Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

15.6.Жел шығаратын түтікшені қолданудыњ мейіркештік технологиясы

Жел шығаратын түтікшені іштің тырсылдағанында (метеоризм) қолданады.

Мақсаты: ішектен газдарды шығару.

Көрсеткіші: метеоризм.

Қолданбайтын жағдайлар:

  • ішектен қан кетуінде;

  • тік ішектің түсуінде;

  • тік ішекпен, сигма ішектің қабынуында;

  • тік ішектің қатерлі ісігінде;

  • тромбоцитопенияда;

Жабдықтар: стерильденген жел шығаратын түтікше, лоток, вазелин майы, таңу материалдары, қолғаптар, перде, клеенка, үлкен дәкі, судно.

Ескерту: жел шығаратын түтікше 1 сағатқа салынады.

1.Осы процедураға пациенттен келісімін алу.

2. Пациентті пердемен кµлегейлеу.

3. Пациентті сол жақ қырына керуерттің шетіне қарай тізесін бүгіп жатқызу.

4. Қолғапты кию.

5.Жамбасының астына клеенка, үстіне үлкен дәкені салу.

6 Орындықтың үстіне суы бар судноны қою.

7. Түтікшені вазелин майымен жағу ( 20-30 см бойымен).

8. Екі жамбасының арасын ашып, түтікшені 20-30 см терењдігіне енгізу.

9. Түтікшенің бос жағын суға салу.

10.Қолғапты шешіп, дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдысқа салу.

11. Қолғапты кию.

12. 1 сағаттан кейін түтікшені шығарып алу.

13.Түтікшені дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдысқа салу.

14.Тік ішектің маңайын өњдеу және вазелин майы жағылған дәкіні салу.

15.Клеенкамен дәкені алып қапшыққа салу.

16.Қолғапты шешіп, дезинфекциядлыќ ерітіндіге салып, қолын жуып құрғату.

15.7.Асқазанды жуу

Мақсаты: асқазан ішін өңеш арқылы тазалау, емдеу, диагностикалау әдісін жүргізу.

Көрсеткіштері: ішімдікпен, дәрілермен, тамақпен улану, ішек түйіліп қалуында.

Қолданбайтын жағдайлар: Асқазаннан қан кетуде, жараларында, өңештің жіңішкеруінде, демікпеде, жедел инфаркт ауруында, жедел инсульта.

Жабдықтар: лоток, шынылы құйғыш (воронка) 0,5-1 л сиымдылығымен, 2 жуан зонд, шынылы трубка зондтарды жалғайтын, 10 л бөлме температуралы су, ожау, леген (сүйықтықты құйятын), клеенкалы екі фартук, мәрліленген дәкелер, құрғақ хлор єгі, латекстық қолғап.

Ескерту: зондты жібергенде асқазанға кедергісіз өткенін тексеріп отыру ќажет.

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, мақсатымен, барысымен таныстыру, келісімін алу.

  2. Керекті жабдықтарды дайындау.

  3. Фартукты кию.

  4. Қолды жуып, құрғатып, қолғапты кию.

  5. Пациентті орындыққа отырғызып, басын алдына қарай кішкене еңкейту.

  6. Екі аяғының ортасына легенді қою.

  7. Пациентке фартук кигізу.

  8. Зондпен мұрын ±шынан бастап құлақ ±шына дейін, содан кейін кіндікке дейін өлшемдерді алу.

  9. Зондтарды шынылы трубкамен жалғастыру.

  10. Зондтың соњы ±шын жылы суға салу.

  11. Пациенттің ауызын ашып, зондты оң жақ қолына алып (ұзындығы 10 см), жұтқыншаққа қарай кіргізу.

  12. Пациентке ж±тыну арќылы зондты асқазан денгейіне дейін жұтќызттыру (зондта белгісі бар).

  13. Зондқа құйғышты жалғап, асқазаннан төмен және кішкене қисайтып түсіру.

  14. Құйғышқа суды құю.

  15. Жайлап құйғышты пациенттің ауызына 25-30 см көтеру.

  16. Құйғыштың түбінде су қалу керек.

  17. Қайтадан құйғышты пациенттің тізесінен төмен түсіріп, ішіндегісін төгу.

  18. Су тазарѓанѓа дейін осы процедураны бірнеше рет қайталау керек,.

  19. Зондты жайлап алып, құйғыш екеуін дез ертіндіге салу.

  20. Пациентке ауызын сумен шайѓызу, ауыз маңайын дәкелермен сүрту.

  21. Физикалыќ, психикалық тыныштыќты қамтамасыз ету.

  22. Асқазанның ішіндегісін (200мл) лабороторияға жіберу.

  23. Асқазан ішіндегі ќалдыќты 1:5 қатынасындаѓы хлор єкпен өњдеу құрал-жабдықтарды, күтім заттарын, қолғаптарды дез ертіндімен өњдеу.