Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

13.7.Мұрынға тамшы тамызу бір ізділігі:

Мұрынға /ертінділерді, ұнтақтарды, майларды, эмульсияларды қолданады. Дәрілер мұрынның кілегейлі қабатынан жергілікті тез сіңеді рефлекторлық тітіркендіргіштің әсер етуі ұнтақты мұрынның бір бөлігін қысып, екінші бөлігіне ауа жібергендей сіңіру керек. Талып қалғанда мүсәтір спиртін қолданады. Мұрынға мүсәтір спирті малынған мақтаны иіскетеді.

  • Дәрінің атын оқыңыз;

  • Пипетканы дайындаңыз;

  • Пациентке хабарлап, түсіндіріп келісім алыңыз;

  • Қолыңызды жуыныз;

  • Пациентті отырғызып, мұрынның қуысын патологиялық секретінен босатыңыз:

  • Пипеткаға дәріні сорып алыңыз;

  • Пациентке басын шалқайтуға, мұрынның қандай бөлігіне дәріні жіберетінің түсіндіріп, сол жаққа қисайтуын сұраймыз;

  • Мұрынның ұшын көтерініз;

  • 3–4 тамшыны мұрынның ішіндегі сыртықы шырышты қабатына тамызыңыз;

  • пациентке мұрынның шеміршегін басып тұруын сұраймыз (екінші жағынан осы процедураны қайталаңыз);

  • пациенттің қал – жағдайын сұраңыз;

  • пипетканы дез ертіндісіне салыңыз;

  • қолыңызды жуыңыз;

13.8.Мұрынға май жіберудің мейіркештік технологиясы.

  • Дәрінің атын оқыңыз;

  • Қолыңызды жуыңыз;

  • Пациентке түсіндіріп келісім алыңыз;

  • Мақталы турундаларды жасаңыз;

  • Пациенттің басын шалқайтыңыз;

  • Мақталы турундаларға 0,5 – 0,7 см майды салыңыз;

  • Турундаңы мұрынның қуысына салыңыз;

  • Турунданы алып дезинфекциялық ертіндіге салыңыз;

13.9.Құлаққа дәріні жіберудің мейіркештік технологиясы.

  • дәрінің атың оқыңыз;

  • флакондағы дәріні дене температурасына дейін жылытыңыз;

  • пипетканы дайындаңыз;

  • пациентке хабарлап, түсіндіріп, келісім алыңыз;

  • пациенті қырынан жатқызып, басын енкейтіңіз;

  • пипеткамен 5 – 6 тамшы дәріні сорып алыңыз;

  • құлақтың шеміршегін артқа жоғары көтеріңіз;

  • тамшыны құлағына жіберіңіз;

  • пациенттің қырынан 10 – 15 минут жатуын сұрайсыз;

  • пациенттің жағдайын біліңіз;

  • қолыңызды жуыңыз;

13.10.Дәріні көзге тамызудың мейіркештік технологиясы.

  • қолыңызды жуыңыз;

  • пипетканы, стерилденген мақта шариктерді, көз тамшыларын дайындаңыз;

  • пациентке түсіндіріп, келісім алыңыз;

  • пациентті отырғызып басын шалқайтып немесе жатқызыңыз;

  • оң жақ қолмен дәрісі бар пипетканы ұстап сол жақ қолымен мақта шаригін алып, төменгі кірпігін төмен тартыңыз;

  • төменгі кірпіктің шырышты қабатына 1 – 2 тамшы жіберіңіз;

  • пациенттің көзін жабуға сұраймыз;

  • сыртта қалып қойған дәріні мақта шаригімен сүртіп алыңыз;

  • пациенттің жағдайын біліңіз;

  • қолды жуып құрғатыңыз;

13.11.Ұнтақты қолданудың мейіркештік технологиясы.

  • дәрінің атына назар аударыныз;

  • пациентке хабарлап, келісім алыңыз;

  • процедура жасар алдында пациентті басқа пациенттерден перде арқылы бөліңіз,

  • қолды жуып резеңке қолғапты киіңіз;

  • ұнтақты салатын жерін марлі дәкемен құрғатыңыз;

  • ұнтақты біркелкі терінің сыртына салыңыз;

  • резенке қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз;

  • пердені алып тастаңыз.