Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

Өт қалтасын және өт жолдарын рентген арқылы тексеру

Бауыр өт арқылы йодараласқан заттарды шығарады, олар организмде өт жолдарында жиналып, көрсету мүмкіндігін жасайды.

Холецистография:

ауыздық холеграфия, конрастық зат (билитраст, билиселектан, теленак, йопагност, холевид) өтте, өт жолдарында жиналады.

Пациентті дайындау:

  1. Ашқарынға.

  2. Ішектерді босату.

  3. Контрастық затты 14-17 сағат бұрын бір сағаттың аралығымен біртіндеп (10 минут сайын) тәтті шаймен ішеді.

  4. Тањертеңгілік пациент екі жұмыртқа сарысын, сорбит- 20 грамм ќабылдайды.

  5. R-снимоктарды (суреттерді) әрбір 10, 20, 30, 45 жасайды, содан 20 минуттан кейін екі сағат ішінде жасайды.

Холеграфия

Өтті және өт жолдарын рентген арқылы тексеру.

Көк тамырға билигност, билиграфин, эндографин жібереді.

Пациентті дайындау:

  1. Контрастық затқа сезімталдығын тексеру.

  2. Ішекті газдан, нәжістен босату.

  3. Танертең рентген бөлімшесінде көк тамырға 30-40 мл. контрастық затты жайлап жіберу (пациентті жатқызу керек).

  4. 15 минуттан кейін суретке түсіру.

Урологиядағы рентген тексерістер жүргізу

Көбінесе жүргізеді:

А) жалпы бүйректің, зәр жолдарынын рентгенографиясы

Б) экскреторлық урографиясы (көк тамырға контрастық зат

жіберіледі).

Пациентті бүйрек рентген тексеруіне дайындау

Мақсаты: тексеруге пациентті дайындау, үйрету, хабарлау.

Жабдықтар: 20 мл шприц, 30% тиосульфат натрий ертіндісі, тазарту клизмасын жасайтын жабдықтар, рентген-контрастық зат (урографин, верографин).

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, мақсатымен, барысымен таныстыру, келісім алу.

  2. 3 күн бойы тағамнан жел шығаратын заттарды алып тастау (жемістер, ашытқы сүт тағамдар, қара нан т.б.).

  3. Активті көмір т‰йінділерін ќабылдау (активированный уголь).

  4. Тамақты ішуін тексеру алдында 18-20 сағат б±рын тоқтату.

  5. Дәрігер тағайындау бойынша түскі тамақ алдында әлсіздендіретін дәрілерді беру.

  6. Сағат 22.00-де (жатарда тазарту клизмасын жасау, танертең тексеру алдында 1,5-2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасау).

  7. Тексеру алдында с±йықтық тағамдар, дәрілер ќабылдауѓа болмайды, шылым шегу, ине салуѓа болмайды.

  8. Қуықты тексеру алдында босату.

  9. Пациентке тексеру жайында кеңес беру керек (осы тексеру маныздығы туралы).

  10. Пациентті рентген-кабинетіне тағайындаған уақытында апару.

  11. Жалпы рентген суретін жасау.

  12. Көк тамырға дәрігер нұсқауы бойынша 20-40-60 мл. контрастық дәріні енгізу.

  13. Рентген суреттерін жасау.

  14. Пациентті палатасына апару.

  15. Пациентті қадағалап отыру.

18.Эндоскопиялық тексеру єдістері

Эндоскопия - (эндо - ішкі, скопи - қарау) дегеніміз арнаулы оптикалық-механикалық прибормен қарау.

Бронхоскопия - бронхоскоп арқылы бронхтарды тексеру.

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, мақсатымен, барысымен таныстыру, келісімін алу.

  2. Дәрігер нұсқауы бойынша транквилизатор беру.

  3. Тањертеңгілік текеріс алдында тағам , су ќабылдамауы керек, шылым шекпеуі тиіс.

  4. Қуықты, ішекті босату.

  5. Тексеріс алдында т/а - 0,1% атропин ертіндісін 1 мл, 1% димедрол ертіндісін 1 мл тексеру алдында 15-40 минут бұрын жіберу.

  6. Пациентті эндоскопиялық тексеру кабинетіне апару.

  7. Отырғызу.

  8. Жоғарғы тыныс жолдарына анестезия жүргізу (проба жасағаннан кейін 10% новокаин, 5% тримекаин, 2% лидокаин ертінділері).

  9. Мейіркештіњ кµмегімен дәрігер бронхоскопты жібереді.

  10. Инструменттерді 3% хлорамин ертіндісіне немесе 1,5% гипохлорид ертіндісімен зарарсыздандыру.

  11. Қолды жуып, құрғату, қолғапты шешу.