Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

20.Жүрек қан тамырлар ауруларындағы мейіркештік кірісулер.

Қанайналым жүйесі жүрек пен қанайналымының үлкен және кіші шеңберінен тұрады. Бұл жүйенің кіндігі – жүрек насос тәрізді қанды сығымдап қан тамырларына айдайды да оның үздіксіз ағысқа айналуын қамтамассыз етеді.

Қанайналымның үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан – қолқадан басталады. Қан қолқадан артерияларға одан әрі капилярларға (қылтамырларға) жетеді. Онда қан құрамындағы оттегі тіндерге, ал ондағы көмір қышқыл газы қанға өтеді де, артериялық қан вена қанына айналады. Вена қаны капилярлардан жіңішке венулаларға, одан әрі веналарға, жоғарғы және төменгі венаға жетеді де, сол арқылы жүректің оң жүрекшесіне құйылады.

Қанайналымының кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе сабауынан басталады. Оң қарыншадан шыққан өкпе сабауындағы қан көмірқышқыл газға бай веналық қан. Бұл өкпе көпіршіктеріне қарай артериялар арқылы ағып отырып өкпе капиллярларға жетеді, осы сәтте қандағы көмірқышқыл газ өкпеге, ал оттегі керісінше, қанға өтеді де веналық қан артериялық қанға айналады. Одан әрі артериялық қан әр өкпеден екі – екіден жұптасып шығатын төрт вена арқылы ағып отырып сол жүрекшеге құйылады.

Үлкен және кіші қанайналым шеңберіның бұзылуынан әр түрлі патологиялық өзгерістер дамиды. Осыдан басқа жүректің жиырылу орамының патологиясыда әсер етеді.

Негізгі симитомдары:

  1. Ауырсыну, кеудесінде шаншу қадалу

  2. Тұншығу

  3. Талып қалу

  4. Талықсу

  5. Шок болу

  6. Гипертоникалық криз

20.1.Кеудесінде шаншу қадалу /стенокардия ұстамасы/ Мақсаты: Ауырсынуды жедел түрде тоқтату

  1. Пациентке ауа жіберіңіз;

  2. физикалық, психикалық тыныштық жасаңыз; /Жүректің бұлшық етінің оттегі жетістігінің дәрежесі төмендейді, демі жақсарады, эмоционалдық жағдайы жақсарады/

  1. Дәрігерді шақыртыңыз; /толық медициналық көмек көрсету үшін/

  2. пациентті ыңғайлап шалқасынан жатқызыңыз; /жүректің бұлшық ет жұмысының жақсартуы/

  3. Тіл астына нитроглицерин немесе валидол 25-30 тамшы, валокордин, корвалол, тіл астына 1-2 тамшы нитроглицерин, 3-5 тамшы қантка тамызылган валидол.

Ескерту! Егер қан қысымы 100 мм сынап бағанасы бойынша төмен болса, онда нитроглицеринды қолдануға болмайды.

20.2.Тұншығу болған кезде көмек көрсету /жүрек демікпесі/

Мақсаты:20-30 минут ішінде тұншығуды кетіру

1.Жедел түрде дәрігерді шақыртыңыз;

2.Тынышытықпен қамтамас етіңіз:

- ауа жіберу;

- қысып тұрған киімдерді шешу оттегі жетістігінің дәрежесін төмендету;

3.Жартылай отырғызыңыз; /аяғын төмен түсіріп тірегішті қойыңыз; /жүректің бұлшық етінің жұмысының жақсарту, өкпенің қанға ұюлуын азайту/;

4.Тіл астына 1 таблетка нитроглицерин немесе 1% валидол беріңіз;

5.Ауыз қуысын тазалаңыз;

6.Дымқылданған оттегіні беріңіз;

Ескерту: 10% антифомсилан, 96% спирт көпіршікті басу үшін қолданылады. Орталық оттегіні қолданғанда, оттегінің жылдамдығы минутына 2-3 литр алғашқы 5 минут аралығында содан кейін минутына 6-7 литр

7..қолына, санына10-15 минут аралығынан веноздың жгуттар салыңыз; /қанның көлемі азаяды/;

8..аяғына қышалық жылы ванна немесе жылытқыш қойыңыз;

9.300-400 мл көк тамырдан қан шығарыңыз;

10.пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз; /қан қысымын, тамыр соғысын, демін, диурезін/ 11 .дәрілерді дайындаңыз: зәрайдағыштар, наркотикалық аналгетиктар, жүрек гликозидтер/; 12.дәрігердің нұсқауы бойынша 1%-мл морфий ертіндісін немесе 2,5 мл 0,25%-дроперидол ертіндісін, 1 %-20 мл супрастин т.б жіберіңіз;

13.Егер қан қысымы жоғары болса 5% пентамин-1,0; 2,4%-10 мл эуфиллин ертіндісін көк тамырға жіберіңіз;

14.Пациентті реанимация бөлімшесіне тасымалдаңыз.