Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пациентерге жалпы күтім Байболина А.Т..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.04 Mб
Скачать

12.1.Тамыр соғысы және оның мінездемесі

Тамыр соғысы артериялық, капиллярлы,

веноздық болады.Артериялық тамыр соғысы

– ол артерия қабырғасының ырғағымен соғуы,

қанның жүрек жиырылған кезіндегі артерия

жүйесіне лақтырылуы.

Тамыр соғысы орталық (орта ұйқы артериясында)

және перифериялық (шеткерлік)

түрлеріне бөлінеді. Диагностикалық

мақсатпен тамыр соғысын иықтық, самайлық,

шаптық, тізелік артериялардан анықтайды.

Көбінесе тамыр соғысын сәуле артериясында

өлшейді.

Тамыр соғысын зерттегенде, оның жиілігін,

ырғақтығын, толуын, толықсуын

анықтау маңызды. Тамыр соғысының мінездігі

артерия қабырғасының икемділігімен байланысты.

Жиілігі - тамыр соғысының минуттаѓы

толқын көлемі. Норма бойынша сау адамның тамыр соғысы минутына 60-80 рет.

Тамыр соғысының жиі соғуы, минутына 85-90 рет болса, оны тахикардия деп атайды. Тамыр соғысы сирек (60- тан төмен) болса, оны брадикардия дейді. Егер дене қызуы бір градусқа көтерілсе, онда тамыр соғысы минутына 8-10 ретке дейін көбейеді.

Ырғақтығы тамыр соғу толқынының аралығында анықталады. Егер аралығы біркелкі болса, оны ырғақты ( дұрыс) тамыр соғысы дейді. Егер аралығы әртүрлі болса, оны ырғақсыз ( дұрыс емес) деп атайды. Сау адамның жүрек соғуы және тамыр соғысы біркелкі болады. Егер жүректің соғуымен тамыр соғуының аралығында айырмашылық болса, онда тамыр соғысының кемшілігі деп атайды (мерцательная аритмия).

Тамыр соғысының толуы тамырдың толқын биіктігінен, жүректің систоликалық көлемімен байланысты. Егер биіктігі көбейсе немесе біркелкі болса, оны нормалық тамыр соғысы дейді (толық).

Толықсуы - қан қысымына байланысты. Егер қан қысымы норма болған кезінде тамыр соғысын біркелкі күшпен басады, оны күштенген тамыр соғысы деп атайды. Тамыр соғысы жұмсақ болуы бостығы жіп тәріздес деп атайды.

Тамыр соғысының мәліметтері екі әдіспен тіркеледі:

сандық (медициналыќ құжаттарға);

графикалық (температура қағазында).

Сәуле артериясында тамыр соғысын анықтау, оның қасиеттеріне мінездеме беру

Мақсаты: Тамыр соғысының негізгі қасиеттерін анықтау- жиілігін, ырғақтығын, толуын, толықсуын.

Көрсеткіші: организмнің функционалдық жағдайын бағалау.

Жабдықтар: сағат немесе секундомер, температура қағазы, қалам.

  1. Пациентпен сенімділік қарым- қатынас жасаңыз;.

  2. Процедураныњ жүрісін, мақсатын түсіндіріңіз;

  3. Келісім алыңыз;

  4. Керекті жабдықтарды дайындаңыз;

  5. Қолды жуып, құрғатыңыз;

  6. Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз;

  7. 2-,3-,4- саусақпен пациенттің қолының сәуле артериясына салып, артерия қабырғасының қозғалуын анықтаңыз;

  8. 60 сек ішінде тамыр соғуын өлшеңіз;

  9. Тамыр соғу аралығын бағалаңыз;

  10. Тамыр толуына баға беріңіз;

  11. Температура қағазына тамыр соғысының қасиеттерін тіркеңіз, (графикалық) және қадағалау қағазына тіркеңіз (сандық тәсіл бойынша).

  12. Пациентке тексеру қорытындысын хабарлаңыз;

  13. Қолды жуып құрғатыңыз.

12.2.Қан қысымын өлшеудің мейіркештік технологиясы

Артериялдық деп - аѓзадаѓы артерия жүйесінде, жүрек жиырылған кезде пайда болып жєне нервтің гуморальдық күрделі реттелуден, жүректің ќанды айдау жылдамдығынан жєне шамасынан, ќан тонусыныњ жиілігінен жєне ырғақтылығынан тєуелді болатын ќан ќысымын айтады.

Ќан ќысымы систолдық жєне диастолдық болып екіге бөлінеді.

Систолдық деп - жүрек қарыншаның жиырылуына байланысты ќан ќысымын атайды.

Диастолдық деп - қарыншаның босауына байланысты ќан ќысымын атайды.

Пульстық қан қысым деп систолдық жєне диастолдық ќан қысымдарыныњ арасындаѓы айырмашылыќты атайды.

Қан қысымын танометр жабдыѓымен өлшейді. Танометрлердің бірнеше түрлері болады: сандық, сынаптық, сфигмоманометрлік.

Электрондық (дауыссыз) танометрмен қан қысымын өлшегенде мынандай факторларды есепке алу керек: манжетканың размерін, фонендоскоп, мембрананы т.б. Норма бойынша қан қысымы адамның жасымен, сыртқы факторлардан, нервтік, физикалық күштен байланысты болады.

Ересек адамдардың:

систоликалық қан қысымы 120/129 мм. с.б.б., диастоликалық 80/84 мм с.б.б., пульстік қан қысымы норма бойынша 40-45 мм с.б.б. болады. Әртүрлі жағдайда қан қысымының қалыпты көрсеткіштері өзгереді, оны артериялдық гипертензия немесе гипертония деп атайды. Қан қысымы төмендесе артериялдық гипотензия немесе гипотония деп атайды.

Мақсаты: қан қысымының көрсеткіштерін анықтау және баға беру.

  1. Пациентпен сенімділік қарым - қатынас жасаңыз;

  2. Мақсатын, мағынасын түсіндіріп, пациенттіњ келісімін алыңыз;

  3. Керекті жабдықтарды дайындаңыз;

  4. Қолды жуып, құрғатыңыз;

  5. Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз немесе отырғызыңыз;

  6. Қолын дұрыстап салып, астына жастықша салыңыз;

  7. Манжетканы иығына салып, трубкаларын төмен қаратыңыз;

  8. Манометрді манжеткамен жалѓаңыз;

  9. Манометрдің көрсеткіші «0»- де болуы керек.

  10. Фонендоскопты білек шұңқырына салып, грушаның бұрандысын жауып ауа жіберіңіз;

  11. Бұранданы ашып, жайлап ауаны шығарыңыз;. Тамыр соғуының жоғарғы және төменгі көрсеткішін анықтаңыз;

  12. Толығымен барлық ауаны шығарыңыз;

  13. Процедураны 5 минуттан кейін қайталаңыз;

  14. Манжетканы шешіңіз;

  15. Манометрді қапшыққа салыңыз;

  16. Фонендоскопты екі рет 70% спиртпен сүртіңіз;

  17. Систолдық пен диастолдық қан қысымын керекті құжатқа тіркеңіз;

  18. Қолды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

  • Қан қысымын өлшер алдында кофе және қою шай ішуге болмайды.

  • Қан қысымын өлшер алдында 30 минут бұрын шылым шегуге болмайды.

  • Дәрілерді, мұрынға, көзге тамшыларды қолдануға болмайды.

  • Қан қысымын 5 минут пациент демі алғаннан кейін өлшейді.

  • Қан қысымын 3 рет аралығы 1 минуттан өлшеп ортаңғы саның алады.

  • Қан қысымын өлшегенде манжетканың тығыздығы 1 саусақ сиятың болады және шынтақ шұңқырынан 1 см жоғары болу керек.

  • Манжетка жүрек тұсына дәл келтіреді.

  • Егер пациент бірінші рет қан қысымын тексертіп отырса, онда екі қолынан өлшеп қай қолда қысымы жоғары болса, сол қолдан өлшеп отырады.

  • 65 жастан асқан қан диабеті бар пациенттердің қан қысымын тұрған кезде өлшейді.