Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

Жедел жәрдем көрсету үшін қолданылатын дәрілер

  1. Строфантин, дигоксин, кордиамин

  2. Эуфиллин

  3. Лазикс

  4. Адреналин

  5. Дексаметазон

  6. Супрастин

  7. Атропин

  8. Седуксен, реланиум

  9. Аминазин

  10. Обзидан

  11. Лидокаин

  12. Инсулин

  13. Полиглюкин

  14. Глюкоза

  15. Физиологиялық ертінді

  16. Шприцтер

  17. Системалар

  18. Спирт

  19. Жгут (байлам).

Парентералдық (ас қорыту жолынан тыс)жолмен дәрілерді инъекция арқылы қолданады. Инъекциялық дәрілердің ерекшеліктері: дәріні жіберген де бір тұтастығы бұзылады; арнайлы шприц және ине қолданылады. Инъекцияны тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, көк тамырға, сүйекке, қуыстарға, милы қабатына, жұлынға, бездерге, артерияларға жасауға болады. Кейбір инъекцияларды (бұғана асты веналарға, артерияларға, лимфатикалық бездерге, қуыстарға, милы қабатына) дәрігер орындайды. Басқа инъекцияларды: тері астына, тері ішіне, бұлшық етке, көк тамырға мейіркеш орындайды.

Дәрілерді парентералдық жолмен енгізу күрделілігі:

    • дәрінің тез арада әсер етуі;

    • дозаның тұрақтылығы;

    • бауырға әсер етпеуі;

    • пациенттің құсық болған кезінде, дем алуы қиындағанда, сана сезімі болмағанда кедергі болмайды.

14.2.Шприцтің құрылысы және сипаттамасы.

Шприцтің құрылысында: циллиндр, поршень, ине болады. Шприцтің көлемі инъекцияның мөлшеріне байланысты; мысалы:

  1. тері ішіне – 0,5 мл ертіндіге дейін жібереді.

  2. тері астына – 0,5 – 2 мл ертіндіге дейін жібереді.

  3. бұлшық етке – 1 – 10 мл ертіндіге дейін жібереді.

  4. көк тамырға – 20 мл ертіндіге дейін жібереді.

  5. қуыстарға – 20 – 50 мл ертіндіге дейін жібереді.

Қазіргі заманға сай көбінесе бір рет қолданатын шприцтер енгізілген, және Жанэ шприці және инсулин шприцтері бар. Инелердің ұзындығы, диаметрі инъекция салатын жерлермен байланысты. Мысалы:

  1. тері ішіне салатын иненің ұзындығы – 15 мм, диаметрі – 0,4 мм.

  2. тері астына салатын иненің ұзындығы – 20 мм, диаметрі – 0,4 – 0,6 мм

  3. бұлшық етке салатын иненің ұзындығы – 60 – 80 мм, диаметрі-0,8 – 1 мм

  4. көк тамырға салатын иненің ұзындығы – 40-60 мм, диаметрі-0,8-1 мм

14.3.Дәріні ампуладан сорып алудың мейіркештік технологиясы.

  • Бір рет қолданатын шприцті дайындап алыңыз, оны орамынан поршені бар жағынан ашыңыз;

  • Спирт 70 %, дәріні,шприцті, инені, стерилденген мақта шариктерді, егеуішті дайындаңыз;

  • Қолды жуып құрғатыңыз, стерилденген резеңке қолғапты киініз;

  • Ампуланы алып, ақ халаттың қасына әкеліп, атын, мерзімін, түсін анықтаңыз;

  • Ампуланы стерилденген мақта шаригімен өндеп, егеуішпен егеңіз;

  • Екінші стерилденген мақта шаригімен төменнен жоғары сүртіп ампуланы ашыңыз;

  • Ампуланы сол жақ қолдың 2 – 3 саусақтың арасында ұстап, оң қолға шприцті инесімен алып, инені ампуланың ішіне абайлап салып дәріні сорып алыңыз;

  • Иненің қақпақшасын жауып ауасын шығарыңыз;

  • Егер палатада жатқан пациентке апаратын болсаңыз, стерилденген лотоққа: стерилденген мақта шариктерін, спирт, дәрісі бар шприцті салып, стерилденген дәкемен жауып апарасыз.