағзалардан, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екі елі ішек, ащы ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер мен бауырдан тұрады. Ас қорыту жүйесінің қызметі:

  1. Сөл шығару қызметі;

  2. Қимыл (жиырылу – жазылу) қызметін бірыңғай салалы еттер орындайды;

  3. Қоректік затарды сіңіру қызметі, ішек қарын түтігінде болады;

  4. Тіршілікке қажетті заттарды сыртқа шығару қызметі;

  5. Эндокриндық қызметі;

21.1.Негізгі белгілері.

Негізгі белгілері ішінің ауруы /өткір іш/ қыжылдау, кекіру, жүрегінің айнуы, құсу, тәбеттің бұзылуы, дәретінің бұзылуы.

Ішінің ауырсынуы көбінесе тағамды қабылдаумен байланысты. Ауырсынулар әр-түрлі болады: ұстамалы, сыздаулы, т.б.егер патологиялық процеске іштің органдарының сыртқы қабаты киіліксе /брюшина/ ауырсынуы пышақ тәрізді, өткір болады да, жан-жағына әсер етеді.

Ауырсынуға баға бергенде, әр түрлі жағдайды есепке алған дұрыс /мысалы: тамақ ішкеннен кейін немесе алдында физикалық күш түскенде әр түрлі ауруларға/. Егерде ауырсынудың себебіні білмесеңіз жансыздыратын немесе ішекте жібітетін дәрілерді беруге болмайды асқазанды жууға, клизма және жылытуға қоюға болмайды.

Мысалы: егер ауырсыну іштің тырсылдауы мен немесе асқазан жарасының қозуымен байланысты болса жылытқыш ауырсынуды азайтады, бірақ грыжа немесе соқыр ішектің қабынуына жылытқышты қоюға болмайды. Уланған жағдайда пациенттің жағдайын асқазанды жуумен жеңілдетеді. Ал жүректің өлі еттенуінде пациентке зиян келтіреді. Егер ұстамалы ауырсыну пайда болса жедел түрде дәрігерді шақырту керек.

Қыжылдау: төстің артынан немесе асқазанның үстіңгі жағында күйдіру тәрізді сезім білінеді /асқазандағы сөлдің өңешке қайтадан оралуы / сүт немесе сілтілі су ішкеннен кейін басылады.

Кекіру: асқазаннан газдың шығуы /ауамен, қышқылмен кекіру, асқазанның аурумен байланысты.

Егер ауыздан жағымсыз иіс шықса, ол асқазанда ішек қызметінің бұзылумен байланысты.

Ауызынан шіріген жүмыртқаның иісі білінсе, онда асқазанда тағамның тұрып қалуымен байланысты.

Іштің тырсылдауы: /матеоризм/ ішінде ауаның жиналуы Себебі: 1. тағаммен байланысты /горох, фасоль, капуста, қара нан т.б/

2. ішектің микрофлорасының бұзылуымен байланысты, ұйқы бездің жұмыс бұзылумен байланысты. Осындай жағдайда активированды көмір таблеткасын ішу керек. Егер көмектесе алмаса жел шығаратын түтікшені қолдану керек.

Жүрек айнуы: рефлекторлық акт /асқазаның үстінгі жағында айықталмайтын сезімнің пайда болуы, осының артынан құсық пайда болады. Жүрегінің айнуы гастрит, асқазан қатерлі ісігінде болады. Құсу:әр түрлі жағдайда болады /гипертоникалық кризде, инсульт, мидың қатерлі ісігінен асқорту органдарының ауруларында.

Мейіркештің мақсаты: құсықтың басталған уақытын, тағаммен байланыстылығын, көлемін, иісін, түсін, қанның, сапранның барлығын анықтау. Егер құсық үнемі тоқталмайтын болса, пациент әлсізденуі, жүректің, бүйректің жұмысының бұзылуы болуы мүмкін. Уақытымен көмек көрсетпесе /әсіресе есін білмеген жағдайда / құсық дем жолдарына тіреліп аспирациялық пневмония немесе тұншықтыруға әкеліп соғады.