Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

20.3.Талып қалғанда көмек көрсету.

Мақсаты: /Сана сезімін/ есін қалпына келтіру.

1.Ауа жіберіңіз;

2.қысып тұрған киімдерін босатыңыз; /мидың оттегі жетіксіздігінің дәрежесін төмендету/

3..Жедел түрде дәрігерді шақырту;

4..Пациентті жатқызып, аяғын жоғары көтеріңіз; /миға қан толтыру/;

5.Бетін шапалақтап, су бүркіп, аяғына жылытқышты қойыңыз; /рефлекторлы түрде мидың жұмысын жақсарту/

6.Мұрынға нашатыр спиртін иіскетіңіз немесе самайын сүртіңіз; /дем орталық жұмысын жақсарту;

7.Тамыр соғысын, қан қысымын қадағалаңыз;

8..Егер 5 минуттың шамасында осы қолданылған шаралар нәтижесіз болса, дәрігердің нұсқауы бойынша 2 мл кордиамин немесе 1мл 10% кофеин ертіндісін жіберіңіз;

9.Физикалық психикалық тынышытықпен қамтамас етіңіз;

10.Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;

11.Осы болған аурудың себебі алдын алу туралы кеңес беріңіз.

20.4.Талықсу болған жағдайда көмек көрстеу

Мақсаты:Қан қысымын қалпына келтіру.

1.Толық тыныштықпен қамтамас етіңіз; /мидың оттегі жетіксіздігінде дәрежесі төмендейді/

2.Дәрігерді жедел түрде шақыртыңыз;

3.Пациентті жастықсыз жатқызыңыз;

4.Аяғына жылытқышты қойып, жылылап орап, шай немесе кофе беріңіз; /мидың жұмысын жақсарту үшін/;

5.Оттегіні қолданыңыз;

6.Қан қысымын, тамыр соғысын әрбір 5 минут сайын өлшеп, тіркеңіз;

7.Егер осы шаралар нәтижесіз болса, дәрігердің нұсқауы бойынша 2 мл кордиамин немесе 1 мл 10% кофеин ертінділерін тері астына жіберіңіз;

Ескерту: тамыр соғысын және қан қысымын көтеру үшін осы жоғарғы айтылған дәрілерді қолданылады. Міндетті түрде пациентті ауруханаға жеткізу керек.

8.Физикалық психикалық тыныштықпен қамтамас етіңіз;

9.Пациенттің жағдайын бақылап отыра нұсқау қағазында демін, тамыр соғысын, терінің түсін дымқылдығын, сана сезімін температурасын белгілеңіз;

10.Осы аурудың себебі туралы кеңес беріңіз.

20.5.Жалпы шокқа қарсы қолданылатын шаралар

Мақсаты: Жедел түрде шокқа әкеліп соғатын факторларды жою, демді қалпына келтіру және ағзаның қанмен қамтамас ету жұмысын жақсарту 1.Жедел түрде дәрігерді шақырту;

2.Тыныс алу жолдарының өткізу жұмысын тексеру, қалпына келтіру. Кеңірдекке интубация жасау /кеңірдектің ісігінде немесе жарақатында/;

3.Оттегі инголяциясын беру;

4.Қан қысымын, тамыр соғысын әрбір 5 минут сайын өлшеп отыру және тіркеу;

5.Дәрігердің айтуы бойынша жедел жәрдем көрсету;

6.Керекті жағдайда жедел түрде өкпе жүрек реанимациясын жүргізу;

20.6.Гипертоникалық кризде көмек көрсету

Мақсаты: Біртіндеп бір сағаттың ішінде қан қысымын төмендету

1.Жедел түрде дәрігерді шақыртыңыз;

2.Таза ауамен қамтамас етіңіз; /жүректің бұлшық етінің, мидың жұмысының оттегі жетіксіздігі дәрежесін төмендету үшін/

3.Төсекте басын көтеріңкі жатқызыңыз; /жүректің бұлшық етінің, бүйрек жұмысын жақсарту үшін/

4.Самайына , аяғының бұлшық етіне қыша, аяғына жылытқыш қойыңыз, қолдарын суға салыңыз;

5.Басына суық компресс салыңыз, /басының ауырғаны азаяды/

6.Дәрілерді дайындаңыз:

а/ магний сульфат 25%-10,0 /көк тамырға/;

б/дибазол 1%-0,5-1мл.