Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

13.1Дәрілерді енгізу жолдары

Дәрілерді ағзаға енгізу үшін үш тәсілге бөледі:

  1. Сыртқы жолмен:

    • тері арқылы

    • шырышты қабаттар арқылы

    • тыныс алу жолдары арқылы

  2. Энтералдық жолмен:

  • ауыз арқылы

  • тіл астына

  • тік шекке

  1. Парентералдық жолмен:

  • тіндерге

  • қуыстарға (плевра қуысына, буындарға т.б.)

  • тамырларға

Сыртқы

Парентеральды

Энтеральды

Теріге

Тыныс алу арқылы

Тіл астына

Тік ішекке

Шырышты қабыққа

Қынапқа

Ауыз арқылы

Т/і

Т/а

Б/е

К/т

А/т

Қуысқа

Жұлынға

Жүрек ішіне

Дәрілерді сыртқы жолмен енгізу.

Сыртқы жолмен майларды, эмульсияларды, ертінділерді тұнбаларды, микстураларды ұнтақтарды қолданады. Оларды компресс, примочка, жағу, сүрту, себу, жараға орам салумен, тамшы, ингаляция арқылы енгізеді.

Дәрілерді энтералдық жолмен таблетка, пелюля, ұнтақ, капсула, драже, тұнба, қайнатпа арқылы жіберілуі кең түрде қолданылады. Осы тәсілдің кемістіктері:

  • дәрілер жартылай бауырға сіңеді;

  • дәрілердің әсері пациенттің жасына, жекелік сезімталдығына, ағзаның патологиялық процесстеріне тәуелді;

  • асқорыту органдарына баяу сіңуі;

  • сана сезімнің жоқтығында, құсық кезінде, ауызға дәріні беруге мүмкіншілігі жоқ. Мысалы: - стрептомицин, асқазан кілегейлі қабатына сіңбейді

  • Инсулин, окситоцин асқазанды, ішекті зақымдандырады;

  • Гормондар /бауырды зақымдайтын әсері бар, асқазанға қатты

тітіркендіргіш жағдай көрсетеді/;

  • Дәрілер асқазанның кілегейлі қабатына жағымсыз әсер етпеу үшін, оның сыртқы қабаттарын пленкамен жабады. Кейбір дәрілер біртіндеп сіңу үшін және жағымсыз әсер етпеу үшін көп қабатты болады .

13.2.Дәрілерді ауыз арқылы енгізу.

Пациент дәрінің атын және дозасын міндетті түрде білуі тиіс.

Дәрілерді тарату ережелері:

  • Дәрінің этикеткасына назар аударып оқыныз;

  • Дәрілерді тек қана нұсқау қағазы бойынша таратыңыз;

  • Дәріні немен ішетінің пациентке хабарлаңыз;

  • Дәріні пациентке сіздің көзінізше ішкізініз;

  • Тамақтың алдында 15 минут бұрын ішуін немесе артынан 15 минуттан

кейін ішуін алдын – ала ескертіңіз;

  • Кейбір дәрілерді ашқарынға (гельминттарға қарсы дәрілерді), ұйықтататын дәрілерді 30 минут ұйықтар алдында ішетінің ескерту;

  • Нитроглицерин, валидол таблеткалары пациенттің тумбочкасында болу тиіс;

  • Сұйық дәрілерді берер алдында шайқау керек;

  • Пациентке дәрінің әсерін, ерекшелігін, асқынуын ескертіңіз;

Таблеткаларды, драже, капсулаларды, пилюлаларды тіліне салып сумен немесе кейбір жағдайда сүтпен, кисельмен ішкізу керек. Егер пациент таблетканы тұтас іше алмаса, онда өзі шайнап ішуіне болады (темірі бар таблеткаларда басқа). Драже, капсулаларды, пилюлаларды тұтасымен ішеді. Қарт, егде жастағы пациенттерге күнделікті арнайлы үш секцияға бөлінген (таңертен, күндіз, кешке деген жазуы бар) контейнер қолдануға болады. Ұнтақты пациент сумен езіп ішеді. Тұңбаларды, қайнатпаларды, микстураларды арнайлы 15 мл қасықпен ішеді. Спирттық тұңбаларды, экстрактарды тамшы арқылы қолданады.