Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

19.1. Тыныс алу жолдарының ауруларындағы негізгі шағымдары:

а/ ентігу;

б/ тұншығу;

в/ жөтел /құрғақ, дымқыл/;

г/ ауырсыну;

д/ қансырау, қан кету;

Ентігу -демнің қызметінің бұзылуы. Демнің жиілігі, ырғақтылығы, тереңділігі бұзылады.

Демнің жиілігі: Демді санағанда пациентке білдіртпейді. Ол үшін пациентті жатқызып, тамыр соғысын санаған тәрізді болып, бір қолын ішіне салып, бір минуттін ішінде демін санайды. Калыпты жағдайда демі минутына 16-20 рет. Жаңа туған баланың демі минутына 40-45 рет.

Демнің тереңдігі: Пациент тынышталып отырғанда, ауаның шыққан және алған көлемін меіркеш анықтайды.

Калыпты жағдайда демнің көлемі 500мл-дейін болады. Пациенттің демі сыртқы немесе терең болуы мүмкін. Калыпты жағдайда демі ырғақты болуы тиіс.

Егер демнің ырғақтылығымен тереңдігі бұзылса ентігу пайда болады.

Ентігу 3-түрге бөлінеді:

1.Экспираторлық - демнің шығуының қиындауы;

  1. Инспираторлық - демнің алуының қиындауы;

  2. Аралас- демнің шығуымен алуының қиындауы;

Патологиялық жағдайда демнің бұзылуы 3-түрге бөлінеді:

I.Куссмауль демі - сирек, терең, шулы, /терең комада байқалады/;

II. Биотта демі-қалыпты жағдайда дем кенеттен үзіліске ұшырайды;

III.Чейн -Стокса - демнің жиілігімен тереңдігінің 5 - 7 демге дейін өсуі, содан кейін демнің әлсізденуі;

Асфиксия - оттегі тапшылығынан демнің тоқталуы.

19.2.Астма /демікпе/ - тұншығу.

Тұншығу - ауаның жетіксіздігінен пациент демін алалмайды. Бұл жағдайда ұсақ бронхтар жиырылып демнің шығуы қиындайды. Пациент өзіне ыңғайлы жағдай іздеу үшін, қолдарын керуеттің шетіне тірейді. Кеудесіндегі сырылдар естіліп, беті көгеріп, дымқыл мұздай тер шыққаны білініп тұрады.

Алғашқы көмек:

  1. Төсекке ынғайлап отырғызыңыз;

2/ қысып тұрған киімдерін шешіңіз;

3/ бөлмені желдетіңіз;

4/ дәрігерді шақырыңыз;

5 оксигенотерапия жүргізіңіз;

6 дәрігердің нұсқауын орындаңыз

8.Қалталы инголяторды пациентке берініз;

9.Дәрігер келгенше керекті дәрілерді дайындаңыз; 2,4% - эуфиллин ертіндісін;

5% - эфедрин ертіндісін; преднизолон, гидрокортизон, жүрек гликозидтерін.

10.Пациенттің жалпы жағдайын, шыққан қақырықтың түрін қадағалап отырыңыз;

11.Нұсқау қағазына пациенттің демін, қан қысымын, тамыр соғысын белгілеңіз;

Пациенттен жылтыр шынылы тәрізді қақырық шығып жағдайы жақсарады.

12..Пациенттің жағдайы жақсарғаннан кейін, қалталы инголяторды қалай қолданатынын үйретесіз;

13.Пациентке қақырықты лабораториялық тексеріске жинауына үйретіңіз;

19.3.Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)

Мақсаты:тіндердегі оттегінің көлемін жоғарлату.

Құрал – жабдықтары: құрамында 100 % оттегі бар жастықша, мунштук, 4 қабатты марліленген дәке, дезинфекциялық ертінді, су, көпіршікті басатын заттар (10 % антифомсилан, 96% спирт).

  • Оттегі баллонынан жастықшаның резеңке трубкасын редуктормен жалғаңыз;

  • Баллонның қырынан тұрыңыз;

  • Жастықшасының бұрандысын ашыңыз;

  • Баллонның бұрандысын ашыңыз;

  • Жастықшаға оттегіні толтырып алыңыз;

  • Ең бірінші баллонның бұрандысын, содан кейін жастықша бұрандысын жабыңыз;

  • Резеңке трубканы редуктордан алып, мунштукты кигізіңіз;

Ескерту: оттегі алған кезде қауіпсіздік ережесін сақтау керек (шылым шекпеу, сіріңке жақпау, баллонға қарсы тұрмау)

  • Дәкені суға немесе көпіршікті басатын затқа малып алып, мунштукты ораңыз;

  • Пациенттің ауыз қуысын бөтен заттардан тазалаңыз;

  • Пациент аузына мунштукты салып, жастықшаның бұрандысын ашыңыз;

  • Оттегіні беру жылдамдығы минутына 4 – 5 литр болады. Егер оттегі 100 % болса, оны әр бір 15 минут сайын үзіліспен беріп отырады.

  • Жастықшаны орап отырып оттегіні жайлап жіберіңіз;

  • Босаған жастықшаның трубкасынан мунштукты алып дезинфекциялық ертіндіге салыңыз;

  • Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;