Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

16.3.Қақырықты тексерудіњ мейіркештік технологиясы

Тыныс алу органдарында қақырықты тексеру маңызды орын алады, патологиялық процесстің мінездемесін анықтауға мүмкіндік жасайды.

Егер қақырық болса, оның тәуліктік көлемін анықтау керек (созылмалы бронхитте 10-15 мл, бронхоэктаз ауыруында (1 литрға дейін болады)).

Пациентте қақырық болса, микроскопиялық, бактериологиялық тексеруін жүргізу қажет.

Бронхоскопия жасағанда дүрыс қорытындыны алады, бұнда ауыздағы сілекейде микроорганизмдер болмайды.

Қақырықты жинаудыњ мейіркештік технологиясы Қақырықтың жалпы клиникалық анализі

Мақсаты: тексеруге ќажетті дайындықты қамтамасыз ету, хабарлау, үйрету, сақтау, материалды зерттеуге жеткізу.

Көрсеткіштері: тыныс және жүрек аурулары.

Жабдықтар: таза шынылы ауызы кең ыдыс, жолдама, 1,5 % гипохлорид немесе 2,5 % вентален ертіндісі, резеңке қолғап, маска.

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау.

  2. Пациентке ескерту, мақсатын түсіндіру, келісім алу.

  3. Лабораториялық ыдысын кешкілікте беру, инструктаж жүргізу, тапсыру маңыздылығын айтып µту.

  4. Тісін анализді тапсырар алдында 2 сағат бұрын тазалау, және ауызын сумен шаю.

  5. Қолды жуып, резенке қолғапты және масканы кию.

  6. Жөтеле отырып, таза ыдысқа 3-5 мл. қақырықты жинау.

  7. Жолдаманы жабыстырып, лабораторияға 2 сағаттың ішінде жіберу.

  8. Резенке қолғапты шешіп қолды жуып құрғату.

Қақырықтыњ бактериологиялық зерттеуі

Аурудың қоздырғышын анықтау және антибиотиктердің нәтижесін білу үшін, бактериологиялық тексеру жүргізіледі. Пациентті нақты түрде дайындау керек. Стерилденген кең ауызы бар шыны ыдысты, крафтпакеттен жасалған қақпақшаны бактериологиялыќ лабораториядан алады. Ыдыстың ішінде сєйкестендіріліп алынатын көректік орта болуы керек (қант сорпасы, қан агары жєне т.б.).

Пациентке қақырықты таңертен ашқарында антибиотик тағайындамай тұрып жинайтының ескерту керек. Қақырықты жинағанда, ыдыстың шетіне қолымен, ауызымен тигізуге болмайды, қақырықты жөтелгеннен кейін қақпағын жауып қойып, 1 - 1,5 сағаттың ішінде тексеру керек. Баклабораторияға арнайы контейнер арқылы апарады.

Қақырықты т‰бірк‰лез таяқшасына тексеру

Әзірлеңіз: маска, клеенкалы фартук, резењке қолғап. 2,5% гипохлорид немесе 2,5% вентолен ертінділері.

Әрбір туберкулезге күдікті пациенттен қақырықты үш сынақ бойынша тексереді:

І сынақ - пациент ауруханаға немесе поликлиникаға келіп, таңертен мейіркештіњ бақылауымен қақырықты жинайды.

ІІ сынақ - қақырықты тапсыру үшін пациентке үйіне контейнер беріледі, содан кейін лабораторияға әкелінеді.

ІІІ сынақ – ќаќырыќты пациент мейіркештің бақылауымен ауруханада тапсырады.

Мейіркеш атќаратын іс - шаралар:

  1. Пациентті тиыштандырып, тексеру себебін түсіндіріп, қақырықты қалай жинайтынын т‰сіндіру.

  2. Жолдамасы жапсырылған кењ ауызды түкіргішті беру.

  3. Пациенттің артында тұрып, пациентке түкіргішті ауызына таяуын µтініп, үш рет терең демін ішіне кіргізіп, демнің аяғында қатты жөтеліп, қақырықты түкіргішке түкіруін с±рау.

  4. Қақырықты жеткілікті (3-5 мл.) алынғанын тексеру.

  5. Қақпақшамен түкіргіштің ауызын жауып, арнайлы контейнерге салып, баклабораторияға жіберу.

  6. Мейіркеш қолын жуып, құрғатуы.

  7. Пациентке ертењгі күніне түкіргішті беріп, түсіндіру.

Жиналған қақырық тәулік ішінде лабораторияға жеткізілуі керек. Тасымалдау үшін бикстер, контейнерлер қолданылады. Лабораторияға апарылғанша, олар тоңазытқышта сақталынады.