Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

13.12.Майды теріге жағу

Майды жағуға болады: жұқа түрінде, тану арқылы, уқалау арқылы. Осы тәсілдерді дәрігер тағайындайды.

Майды уқалау арқылы енгізудің мейіркештік технологиясы.

  • дәрінің атын оқыңыз;

  • пациентке хабарлап келісім алыңыз;

  • пациентті ыңғайлап отырғызыңыз;

  • майды жағатын жерді көріп алыңыз;

  • қолды жуып резеңке қолғапты киіңіз;

  • аппликаторға керекті мөлшерде майды алып жағыңыз;

  • май ерігенше айналдыра жағыңыз;

  • пациентті жылылаңыз;

  • қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз,

13.13.Майды жұқа түрде енгізудің мейіркештік технологиясы.

  • дәрінің атын оқыңыз;

  • пациентке хабарлап келісім алыңыз;

  • пациентті ыңғайлап отырғызыңыз;

  • майды жағатын жерді көріп алыңыз;

  • қолды жуып резеңке қолғапты киіңіз;

  • шынылы күрекше немесе шпательмен тубиктан керекті мөлшердегі майды алыңыз;

  • майды жұқалап теріге жағыңыз,

  • пациент 10 – 15 минут майды жаққан жерін ашық ұстайды;

  • пациенттің жағдайын сұраңыз;

  • резенке қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

13.14.Майды тану арқылы қолданудың мейіркештік технологиясы.

Керекті заттарды әзірлеңіз: стерильденген дәкелер, мақта, бинт, қайшы, шпатель, май.

  • Майдың атын оқыңыз;

  • Пациентке хабарлап келісім алыңыз;

  • Қолды жуып резеңке қолғап киіңіз;

  • Стерильденген дәкеге шпательмен керектің майдың мөлшерін алыңыз;

  • Майлы дәкені салатын жеріне салып, оның үстің мақтамен және бинтпен ораңыз;

  • Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз;

14.Дәрілерді парентералдық жолмен енгізу.

Процедура бөлімшесі барлық емдеу мекемелерде болады. Процедура бөлімшесінде әр түрлі диагностикалық және емдеу манипуляцияларды орындайды: тері астына, тері ішіне, бұлшық етке, көк тамырға ине салу, система жинау, қанның тобын тексеру, т.б. Процедура кабинеті екі зонаға бөлінеді:таза және болжамды таза. Таза зонада залалсыздандырылған қурал-жабдықтар, қурғақ-ыстық шкаф, тоназытқыштық, дәрілер түратын шкаф болады. Бұл жерге пациенттерге тұруға болмайды. Болжамды таза зонада қалған қурал-жабдықтар болады.

14.1.Процедура бөлімшесіндегі мейіркештің стандарты.

  1. Сыртқы келбеті.

  2. Мейіркештің әріптестерімен, ата – аналарымен, балаларымен этика және деонтологиясы.

  3. Мейіркештің функционалдық міндеті.

  4. Асептика, антисептика ережесін сақтау.

  5. Дәрілерді топтар бойынша жазып алу, сақтау.

  6. “А”- тізіміндегі дәрілердің тәуліктік және бір рет қолданылатын дозалары.

  7. Құжаттарды жүргізу.

  8. ОЗБ материалдарды дайындау, мерзімін сақтау.

  9. Алғашқы қызмет көрсететін дәрілер жинағын дайындау (анафилактикалық шок) т.б.

  10. Сан.эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыру.

  11. Анти – Спид (орауы).

  12. Процедура бөлімшесін жабдықтандыру.

  13. Биохимиялық, серологиялық және т.б. зерттеуге ескерту жасау.

  14. Тері астына, тері ішіне, бұлшық етке, көк тамырға ине салу, система жинау, қанның тобын тексеру, резус – факторды анықтау.

  15. Стериалдық және жұлынды – милық пункция жасау.

  16. Бұғана астына салатын катетерді күту.

  17. Бұйрықтар.

  18. Дәрілермен жұмыс істеу туралы ескерту.

  19. Манипуляция жасау туралы ескерту.

  20. Өз мамандығын жоғарлату.