Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары мен тапырмалары

  1. Клизма туралы сипаттама беріңіз және оның маңыздылығын түсіндіріңіз?

  2. Клизманың түрлерін тізіп беріңіз?

  3. Тазарту клизмасын жасау ережесін, көрсеткіштерін, әдістерін айтып көрсетіңіз?

  4. Сифондық клизмасын жасау ережесін, көрсеткіштерін, әдістерін айтып көрсетіңіз?

  5. Гипертоникалық клизмасын жасау ережесін, көрсеткіштерін, әдістерін айтып көрсетіңіз?

  6. Майлы клизманың ерекшелігін, қолдану ережесін түсіндіріңіз?

  7. Тамшы клизманы қолдану ережесін атап, көрсетіңіз?

  8. Қуыққа катетр қою маңыздылығын және әдісін атап шығыңыз?

  9. Құсық кезінде көмек көрсету ережесін түсіндіріңіз?

  10. Асқазанды жуу әдісінің ережесін түсіндіріп, көрсетіңіз?

16.Лабораториялық тексеру єдістері

Лабораториялық тексерістер-пациенттерді тексерудегі маңызды бөлігі болып саналады.

Бұл мәліметтер диагноз қойғанда, пациенттің жағдайына баға бергенде ќажет. Лабораториялық тексерудің нєтижелері тура болуыныњ да кµп мєні бар.

Тексерілетіні: қан, зәр, нәжіс, қақырық, асқазан, бауыр-өт сөлдері, сұйықтары, шырышты қабаттары жєне т.б.

16.1.Қанды тексерудіњ мейіркештік технологиясы

Қан анализдері жалпы клиникалық, биохимиялық, иммунологиялық тексерістерге бөлінеді.

Жалпы клиникалық тексерістің мақсаты: қанның қасиеттік және көлемдік қан элементтерін тексеру (эритроцит, лейкоцит, тромбоцит, гемоглобин, соэ жєнес т.б.).

Қанға тағам, физикалық күш, ішкен сұйықтық әсер етеді, сондықтан қан анализін таңертеңгілікте аш ќарында алады.

Биохимиялық тексеруде қандаѓы заттарды (глюкоза, билирубин, холестерин, белок, креатинин жєне т.б.) аныќтайды.

Бұл көрсеткіштер әрбір ауруларда өзгеріп отырады, сондықтан бұл мәліметтер диагноз қою үшін қолданылады.

Қанды биохимиялық, иммунологиялық зерттеуге процедура бөліміндегі мейіркеш көк тамырдан ашқарында 5 – 7 мл. алады. Клиникалық лабораторияға жолдама жазады.

16.2.Көк тамырдан қан алу мейіркештің технологиясы:

Көк тамырдан алу анализді процедура мейіркеші дәрігердің нұсқауымен орындайды. Қан алуды аш қарында жүргізеді, сондықтан пациентке алдын – ала ескертеді. Қанды тамырдан орташа 10 мл – ге дейін алады.

Әзірлеңіз: стерилденген мақта шариктерін, бір рет қолданылатын шприц (10 – 20 мл) инесімен, пробиркалар, штативтер, спирт, жгут, лоток, резеңке қолғап, жастықша.

  • Қолыңызды жуып, резеңке қолғап, масканы киіңіз;

  • Пациентті жатқызыңыз немесе ыңғайлап отырғызыңыз;

  • Пациенттің киімін қолынан босатып жастықшаңы шынтағына қойыңыз;

  • Жгутты иығының орта бөлігіне салып, пациентке қолымен жұмыс істеуін сұраймыз;

  • Венаны анықтап жоғарыдан төмен ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп алыңыз;

  • Иненің тесігін жоғары ұстап, сол жақ қолмен теріні төмен тартыңыз (венаны тұрақты қылу үшін);

  • бірінші теріні, екінші венаны тесіп шприцтің поршенің артқа тартып қанның бар екенін анықтаңыз;

  • шприцке керекті мөлшерде қанды сорып алыңыз;

  • пациент жұдырығын босатып жгутты шешіңіз;

  • үшінші мақта шаригімен иненің үстіне салып шприцпен инені суырып алыңыз;

  • пациентке мақта шаригін 5 – 10 минут ұстауын сұраймыз;

  • инені шприцтен алып, абайлап пробирканың қабырға бойына қанды жіберіңіз;

  • пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;

  • Мақта шаригін дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа 1 сағатқа салыңыз;

  • Шприцпен инені контейнерге жою үшін тастаңыз;

  • Пробирканың сыртына жолдаманы жабыстырып, лабораторияға жіберіңіз;