Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

19.6.Өкпеден қан кеткенде көмек көрсету.

Мақсаты: Қанды тоқтату

  1. Дәрігерді шақырыңыз;

2.Пациенттке ыңғайлы жағдай жасаңыз /отырғызу/

4. Физикалық психикалық тыныштық;

5.Пациенттке қалталы түкіргішті қолдануын және оны зарасыздандыруын үйретіңіз;

6.Ыстық тамақ ішуге болмайтынын түсіндіріңіз;

7.Дымқыл суық орау жасаңыз; /ыстық су, ванна, душ қолдануға болмайды/;

8.Пациентке сөйлеуне, қимылдауна болмайтынын түсіндіріңіз;

9. Тесілудің, қабынудың алдын алу үшін,денесін 3-4 мезгіл қозғап отырыңыз;

10.Қатаң режимді сақтауын, тамақты салқын ретінде қолдануын түсіндіріңіз;

11.Дәрігердің нүсқауын орындаңыз;

19.7.Кеуде қуысындағы ауырсыну жағдайында көмек көрсету.

  1. Ауырсынуын басу үшін, ыңғайлы жағдаймен қамтамас етіңіз;

  2. Көбінесе ауырған жағына жатқызуға кеңес беріңіз;

  3. Плевраның париеталдықпен, висцералдық қабығының қажалуын азайту үшін/ физикалық психикалық тыныштық пен қамтамас етіңіз;

  4. Пациенттің ауруын басу және бүлшық етті босансыздандыру үшін релаксация жасау әдісін үйретіңіз;

  5. Ауырсынуды басу үшін сыртқы демнің күрделігін түсіндіріңіз;

  6. Дәрігердің нүсқауы бойынша қыша, иодтық сетка жасаңыз;

  7. Аналгетиктарды дәрігердің нүсқауы бойынша беріңіз;

  8. Пациенттің жағдайын үнемі қадағалап отырыңыз;

9.Нұсқау қағазына демін, терінің түсін, ауырсынуын белгілеңіз;

19.8.Квинке дренаждық жағдайын жасау әдісі.

Мақсаты: қақырықтың шығуына көмектесу.

Процедураға дайындау

  1. Пациентке дренаждық жағдайдың мағынасын түсіндіріңіз;

  2. Келісім алыңыз;

3.Түбіне 1/3-1/4 көлемде дезинфекциялық ертіндісін қүып түкіргішті дайындаңыз;

Процедураны орындау

  1. Тірегішті қойып керуеттің аяқ жағын 20-30 см көтеріңіз;

  2. Төсекте пациенттің жағдайын қадағалап, жөтелген кезде қақырықтың мөлшерінің көбеюін анықтаңыз;

  3. Процедураны 10-15 мин сайын қайталып отырыңыз;

Позициондық дренаждын мақсаты:Пациентті төсек жағдайында ауыстырып отырғанда қақырықтың шығуына көмектесу.

Процедураға дайындау

  1. Пациентке осы процедураны түсіндіріңіз;

  2. Келісім алыңыз;

3. Түкіргішті дайындаңыз; Процедураны орындау

1.Ен бірінші пациентке Квинке жағдайын жасауын көрсетесіз;

2. Осыдан кейін пациентті қатты төсекке щит арқылы жатқызасыз;

3.Өзінің денесін айналдыра қозгап ауыстырып отыруын пациентке түсіндіресіз; 4.Терең дем жасап, үзақ дем шығару арқылы қақырықтың шығуына көмектесіңіз;

5.Төсектегі пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;

6.Процедураны 3-5 рет 10-15 минут аралығында пациент қайталап отыруын түсіндіріңіз;

7.Пациентті оң жағына жатқызыңыз;

8.Сол жақ қолын, басын керуеттен төмен түсіріңіз;

9.Пациенттің қақырығынын көп шығуын тексеріп жағдайын қадағалаңыз;

10.Осы процедураны пациентті сол жаққа жатқызғанда қайталаңыз;

11.Пациентке тізесін бүгіп қолымен айқастыруына көмектесіңіз;

12. Пациенттің қақырығынын көп шығуын тексеріп жағдайын қадағалаңыз;

Процедураның аяқталуы.

1.Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз;

2. Түкіргіштегі қақырықты дезинфекциялық ертіндіге салып зарарсыздандырыңыз;