Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

14.16.Инъекция жасағаннан кейінгі болатын асқынулар.

  1. Инфильтрат – қатаюуы. Тіннің жасушаларының механикалық жарақаттану орнында белсенді ыдырауы. Себебі: инъекция топас инемен жасалған, қысқа ине қолданған, жіберген дәрінің тітіркендіргіш қасиеті, бір жерге қайта – қайта инъекция жасағаннан кейін, асептика ережесін сақтамағандықтан. Инфильтратты кетіру үшін жылытқыш, жылы қыздырма компресс, физио терапиялық ем қолданады.

  2. Абсцесс – жұмсақ тіндердің іріндеуімен қуыстың пайда болуы, көбінесе асептика ережесінің бұзылуымен байланысты. Мұндай жағдайда тек қана хирургиялық кірісулер керек.

  3. Дәрілік эмболия – майлы немесе суспензиялық ертінділердің тамырға барып оның қуысын жабады. Инъекция жерінде ауырсыну, қызару, ісіну, жергілікті және жалпы дене қызуы көтеріледі. Егер майлы эмбол өкпе тамырларында болса, пациентте ентігу, басылмайтын жөтел, көгеру, кеудесінің қысылуы дамиды. Бұл асқыну пациентті өлімге шалдықтыруы мүмкін. Дәрілік эмболияның алдын – алу үшін инъекция жасайтын жерлерін ауыстырып және салар алдында тексереді. Майлы дәрілерді салғаннан кейін шприцтің поршенің артқа тартып қанның бар – жоғын тексеріп отырады.

  4. Ауа эмболиясы – көбінесе көк тамырға инъекция жасағаннан кейін дамиды. Белгілері дәрілік эмболиясына ұқсайды, бірақ тез арада басталады. Ауа эмболияның алдын – алу үшін шприцтен ауаны шығарып, қадағалап отырады.

  5. Нерв талшықтарының зақымдануы – мейіркеш бұлшық етке ине салу ережесін білмегендіктен, жамбастың төменгі бөлігіне салады. Сол себептен нерв талшықтары зақымданып пациентте “ишиас” ауруы пайда болады.

  6. Венаның жарылуы – қарт және егде жастағы паиценттерде, венаның жекелік қасиеттерінің бұзылуынан дамиды.

  7. Тромбофлебит – бір венаны қайта – қайта тескеннен тромб пайда болады да, қабыну дамиды. Белгілері: жергілікті ауырсынуы, терінің қызаруы, венаның ісінуі. Мұндай асқынуда гепарин майын жұқа түрінде 8 сағатқа жағып, содан кейін жылы сумен жуып, ромашка тұнбасымен компрессті 8 сағатқа қояды. Осы процедураны 4 – 5 күн жасайды.

  8. Некроз (өліеттену) – дәрі тері астына кетіп тіндерді өлі еттендіреді. Көбінесе 10% кальций хлорид ертіндісін дұрыстап салмағандықтан дамиды. Мұндай жағдайда инені алмай, поршенді өзінізге қарай тартып, 0,25 % новокаин ертіндісін сол инеге 1 – 2 мл жібереді. Өліет пайда болған орнын 0,25 % новокаин ертіндісін тері астына жан – жағына айналдыра жібереді.

  9. Гематома – мейіркештің іс - әрекетінен байланысты. Венаға дәріні дұрыстап жібермегеннен дамиды. Тері асты ісініп, көк дақ пайда болады. Гематома пайда болған жеріне мұздатқышты қояды, келесі күні жылы спирттық компресс жасайды.

  10. Сепсис – көк тамырға инъекция жасағанда залалсыздандырылмаған ертінділерді енгізуден, асептика және антисептика ережесін бұзғаннан ауыр түрде өтетін жұқпа.

  11. Аллергиялық реакциялар – кейбір дәрілерді жібергенде есекжем, Квинке ісігі, конъюктивит, ринит, ең соңғыда анафилактикалық шок дамуы мүмкін. Сондықтан мейіркеш міндетті түрде пациенттің аллергологиялық анамнезін жинауы және аллергологиялық сынақтарды жасау керек.