Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

Парентералдық жолен дәрілерді енгізгенде болатын ақынулар

Бұлшық етке ине алғаннан кейінгі ақынулар

Тері астына ине салғаннан кейінгі асқынулар

Көк тамырға салғаннан кейінгі асқынулар

Майлы эмболиясы

Майлы эмболиясы

Ауа эмболиясы

Аллергиялық реакция

Аллергиялық реакция

Аллергиялық реакция

Гематома

Гематома

Гематома

Инфильтрат

Инфильтрат

Сеспсис

Тромбофлебит

Нервтық түйіннің зақымдануы

Флебит

Иненің сынуы

Некроз

Бақылау сұрақтары мен тапырмалары

  1. Дәрілірді енгізу жолдарын атап шығыңыз?

  2. Дәрілерді қолдану тәсілдерін түсіндіріңіз?

  3. Дәрілерді сақтау ережелерін айтып беріңіз?

  4. Дәрілерді парентералдық жолмен енгізу тәсілдерін тізіп беріңіз?

  5. Тері ішіне ине салу әдісін айтып көрсетіңіз?

  6. Тері астына ине салу әдісін айтып көрсетіңіз?

  7. Бұлшық етке ине салу әдісін айтып көрсетіңіз?

  8. Антибиотиктерді қолдану ережелерін атап шығыңыз?

  9. Көк тамырға ине салу әдісін айтып көрсетіңіз?

  10. Инсулинді қолдану ережесін түсіндіріңіз?

  11. Бициллинді қолдану ерекшелігін атап шығыңыз?

  12. Майлы ертінділерді енгізу ерекшеліктерін түсіндіріңіз?

  13. Система құру әдісін айтып көрсетіңіз?

  14. Инъекциядан кейін болатын асқынуларды тізіп беріңіз?

15.Клизмалар

Клизма дегеніміз төменгі тоқ ішектің бөлігіне әртүрлі сұйықтықтарды құю арќылы орындалатын емдеу- диагностикалық манипуляциясы.

Мақсатына қарай емдеу клизмалар екі түрге бөлінеді:

  • тазарту және босањсыту клизмалары

  • дәрілік және емдеу клизмалары.

Тазарту клизмасын жасағандағы құйылған сұйықтық механикалық, температуралық, химиялық әсер етуі, ішектің жұмысын күшейтіп, нәжісті шығарады, егер сұйықтықты көп қолданса механикалық әсері күшейе т‰седі. Сұйықтықтың температурасы да ішектіњ механикалыќ ж±мысына әсер етеді. Мысалы, атоникалық дәрет тұрып қалғанда жылы немесе ыстық клизма қолданады (+ 370-400-420 С).

15.1.Тазарту клизмасын жасаудыњ мейіркештік технологиясы

Мақсаты: нәжістік массаны жєне газдарды шығару.

Көрсеткіштері:

  • пациенттерді рентген зерттеуі алдына.

  • пациенттерді эндоскопиялық тексеріс алдында.

  • дәреті тұрып қалғанда, дәрі және ќоректік клизмалары алдында.

  • операцияѓа дайындауда және босанудын алдында.

Кµрсетілмейтін жағдайлар:

  • ас қорыту, ішек органдарынан қан кеткенде

  • тоқ ішектің, тік ішектің өткір қабыну және жаралық процесстерінде

  • тік ішектің қатерлі ісігінде.

  • тік ішектің

Жабдықтар: стерильденген лоток, түтікше, дәкелер, пинцеттер, Эсмарх кружкасы, штатив, клеенка, жөргек, 1,5 л су, дезинфекциялыќ ерітіндісі бар ыдыс, судно, су термометрі, вазелин, шпатель.

Арнайы киім: латекстық қолғап, медициналыќ халат, клеенкалы фартук, ауыстыратын аяқ киім.

Ескерту: жіберетін су температурасы су термометрі көрсеткішіне сәйкестену керек.

  • атониялық дәрет тұрып қалғанда 120-200С

  • спастикалық дәрет тұрып қалғанда 370-400-420С

  • дәрет тұрып қалғанда 200-250 С.

1.Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, жекелеп жағдай жасаңыз.

2. Процедураның мақсатын, барысын түсіндіріңіз.

3. Халат, клеенкалы фартук, қолғаптарды киіңіз.

4. Эсмарх кружкасына 1,5 -2 л суды құйыңыз.

5. Эсмарх кружкасын штативке іліңіз.

6. Түтікшеге вазелин майын жағыңыз.

7. Бұранданы ашып, желді шығарыңыз.

8. Пациентті сол жақ қырына жатқызып, тізесін бүгіп ішіне қарай тартқызыңыз.

9. Пациенттіњ жамбасының астына клеенка, үстіне дәкі салыңыз.

10. Жамбасын итеріп, сол жақ қолының 1-2 саусағымен, оң жақ қолымен тік ішекке түтікшені жіберп, ең бірінші 3-4см кіндікке қарай, содан кейін 8-10см омыртқаның жотасына жайлап баѓыттап жіберіңіз.

11. Бұранданы ашып, сұйықтықты жіберіңіз.

12. Пациент ішімен демалуы қажет.

13. Бұранданы жауып, жайлап түтікшені алып, лотоққа салыңыз.

14. Пациент 10 мин. арқасымен жатып, сосын дәретханаға жіберіңіз.

15. Түтікшені, қолғап, фартукты дезерітіндіге салыңыз.

16. Халат, қолғап, фартукты айырбастаңыз.

17. Пациенттің жыныс м‰шелерін жууға көмектесіңіз.