Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

Таза, құрғақ ыдысқа 50 мл. Жања шыққан зәрді жинап, жылы түрінде лабороторияға жеткізеді.

16.6.Нәжісті тексеру

Нәжістің қорытындысыныњ дєл болуы пациенттіњ дұрыс дайындалуынан, дұрыс жиналѓандыѓынан, сақталуынан және лабораторияға жеткізілуінен байланысты. Нәжістің анализіне сипаттама беруі екі түрге бөлінеді: а/ макроскопиялық,

б/ микроскопиялық.

Нәжісте бұлшық еттің талшықтары болса – креаторея деп атайды; крахмал болса – амилорея; майлы қышқылдар болса – стеаторея деп атайды.

Нәжісті 8-12 сағаттан кешіктірмеу керек, сақтау температурасы 3-50С болуы керек.Нәжісті шыны таза құрғақ ыдысқа жинауы керек. Сабын, жыныс органдарының бөліндісі болмауы керек.

Нәжістіні жалпы, немесе копрологиялық анализге, жасырынды қанға, құртқа, бактериологиялық қарапайымдарды тексеруге бөледі.

Нәжісті копрограммаға тексеру

Дәрілер ќабылдауын тоқтату: (әфедрин, прозерин, әлсіздендіретін дәрілер, висмут, темір, барий сульфат т.б.).

3 күн бұрын тексеріс алдында темірі бар тағамдарды ішпеу керек (ет, балық, жасыл түсті жемістерді). Тағамның сіңуін тексеру үшін арнайы диета қолданады.

Шмидт ем-дємі 4-5 күн бұрын тағайындалады: (кал 2250 ккал) немесе Певзнер ем-дємі (жалпы каллориясы 3250 ккал). Анализ үшінші, төртінші, бесінші күн өткеннен кейін үш рет жиналынады.

Шмидт ем-дємі (қорғаулық ем-дємі):

  • Танертеңгілік 0,5 л сүт немесе шай, майы бар ақ нан, шала пісірілген жұмыртқа.

  • Екінші танертенгілік тағам: 0,5 л сұлы ботқасы (сүтке пісірілген).

  • Түскі тағам: 105 г майсыз ет, 200-250 г картоп.

  • Екінші түскі тағам: 0,5 л шай немесе сүт, нан майымен.

  • Кешкі тағам: 0,5 л сүт немесе суық сұлы ботқасы, ақ нан майымен, 1-2 жұмыртқа.

Норма бойынша: нәжісте тағам қалдықтары болмауы керек. Үш

рет тексергенде асқорыту м‰шелерін жұмысын тексеруге болады.

Копроскопия

Көрсеткіші

Сипаттама

Тәулігіндегі көлемі

100 – 250 г

Тығыздығы

Жұмсақ, тығыз

Қалпы

Цилиндр тәрізді

Түсі

Қоңыр

Реакциясы

Әлсіз сілтілі

Кілегей, қан

Жоқ

Бұлшық еттің талшықтары

Жоқ , бірен – саран

Дәнекер тіні

Жоқ

Майлы қышқылдар

Жоқ

Сабын

Бірен – саран

Өсімдік клеткалары

Бірен – саран

Крахмал

Жоқ

Иодофильдық флора

Жоқ

Кілегей, оксалаттар

Жоқ

Лейкоциттер

Бірен – саран

Нәжісті құртқа тексеру

Құрттардың бірнеше түрлері бар, олар токсикалық, аллергиялық әсерлер береді (аскаридоз, трихинеллез), ішектің шырышты қабаттарын зақымдандырып, тесуі мүмкін, қан кетуі жєне т.б. Барлық гельминттер пациенттерді жүдетеді, авитаминозға, қаназдыққа шалдықтырады. Нәжістің анализін құрғақ шыны ыдысқа пациенттен дайындықсыз алады.