Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

1 4.7.Дәріні бұлшық етке енгізудің мейіркештік технологиясы.

Салатын орындары: иықтағы дельта бұлшық еті, санның алдыңғы сыртқы аймағы, жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі. Бұлшық етке инъекция жасағанда дәрілер біртіндеп қанға сіңеді, әсіресе антибиотиктер. Иненің ұзындығы майлы қабатының көлеміне байланысты, себебі ине эпидермис, дерма, майлы қабаттарынан өтіп бұлшық етке жетеді. Сондықтан иненің ұзындығы 60 – 80 мм болу керек.

Инъекция жасар алдында пациентке мағынасын түсіндіріп, аллергоанамнезін анықтаймыз және ине салатын орның дайындаймыз.

Әзірлеңіз: 5 мл – лік шприц, дәрі, стерилденген мақта шариктер, резеңке қолғаптар, 70 % - тік спирт, лоток.

  • Қолды жуып, стерилденген резенке қолғапты киіңіз;

  • Ампуладан керекті мөлшерде дәріні сорып алыңыз;

  • Шприцті оң жақ қолмен ұстап ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп алыңыз;

  • Теріні 1 – 2 сол жақ қолдың саусағымен тартыңыз, шприцті 900 бұрышпен 2/3 ұзындығына жіберіңіз;

  • Шприцте қан жоқтығын анықтаңыз;

  • Дәріні баяу жіберіңіз;

  • Үшінші мақта шаригін ине үстіне қойып шприцтен инені суырып алыңыз;

  • Пациенттен мақта шаригін 2 – 3 минут ұстауын сұраңыз;

  • М ақта шаригін дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа 1 сағатқа салыңыз;

  • Шприцпен инені контейнерге жою үшін тастаңыз;

Ескерту: егер пациент дәріні бірінші рет алып отырса, оның жағдайын 30 минутқа дейін қадағалап отырыңыз. Инъекция жасаған жеріне массаж жасамайды. Инъекцияны пациент ұзақ мерзімде қолданса, бір сағаттан кейін жылытқыш беріңіз немесе иодтық сетка жасаңыз

14.8.Антибиотиктерді езу әдістері.

Антибиотиктерді езудің 2 тәсілі бар. Антибиотиктерді стерилденген су ертіндісімен немесе физиологиялық ерітіндісімен езеді.

Бірінші әдіс

Бұл әдіс бойынша езілген ерітіндінің әр 1мл. 100000 Б антибиотик болады. Сол себебтен 1 : 1 әдісі деп атайды.

1.Флаконды алып.сыртындағы мөлшерін /бірлігін/ оқыңыз. Мысалы – 600.000 Б.

2.Енді оны езу үшін керекті физиологиялық ерітіндісінің мөлшерін санап табыңыз. Оны есептеу үшін.флаконның сыртындағы антибиотиктің мөлшерін 100.000 бөлуіміз керек. Мысалы:600.000 : 100.000 — 6 мл. физиологиялық ерітіндісі керек.

3.Сөйтіп, 1:1 әдіс бойынша жаңағы флаконға 6 мл. физиологиялық ерітіндісін құямыз.

4.Керекті мөлшерді санап табу. Бұл ертінділерінің әр бір мл. -100 000 Б антибиотик бар. 2мл – 200 000 Б антибиотик бар.3мл – 300 000 Б антибиотик бар. Мысалы, бізге 250.000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 2,5 мл езілген ерітіндіні сорып аламыз. Бізге 300.000 Б антибиотик сорыпалу керек. Ол үшін біз шприцке 3 мл езілген ерітінділерін сорып аламыз. Бізге 500.000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 5 мл езілген ертіндісін сорып аламыз.

Екінші әдіс

Бұл әдіс бойынша езілген ерітіндінің әр бір мл.200000 Б антибиотик болады. Сол себебтен 1 : 2 әдісі деп атайды.

1.Флаконды алып сыртындағы мөлшерін /бірлігін/ оқыңыз.

Мысалы – 600.000 Б.

2.Енді оны езу үшін керекті ерітінділірін мөлшерін санап табуымыз керек. Оны есептеу үшін, флаконның сыртындағы антибиотиктің мөлшерін 200.000 бөлуіміз керек. Мысалы: 600.000 : 200.000 – 3 мл. ерітіндісі керек.

3.Сөйтіп, 1:2 әдіс бойынша жаңағы флаконға 3 мл. ертіндісін құямыз. Енді осы ерітіндінің әр бір мл. - 200.000 Б антибитик болады.

4.Керекті мөлшерді санап табу. Бұлардың әр бір мл. – 200 000 Б антибиотик бар. 2мл – 400 000 Б антибиотик бар.

3мл – 600 000 Б антибиотик бар.

Мысалы, бізге 200.000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 1 мл езілген ерітіндісін сорып аламыз. Бізге 300.000 Б антибиотик сорып алу керек.

Ол үшін біз шприцке 1,5 мл езілген ертіндісін сорып аламыз. Бізге 600.000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 3 мл езілген ертіндісін сорып аламыз.