Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары және тапсырмалары:

  1. Лабораториялық тексеріс әдістерін атап беріңіз?

  2. Пациенттен қан алар алдында қалай дайындайсыз?

  3. Зәрді жалпы анализге жинауын пациентке түсіндіріңіз?

  4. Зәрді Нечипоренко бойынша жинауын пациентке түсіндіріңіз?

  5. Зәрді Зимницский проба бойынша жинауын және оның мағынасын атап шығыңыз?

  6. Қақырықты түбіркүлез таяқшасына жинау әдісін айтып беріңіз?

  7. Қақырықты антибиотиктің сезімталдығына жинауын, маңыздылығын түсіндіріңіз?

  8. Нәжісті жасырынды қанға, құртқа тексеруін айтып беріңіз?

  9. Асқазаннан сөл алу әдісін түсіндіріп көрсетіңіз?

  10. Ұлтабардан сөл алу әдісін түсіндіріп көрсетіңіз?

17.Аспаптық тексеру єдістері

Аспаптық тексеру әдістеріне жатады:

  • рентген арқылы (R-скопия, R-графия, R-кимография, флюрография т.б.)

  • радиоизотоптық (радиометрия, радиография, сканирлау)

  • эндоскопиялық (бронхоскопия, эзофагоскопия, гастроскопия, дуоденоскопия, ректороманоскопия, колоноскопия, цистоскопия, лапароскопия)

  • функционалдық тексерістер (ЭКГ, ЭЭГ, электрогастроскопия, электромиография, осциллография, реография, спирография, ФКГ т.б.).

Инструментальдыќ тексеру жүргізер алдында пациенттерді арнайы дайындыќтан µткізу керек.

17.1.Рентген арқылы тексеру

Негізгі түрлері:

R-скопия (skopo-қарау) рентген сәулемен адамның денесін қарау (экранда ішкі құрылыстары көрінеді).

R-графия - рентген сәулесі арқылы сүретке түсіру.

Томография - қабаттық R-графия.

Флюорография - кіші көлемде, кеуде құрылысына R-графия жасау.

Рентген контрастық заттарды қолдану

Анық түсіру үшін контрастық заттарды қолданады.

Асқазан-ішек м‰шелерін түсіргенде барий қоспасын қолданады.

Бронхтарда - йодолинол, урологияда- индигокармин 0,4%, триомбраст - 60%(76%), µт-жолдарына - йопагност, билигност 50% жєне т.б.

Йод-құрамы аллергиялық асқынуларға әкеп соғуы мүмкін, сондықтан аллергологиялық анамнез жинап, йодқа сезімталдығын тексеру керек.

Асқазан, ұлтабарды рентген арқылы тексеру

  1. Ашқарында жүргізіледі.

  2. Рентген-бөлімшесінде ауызына барий сульфат 150-200 мл. жібереді.

Ескерту: дәрігер тағайындауы бойынша асқазанды жуып және тазарту клизмасын жасайды.

Пациентті ирригоскопияға дайындау

(рентген арқылы тоқ ішекті тексеру)

Мақсаты: нәтижелі дайындау, пациентті үйрету, хабарлау, метеоризмді кетіру, ішекті нәжістен тазалау.

Жабдықтар: тазалау клизмасын жасайтын жабдықтар: Эсмарк кружкасы, барий сульфат (36-370С).

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

  2. 2-3 күн бұрын тағамнан ішті желдендіретін заттарды алып тастау (жемістер, көкөністер, сүт, ашытқы тағамдар, қара нан, соктар).

  3. Пациентке тексеру алдында 30-60 мл кастор майын 12-13 сағат бұрын беру.

Ескерту: егер пациентте тышқақ болса, беруге болмайды.

  1. Тексерер алдында бір күн бұрын, кешкі уақытта бір сағат аралығымен екі рет тазарту клизмасын жасау, тањертењ тексеруге екі сағат қалғанда екі рет тазарту клизмасын жасау (аралығы 1 сағат).

  2. Тањертењ жеңіл белоктан тамақ беру.

  3. Пациентті рентген бөлімшесіне тағайындаған уақытында апару.

  4. Рентген бөлімшесінде клизма арқылы барий сульфатын (36-370С) 1,5л жіберу.