Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

14.4.Физиологиялық жансыздандыру әдістері.

Инъекция жасау нәтижесі жансыздандырудан және мейіркештін жұмысынан байланысты:

  1. Мейіркеш таза – тиянақты болуы.

  2. Процедура бөлімшесінің таза болуы.

  3. Нәтижелі медициналық құралдар (ине өткірлігі).

  4. Дәріні пациенттің қатынасуынсыз ампуладан дайындап алуы.

  5. Инъекцияның орның дұрыс тандап алуы.

  6. Пациентке инъекция жасар алдында хабарлау.

  7. Тоңазытқышта тұрған дәрілерді бөлме температурасына дейін жылыту.

  8. Дәріні абайлап, баяу жіберу.

  9. Процедура бөлмесін желдету, уақытымен жинау.

  10. Әр түрлі жансыздандыру әдістерін қолдану.

Инъекция жасайтын орындарының жансыздандыруын үш әдіспен орындауға болады:

І әдіс: Саусақпен басу: инъекция жасайтын жерін 10х10 см көлемде спиртпен сүртіп алып, екінші мақта шаригімен терендігі 1 см – ге дейін 10 сек басып тұрады. Содан кейін мақтаны алып, сол жерге дәріні жібереді.

ІІ әдіс: Инъекция жасайтын жерді кең аймақта 10х10 см спиртке малынған шаригімен сүртіп үлкен бас бармағымен және екінші саусағымен теріні тереңдігі 1 см – ге дейін 2 – см – ге тартады да орның екінші спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп инъекция жасайды.

ІІІ әдіс: Осы әдіс бойынша шынылы немесе пластмас трубкаларды қолданады (көбінесе инелердің қақпақшаларын қолданады). Жалпы және жергілікті аймақта спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп трубканы тереңдігі 1 см – ге дейін 10 секунд басып соның ішіне инені салып дәріні жібереді, содан кейін инені, трубкамен қоса алып тастайды.

14.5.Тері ішіне ине салу әдісінің мейіркештік технологиясы.

Тері инъекцияны диагностикалық мақсатпен жасайды: мысалы: туберкулин - Манту реакциясын аллергиялық пробаларды. Инъекция жасайтын орны – қолдың ішкі ортаңғы бөлігі. Дәріні терінің эпидермальдық қабатына 0,1 – 1 мм – ға дейін ертіндіні жібереді.

  • Антибиотигі бар флаконды, инъекцияға арналған суды, стерилденген мақта шариктерін, 70 % спирт, резенке қолғап, сызғыш және 1 мл – лық шприц дайындаңыз;

  • Антибиотикті инъекциялық сумен немесе физиологиялық ертіндісімен (100 000 Б – 1 мл – ге) ерітіңіз;

  • Шприцпен 0,1 мл антибиотик ерітіндісін сорып алыңыз;

  • Ине салатын орның спиртке малынған мақта шаригімен кең және жергілікті аймақты екі рет сүртіңіз;

  • Спирт құрғағанша тосыңыз;

  • Сол қолыңызбен теріні тартып, оң қолыңызмен шприцті иненің тесігі жоғары қарап тұрған бойы терінің ішіне 1 мм – ге дейін кіргізіңіз;

  • Ине салған жерде “лимон сырты” тәрізді түйме пайда болады;

  • Мақта шаригін алмай инені алыңыз;

  • 30 мин-тан кейін сынакқа сипаттама беріңіз;

  • егер гиперемия 0,5 см артық болса, онда сынақ оң, антибиотикті қолдануға болмайды, егер 0,5 см кем болса, онда сынақ күдікті болады, қалыпты жағдайда ешқандай реакция болмау керек;

  • қолданған шприцпен инені контейнерге жою үшін салыңыз.

14.6.Дәріні тері астына енгізудің мейіркештік технологиясы.

Әзірлеңіз: 2 мл – лік шприц, дәрі, стерилденген мақта шариктер, резеңке қолғаптар, 70 % - тік спирт, лоток .

Салатын орындары: иықтың сырқы жоғарғы бөлігі, санның алдынғы жағы, жауырынның асты, кіндіктің сол жақ және оң жақ аймақтары.

  • Ампуладан керекті мөлшерде дәріні сорып алыңыз;

  • Шприцті оң жақ қолмен ұстап ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп алыңыз;

  • Сол қолмен теріні жиырып жоғары тартып, оң қолмен шприцті алып ине тесігін жоғары қаратып, бұрышы 450 2/3 бөлігіне салыңыз;

  • Сол қолды босатып, поршенді ұстап, оң қолмен дәріні жіберіңіз;

  • Дәріні жібергеннен кейін үшінші спиртке малынған мақта шаригін ине үстіне қойып шприцпен инені суырып алыңыз;

  • Мақта шаригін 2 – 3 минутқа ұстауын пациенттен сұраймыз;

  • Мақта шаригін дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа 1 сағатқа салыңыз;

Шприцпен инені контейнерге жою үшін тастаңыз;