Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

15.8.Құсық болған кезде көмек көрсету

Егер пациенттің сана сезімі айќын болса:

  1. Пациентті отырғызып, клеенкамен жабу.

  2. Орамалды беріп, екі аяғының арасына леген қою.

  3. Дәрігерге хабарлау.

  4. Қ±сып жатқанда, пациенттің маңдайын ұстап тұру.

  5. Қ±сқан сайын ауызын шайғызып отыру.

  6. Қ±сықты дәрігерге көрсету.

Егер пациент әлсіз болса, немесе сана сезімі айќын емес жаѓдайда болса:

  1. Пациентті қырымен жатқызу немесе басын жанына ќарай бұру.

  2. Жедел түрде дәрігер шақыру.

  3. Жастықты алып тастау.

  4. Тіс протездерін (егер бар болса) алып тастау.

  5. Клеенкамен мойынын, кеудесін жабу.

  6. Ауызына лоток қою.

  7. Электроотсоспен немесе резењке баллонмен ауыздан, мұрыннан құсықты сорып алу.

  8. Ауызды, құсық шыққан сайын, өњдеу, күту.

Ескерту: жекелік мейіркештік постымен қамтамасыз ету.

15.9.Қуыққа катетер енгізудіњ мейіркештік технологиясы

Катетеризация дегеніміз - қуыққа катетер енгізу. Катетерлеу емдеу және диагностикалық мақсатпен жүргізіледі және қуықты жуу үшін қолданылады.

Катетер қолданғанда инфекция жайылмауы үшін асептика шараларын қолдану керек. Катетерді тек қана керекті жағдайларда ќолданады.

Қуықты екі маќсатпен жуады:

  • механикалық мақсатпен (тастарды, іріњді шығару)

  • эндоскопиялық тексерістер жүргізер алдында.

Әйелдерге катетер енгізудегі мейіркештің технологиясы.

Мақсаты: зәрді қуықтан уақытымен шығару.

Көрсеткіштері: зәрдің өткір тұрып қалуы.

  • қуықты жуу және дәрілерді жіберу.

  • Зәр жолдарының операцияларының кейінгі кезенњдері.

Қолданбайтын жағдайлар: қуықтың жарылуында.

Жабдықтар: стерильденген катетер, екі пинцет, лоток резењке қолғап, фурацилин ерітіндісі 1:5000, вазелин майы, зәрді жинайтын ыдыс, дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдыс, клеенка, жуу үшін қолданатын антисептикалық ерітінді.

Ескерту: катетер енгізгенде қатањ түрде асептика ережесін сақтау керек, процедураны фельдшер немесе тәжірибелі мейіркеш жасайды.

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, пациентті жекелеу, процедураның мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

  2. Қолғапты кию.

  3. Пациентті шалқасына жатқызып, аяқтарын ашу (тізесі бүгілген к‰йде).

  4. Жамбасының астына клеенка жөргек салу, үстіне судноны қою.

  5. Қуықты жуу үшін керекті жабдықтарды дайындау.

  6. Пациенттің жыныс м‰шелерін жуу және құрғату.

  7. Резењке қолғапты айырбастап катетер қолдануға керекті жабдықтарды дайындау.

  8. Оң жақ қолына пинцетті алып, марліленген дәкені фурацилин ерітіндісіне малып, жоғарыдан төмен жыныс м‰шелерін өњдеу керек ( тампондарды дезинфекциялыќ ерітіндіге салу керек).

  9. Пинцетпен катетерді алып вазелин майын жағып, сол жақ қолымен жыныс еріндерін ашып, оң жақ қолымен катетерді зәр шыққанша 4-6 см-ге енгізу керек.

  10. Катетердің бос жағын зәрді жинайтын ыдысқа салу.

  11. Пинцет, лотокты дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдысқа салу.

  12. Катетерді жайлап алып шығып, дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдысқа салу.

  13. Резењке қолғапты дезинфекциялыќ ерітіндіге салу.

  14. Қолды жуып құрғату.

  15. Пациентке физикалық, психикалық тыныштық жағдайларын жасау.