Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

Қақырықты атипті жасушаларға тексеру

Осы анализді алғанда бұл жасушалар тез бұзылатынын ескере отырып, жаңа шыққан қақырықты зерттейді. Қақырықты жалпы клиникалық анализіне жинаѓан тәрізді жинайды.

Ескерту: жөтелген кездегі бµлінген қақырықтың ќажеттігін пациенттерге түсіндіру керек.

Қақырықты және ыдыстарды зарарсыздандыру

Екі әдіспен зарарсыздандырады.

І әдіс – 1,5% гипохлорид немесе 2,5 % вентолен немесе 0,06 % диохлорид ертіндісіне 1 сағатқа зарарсыздандырады.

ІІ әдіс- түбіркүлез пациенттерінің түкіргіштерін, ыдыстарын 2,5 % гипохлорид немесе 5 % вентолен немесе 0,1 % диохлорид ертіндісіне 4 сағатқа зарарсыздандырады.

16.4.Жұтқыншақтан және мұрыннан жұғынды алудыњ мейіркештік технологиясы

Жұғын тығыз мақта-марлі тампонымен жабылған стерильденген пробиркаға таңертенгілік ашқарында алынады.

Дайындау керек: стерильденген шпатель, “Ж” (жұтқыншақ) деген белгісі бар тампонды пробирка.

  1. Пациентті күнге қарай қарсы отырғызу.

  2. Сол жақ қолына пробиркамен шпательді алу.

  3. Пациенттің ауызын ашу.

  4. Шпательмен тілдің түбірін басып, оң жақ

қолымен пробиркадағы стерильденген тампонды

алу.

  1. Тампонмен жұғынды айналдыра алу

(ауызының шырышты қабатарына тиіспеу керек).

  1. Тампонды пробиркаға салу (пробирканыњ

кірер ауызына тигізбей).

  1. Пробирканы штативке салу.

  2. Шпательді зарарсыздандыру.

М±рыннан жұғынды алудаѓы мейіркештік технологиясы

Дайындау керек: стерильденген тампоны бар пробирка.

  1. Пациентті отырғызып, басын кішкене шалқайту.

  2. “М” (мұрын) деген жапсырмасы бар пробирканы сол қолына алып, оњ қолымен тампонды алу.

  3. Мұрын ±шын сол жақ қолымен кішкене көтеріп, оң жақ қолымен тампонды айналдыра жұғынды алу, содан кейін оң жақ мұрын тесігіне кіргізу (терендігі - 1,5-2 см).

  4. Тампонды пробиркаға салу.

  5. Жолдама жазу.

Жолдама

Баклабораторияға ____________________________

жіберілген “Ж” немесе “М жағынды

Зерттеу үшін дифтерияға__________________

Аты жөні _____________________________

Жасы _____________________________

Пациенттіњ адресі Аурухана N 1 инфекциялыќ бөлімі

Уақыты, күні _____________________________

Анализ алушының қолы ______________________

16.5.Зәрді тексеру мейіркештің технологиясы.

Зәрді тексергенде, оның физикалық қасиеттерін, химиялық құрамын, тұнбаның микроскопиясын анықтап, бүйрек жұмысын және басқа органдарының зақымдануын аныќтау.

16.5.Зәрді жалпы анализге тексерудіњ мейіркештік технологиясы

Мақсаты: тура нєтижесін алу.

Көрсеткіштері: Физикалық қасиеттерін, химиялық құрамын, тұнбаны микроскопия т±рѓысында бағалау. Пациентті жалпылай тексеру.

Жабдықтар: 200 мл. шынылы ыдыс, қайнатылған су, сабын,

гигиеналық дәке, жолдама.

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау.

  2. Тексерудің мақсатын пациентке түсіндіру, келісімін алу.

А) амбулаториялық жағдайда

  • зәрді жинау үшін қалай ыдысты дайындау тєртібін пациентке үйрету.

  • құрғақ, таза 200 мл. сыйымдылықты, қақпақшасы бар шынылы ыдысты дайындау.

  • пациентті гигиеналық процедура жүргізу тәсілін үйрету (жыныс органдарын жуу):

  • ыдысқа жылы қайнатылған суды ќ±йып және сабынды дайындау

  • жыныс органдарын жоғарғы бөліктен төменге дейін жуу

  • дәкемен жоғардан төменге дейін құрғатып сүрту.

  • лабораторияға зәрдің жалпы анализіне жолдама жазу

  • пациентке немесе оның туыстарына зәрді қайда апаратынын түсіндіру.

Б) ауруханалық жағдайда

  • жолдама жазу

  • пациентке таза, құрғақ 150-200 мл. сыйымдылықты ыдысты беру

  • пациенттің анализ тапсырар алдында жыныс органдарын жуу.

В) Процедураны орындағанда:

  1. пациентке зәрді жинау әдісін үйрету

  • танертеңгілік жыныс органдарын жуғаннан кейін зәрдің бірінші тамшысын унитазға жіберу керек

  • зәрді ұстап ыдыстың қақпақшасын ашып

  • 150-200 мл. зәрді ыдысқа жіберу керек

  • қалған зәрді унитазға жіберу керек

  1. пациенттен осы түсіндірген зєрді алу тєртібін қайталап сұрау

  2. анализді қай жерге апаратынын түсіндіру (тоңазытқышта зәр тек қана 1,5 сағат ұсталынады).