Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

3.4.Мейіркеш құқығы мен міндеттері

Мейіркеш өзінің жұмысын бөлім меңгерушісінің бекіткен кесте бойынша атќарады.

Мейіркеш құқығы:

  1. Пациенттіњ ''ауру тарихына'' орындаған процедураларын тіркейді, қажет болған жағдайда, дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсетеді, дәрігерді шақырады;

  2. Палатаның, кабинеттің, ваннаның, туалеттің, тумбочкалардыњ тазалықтарын, таѓамдардыњ дұрыс сақталуын тексереді;

  3. Аға мейіркеш дер кезінде керек дәрілерге талап ќаѓазын жазады;

  4. Дәрігермен бірге пациенттерді аралап шыѓуына қатысып, пациенттердіњ қал жағдайын хабарлап, әрі қарай пациенттерді күту және емдеу туралы нұсқаулар алады;

  5. Пациенттердіњ ауру тарихындағы дене қызуын, процедураларын, анализдерін белгілейтін қағаздарын дұрыс жүргізеді;

  6. Рентген және басқа әртүрлі зерттеулерге пациенттерді талапќа сай даярлайды;

  7. Жаңадан түскен пациенті аурухананың ережесімен таныстырады;

Бөлмедегі пациентке керек тамақ, дәрілер туралы талапты уақытында

толтырып аға мейіркешке береді;

  1. Бµлім мењгерушісіне күнде пациент туралы мәліметті беріп, шыққан пациенттердіњ құжаттарын толтыруға көмектеседі;

  2. Кезекшілікті тапсыру кезінде мейіркештер жањадан т‰скен пациенттермен танысып, олардыњ жаѓадайлары туралы жалпы мєлімет алады;

  3. Кіші медицина ќызыметкерлерініњ жұмысын ќадаѓалайды;

  4. Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізіп, науќастарѓа арналған денсаулық бұрышын ұйымдастырады;

  5. Мейіркеш єрдайым µз білімін дамып, санатын жоѓарлатады.

3.5.Мейіркеш міндеттері

  1. Медициналық документтерді дайындап толтыруѓа;

  2. Халық жєне науќастардың арасында санитарлық ағарту жұмысын жүргізуге;

  3. Пациенттерге дәрігерге дейінгі шұғыл жәрдем беруге;

  4. Зерттеуге керек материалдарды дұрыс жинауѓа;

  5. Пациенттерге күтім заттарын тазалау үшін залалсыздандыру ертіндісін даярлауѓа, пациенттердіњ жеке басының тазалығын сақтауға арналған әдістер мен амалдарды атќаруѓа;

  6. Жаѓдайы ауыр пациенттерді күтіп-баѓуѓа дене қызуын өлшей біліу және қызуы өте жоғары пациенттерді күтіп бақылауѓа;

  7. Оңқа, қыша қағазын, компресс, жылытқыш, мұзды мүйық, сүлік қоюѓа:

  8. Дәрілерді жаздырып алу, есепке алып отыруѓа, сақтауѓа;

  9. Пациенттердіњ ауру тарихынан дәрігердің тағайындаған дәрілерін дұрыс жазып алып, оны таратуѓа;

  10. Терінің астына, терінің ішіне, бұлшық еттің ішіне, көктамырға инъекция жасауѓа тамызғышты құру және ол арқылы тамшылап дәрі жіберуге;

  11. Көк тамырдан қан алуѓа, қанның тобын анықтауѓа;

  12. Қан кеткенде оның ұюуының уақытын анықтауѓа;

  13. Дәрінің бір-бірімен үлеспейтіндігінің белгісін анықтап, шұғыл көмек көрсетуге даяр болуѓа;

  14. Тамырдың соғуын анықтап, тыныс алуын санауѓа, қан қысымын өлшеуге;

  15. Асқазан шырышты ќабатынан сөл алып, асқазанды тазартуѓа;

  16. Клизма жасауѓа, қуыққа түтік ќоюѓа, тәуліктегі диурезді өлшеп отыруѓа;

  17. Жүрек т±сын уқалап, жасанды ''ауызға ауыз'', ''ауызбен мұрынға'',үрлеу арқылы тірілту әдістерін жасау;

Мейіркеш жұмыс орнында тәртіп саќтап, сабырлыќ танытып, арнайы киіммен жұмыс атќаруы керек.